ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША СОТТАР ӘКІМШІСІНІҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Билік Құқық
1 522 Views

Шымкент қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Ербол Жанғазин Шымкент қаласы бойынша Соттар әкімшісінің жаңа басшысы Нұрсұлтан Байтілесовті сот ұжымына таныстырды. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) басшысы Н.Шәріповтың 2018 жылғы 19 қарашадағы Өкімімен Шымкент қаласы бойынша Соттар әкімшісінің басшысы болып Нұрсұлтан Төленұлы Байтілесов тағайындалды. Е.Жанғазин Нұрсұлтан Байтілесовтың сот жүйесіндегі тоғыз жылдық еңбек өтіліне тоқталып, оның еңбекқорлығы, кәсіби біліктілігі мен іскерлігін атап өтті. «Нұрсұлтан Төленұлы өзінің сот саласындағы басшылық қызметтегі тәжірибесін пайдаланып, «Сот төрелігінің жеті түйіні» бағдарламасының шеңберінде Шымкент қалалық соттарын дамытуға өзінің үлесін қосатынына сенімдімін», – деді ол. Сонымен қатар жиын барысында Шымкент қалалық сотының судьясы Нұрлан Биболов, ардагер-судья Ақылбек Елшібаев, Қаратау аудандық сотының төрағасы Ермахан Рахманберді және Шымкент қаласы бойынша Соттар әкімшісінің ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Қабыл Дүйсенби сөз сөйледі.

Нұрсұлтан Төленұлы Байтілесов 1991 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. 2009 жылы Астана қаласындағы ҚазГЗУ-дің колледжін құқықтану, 2012 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін заңтану мамандықтары бойынша бітірген. 2016 жылы Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетінде заңтану мамандығы бойынша тереңдетілген білім алып, заң ғылымының магистрі дәрежесі берілген.

Сот саласындағы еңбек өтілі тоғыз жыл. Соттар әкімшісінің ең жас басшысы. Еңбек жолын 2009 жылы Астана қаласының Алматы аудандық сотының жетекші маманы болып бастаған. 2010-2011 жылдары осы аудандық соттың бас маман-сот мәжілісінің хатшысы, 2012-2015 жылдары Атырау облыстық соты кеңсесінің кадр бөлімінің сот приставы, ұйымдастыру және талдау бөлімінің бас маманы, Атырау облыстық соты кеңсесі басшысының орынбасары, 2015-2016 жылдары Павлодар облыстық соты кеңсесі басшысының орынбасары болды. 2016 жылы ҚР Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің бас консультанты, 2016-2018 жылдары ҚР Әскери Соты әкімшісінің басшысы, ал ағымдағы жылғы 19 қарашаға дейін ҚР Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің Халықаралық байланыстар және хаттама бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарған.

Шымкент қалалық сотының баспасөз қызметі.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *