СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ БАҒЫТЫНТАҒЫ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ

Қоғам Құқық
1 189 Views

Түркістан облысы бойынша МКД-нің ұйымдастыруымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, болдырмау бағытында профилактикалық іс-шаралар және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің нормаларын сақтау тақырыбында Түркістан қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлерімен семинар-кездесу өтті. Оған Түркістан облысы бойынша МКД Түсіндіру жұмыс басқармасының басшысы Ә. Лесов, Адам ресурстары басқармасының Қызметтік тергеу бөлімінің бөлім басшысы, Әдеп жөніндегі уәкілі Н.Айтымбетов және ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының бас маманы Г.Төлегенқызы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының Түркістан облысы бойынша Департаментінің Штаб басқармасының басшысы Ж.Аитов қатысты.

Семинарды ашқан Ә.Лесов Департаментте атқарылған жұмыстарға тоқталып өтті.Стратегиялық жоспарды іске асыру аясында Департаментте «Сыбайлас жемқорлыққақарсы әрекеттер бойынша іс-шаралар жүргізілгенін атап өтті. Өз кезегінде департаменттесыбайлас жемқорлықпен күрес, алдын алу, профилактикалық жұмыстары жүргізу бағытындаөз құзыреті шегінде тиісті шараларды жүзеге асырылуда. Департамент тарапынансыбайлас жемқорлықтың алдын алу және болдырмау, сондай-ақ онымен күресудіқамтамасыз ету жөнінде тұрақты түрде жиналыстар мен кездесулер өткізіліп, бұлмәселе барлық аппараттық жиналыстарында да тыс қалмайтынын жеткізді.

Бұдан кейін Әдеп жөніндегі уәкілеті Н.Айтымбетов Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп нормаларын сақтау туралы қағидаттарды атап өтіп, мемлекеттік қызметшілерінің этикалық кодексі нормаларына сәйкес келуіне, сондай-ақ мемлекеттік қызметшінің моральдық-этикалық имиджіне қойылатын талаптарды қанағаттандыруға қатысты 2018 жылы өткізілген іс-шаралар қорытындылары айтылды. Сонымен қатар еңбек тәртібін қатаң сақтау, мемлекеттік қызметкерлердің антына адал, еліне қалтқысыз етуге міндетті екенін жеткізді. Семинар соңында көтерілген тақырып бойынша қатысушылар сұрақтар қойып, оған нақты жауаптар берілді.

Түркістан облысы бойынша

Мемлекеттік кірістердепартаменті.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *