ҮШ МЫҢНАН АСА ЖАС ЖҰМЫСҚА ТАРТЫЛАДЫ

Билік Жастар
845 Views

Елбасы Н.Назарбаев 2019 жылды Жастар жылы деп жариялап, жастарға қолдау білдіруді және отбасы институтын күшейтуді тапсырған болатын. Президент жастарды Түркістан қаласының құрылысына тартуды арнайы атады. Бүгінгі таңда «Түркістан жастарының құрылыс жасағы» ұйымы құрылып, 3000-нан астам азаматтың тізімі жасақталды. Ақпанның ішінде мердігер құрылыс компанияларымен меморандумға отырып, наурыздан бастап жастар құрылыс жұмыстарына жіберіледі. Тұрақты жалақы көлемі 70000– 100000 теңге арасында болмақ. Бұған қоса «Жасыл ел» бағдарламасы арқылы 1300-дей жас жұмыспен қамтылады. Бұл туралы өңір басшысы Ж.Қ.Түймебаев халық алдындағы кезекті жылдық есеп беру жиынында мәлімдеді.

«Облыста жастардың саны 500 мыңнан астам немесе жалпы халық санының 25 пайызы. Түркістан облысында биыл «Жастарды тұрғын үймен қамту» жобасы аясында 260 жасты баспанамен қамту көзделуде. Өңірде жастармен тікелей жұмыс жүргізетін «Жастар ресурстық орталықтарының» жүйесі қалыптасқан. Орталықта «Бір терезе» қағидасы бойынша сегіз бағытта «Жастарға қызмет көрсету секторы» жұмыс атқаруда. Жастарға психологиялық кеңес беру мақсатында №13-03 Саll-орталығы жұмыс атқарады. «Жас кәсіпкер» жобасы аясында 2 млн. теңге көлемінде кепілсіз «ОҢТҮСТІК» аймақтық инвестициялық орталығы арқылы 8 жоба қаржыландырылды. Биылдан бастап жас кәсіпкер кепілсіз 2 млн. теңгеге дейінгі жеңілдетілген несиені жылдық төрт пайызбен алатын болады. Ал, ауылшаруашылығын қолдау қоры арқылы ауыл-аймақтағы 200-ден астам жас кәсіпкерге төмен (6%) 1,5 млрд. теңге несие беру көзделуде», – деді Жансейіт Қансейітұлы.

1200 жұмыссыз азамат Кәсіпкерлік негіздері курстарынан өтіп, олардың кемінде 80 пайызына төмендетілген пайызбен несие берілетін болады. «Серпін – 2050» жобасы бойынша облысымыздан өткен жылы 1589 жас, сондай-ақ, биыл қосымша 137 жас грантқа ие болды. Бұдан өзге «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы аясында 5500-ге жуық жасқа қолдау білдіру үшін 2 млрд. теңге бөлінеді.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *