САЛЫҚ ТӨЛЕУШІЛЕР НАЗАРЫНА!

Қоғам Құқық
1 051 Views

Алкоголь өнімдерінің айналымы бойынша

ЕСКЕРТУ-ХАБАРЛАМА

Құрметті салық төлеушілер! Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жүргізіп жатқан салиқалы саясатының арқасында шағын және орта кәсіпкерлікке өте үлкен қолдау көрсетіліп, мемлекет тарапынан кәсіпкерлікті қаржыландыру түрінде зор демеулер жасалуда.

Бүгінде билік пен мемлекет тарапынан шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мақсатында, кәсіпкерлерге шектеулер мен кедергі келтіретін заңдарға өзгерістер енгізіліп, жеңілдіктер жасалуда. Атап айтқанда, құжат айналымын азайтып, уақыт үнемдеу үшін кәсіпкерлерге бір терезе қағидасы арқылы қызмет көрсету, аз пайызды несиелер беру, қызметті электронды түрде (online) көрсету, мемлекеттік органдармен жүргізілетін тексерулерді барынша азайту және тағы сол сияқты қолдау саясаты жүзеге асырылуда.

Елбасының қолдауымен мемлекет тарапынан біршама жеңілдіктер жасалғанның өзінде, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерімен жасалатын заң бұзушылықтар азаймаған. Бұл құқық бұзушылықтардың бүгінгі күнге жиі тараған түрлерінің бірі – «Акцизделетін тауарлардың айналымы барысында жасалатын заң бұзушылықтар». Соның ішінде, белең алғаны алкоголь өнімдерін тиісті лицензиясыз сақтау және өткізу.

Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі №429 «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Заңы (әрі қарай – заң) 9 бабының 3 тармағында алкоголь өнімін тиісті лицензиясы болмаса сақтауға және өткізуге тыйым салынады.

Сондай-ақ, лицензияның қолданысы тоқтатыла тұрған кезеңде, лицензияларды пайдаланғаны үшін төлемақы төленбесе, есепке алу-бақылау маркаларын сәйкестендіру аспаптары болмаса, сақтауға және өткізуге тыйым салынады.

Сонымен қатар, алкоголь өнімін 21 жасқа дейінгі адамдарға, белгіленген бөлшек сауда бағаларынан төмен бағамен, сағат 21.00-ден келесі күнгі 12.00-ге дейін сатуға, Ілеспе жүк құжаттары жоқ, алкоголь өнімінің айналымына және олардың орнын өзгертуге тыйым салынады. Аталған Заңның талаптарын сақтамау түрінде жасалған бұзушылық үшін – құқық бұзушылықтың тiкелей нысанасы болып табылған акцизделетiн тауарлар тәркiлене отырып, кәсіпкерлік субъектісінің санатына сәйкес елуден бастап, алты жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Құрметті салық төлеушілер! Сіздер, еліміздің дамуы мен өркендеуіне өздеріңіздің зор үлес қосатындарыңызды естеріңізге саламыз. Кәсіпкерлікті заң талаптарын сақтай отырып, таза абыроймен, ар-ожданмен, ұқыптылықпен жүзеге асыратын болсаңыздар, мемлекет тарапынан қолдау көп.

Бірақ, Сіз, өз қызметіңізді қолданыстағы заң талаптарының өрескел бұзылуына жол беріп, іске асыратын болсаңыз, сыбайлас жемқорлық деректерін тудырып, қылмыстық құқық бұзушылыққа жол беруіңіз мүмкін. Ал, Қазақстан Республикасында жүргізіліп жатқан саясат, қолданыстағы заңдар және заңнамалық актілер, сыбайлас жемқорлықты түп-тамырымен жойып, қатаң жолын кесуге бағытталған. Осыған орай Түркістан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті кәсіпкерлерлік субъектілерін жоғарыда аталған заң талаптарын сақтап, оңтайлы және дұрыс салық менталитетін қалыптастыруға шақырады.

М. ЕГІЗБАЕВ,

Түркістан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті акциздерді жекешелендіру бөлімінің басшысы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *