Қазақстанда темекі өнімдерін таңбалау және қадағалаубойынша ҚАНАТҚАҚТЫ ЖОБА ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Қоғам
944 Views

2018 жылдың 1 қазанынан бастап темекі өнімдерін таңбалау және қадағалау бойынша жоба (бұдан әрі – жоба) іске қосылды. Жаңалық енгізудің мақсаты – қаптамаға цифрлық сәйкестендіру кодын енгізу арқылы өндірушіден және импорттаушылардан бас-тап соңғы тұтынушыға дейін тауарларды қадағалануын іске асыру болып табылады. Жобаны енгізу арқасында өндірушілерді жосық-сыз бәсекелестіктен қорғауды, сонымен бірге тұтынушыларды заңсыз өнімдерді сатып алудан қорғалуын қамтамасыз етеді.

«Темекі өнімдерін таңбалау және қадағалау бойынша қанатқақты жобаның кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 28 қыркүйектегі №852 бұйрығына сәйкес жобаны жүргізу үшін әдістемелік ұсынымдары және мерзімдері бекітілді. Сонымен бірге «ТҚБ АЖ – темекі өнімдерін таңбалау және қадағалау ақпараттық жүйесі» құрастырылды.

ЖОБА ҚАТЫСУШЫЛАРЫ:

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі – ҚР ҚМ МКК) – темекі өнімдерін таңбалау және қадағалауды жүргізу бойынша уәкілетті орган;

темекі өнімдерін қолданатын субъектілер – темекі өнімдерін өндірушілер, бөлшек және көтерме сауда ұйымдастырушылары, қанатқақты жобада ерікті түрде қатысуға ынталы импорттаушылар;

«Қазақтелеком» Акционерлік қоғамы — «ТҚБ АЖ – темекі өнімдерін таңбалау және қадағалау ақпараттық жүйесі» әзірлеуші және әкімшісі.

ЖОБАНЫ ІСКЕ АСЫРУ МЕРЗІМІ:

— 2018 жылғы 1 қазаннан 2019 жылғы 31 наурызға дейін – темекі өнімдерін өндірушілер үшін;

— 2019 жылғы 10 ақпаннан 2019 жылғы 30 сәуірге дейін – темекі өнімдерін импорттаушылар үшін.

Темекі өнімдерін таңбалау туралы барлық ақпараттар ҚР ҚМ МКК-нің http://kgd.gov.kz/ және ҚР «Атамекен» ҰКП-ның http://atameken.kz/ сайттарында орналасқан.

Темекі өнімдерін таңбалау және қадағалау жобасына ерікті түрде қатысуға ынталы тұлғалар ҚР ҚМ МКК-нің темекі өнімдерін таңбалау бойынша жауапты қызметкерлердің +7 (7172) 71-79-33 телефонына және «Қазақтелеком» акционерлік қоғамның 8-701-527-20-53 телефонына хабарласуына болады.

Түркістан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *