ЖЕР МЕМЛЕКЕТКЕ ҚАЙТАРЫЛУДА

Билік Қоғам
923 Views

Елбасының Түркістанды жаңа облыс орталығы ретінде дамытып, көркейту жөніндегі тапсырмасына орай бұл қалада бүгінде қыруар жұмыстар атқарылуда. Қыс мезгілі болғанына қарамастан құрылыс жұмыстары кең қанат жайған. Қала әкімі Әліпбек Өсербаевтың белсенді басқаруымен әлеуметтік-тұрмыстық нысандарды салу қызу қарқын алуда. Әрине, бұл жұмыстарда қала әкімдігіне қарасты басқармалар мен бөлімдердің қызметкерлерімен қоса қарапайым жұртшылық та ұйымшылдық танытып келеді.

Түркістан қаласының облыстың орталығы болуына байланысты қалаға түсетін жаңа құрылыс нысандарына қажетті жерлерді қайтару бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Қала аумағында жаңа Бас жоспарға сәйкес көптеген құрылыс нысандарын салу жоспарлануда. Осыған орай ситуациялық сызбадағы 98 гектар жерді құрайтын екінші аймақ аталатын «Рухани-мәдени орталық» аймағына қажетті жерді дайындау мақсатында мемлекеттің мұқтажы үшін 167 нысанды (13 кәсіпкерлік, 154 тұрғын үй) қала әкімінің 2018 жылғы 16 қазандағы №1370 және 27 қарашадағы №1604 ««Мемлекеттің мұқтажы үшін жер телімдерін немесе өзге де жылжымайтын мүліктерді мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы қаулыларына» сәйкес жер телімдерін қайтару жұмыстары жүргізілуде. Аталған қаулы басылым бетінде жарияланып («Түркістан», «Туркистон» газетінің 2018 жылғы 19 қазан күнгі №42 санында), заңға сәйкес тұрғын үй иелеріне ескерту қағаздары таратылған.

Аталған 167 нысанға акт толтырылып, суретке түсірілген. Соның ішінде 163 нысанның құжаттары толық жинақталып, бағалау жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңға 159 үйдің бағалау жұмыстары толық аяқталған. Оның ішінде 81 үйдің меншік иелерінен келісім алынған. Осы нысандардың бүгінде 4-еуі бұзылып, үшеуінде бұзу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар «Әкімшілік-іскерлік орталық» деп аталатын үшінші аймақ тағы бар.

Қазіргі таңда заңға сәйкес мемлекеттің мұқтажы үшін жер телімдерін қайтару жұмыстарына және бағалау жұмыстарына келіспеген тұрғындармен бірнеше рет түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар келіспеген тұрғындармен арнайы өтініштері бойынша жұмыс жасау үшін қала әкімінің 2018 жылғы 14 желтоқсандағы №780 өкімімен 29 адамнан құралған комиссия жұмыс жасауда.

Түркістан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *