«АМАНАТТЫҢ» АЙТАРЫ БАР

Қоғам
1 178 Views

«Аманат» азаматтық алаңы (платформасы) сайлау үдерісіне қоғамдық мониторинг жүргізу мақсатында құрылды. Бұл әділ, ашық сайлауға мүдделі Қазақстан азаматтарының тәуелсіз ерікті бірлестігі. Оған қоғамдық ұйымдардың өкілдері, БАҚ өкілдері, жастар, сарапшылар, азаматтық белсенділер кірді.

Бірінші отырыс 2019 жылы 22 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласында өтті. Осы кездесуде «Аманат» азаматтық тұғырнамасын құру туралы бастама көтеріліп, алдағы сайлауға қоғам қалай мониторинг жүргізе алатындай ұсыныстар жинау жарияланды. Қоғамдық штаб құрылды. Бүгінде мүдделі азаматтар мен сарапшылардың 250-ден астам ұсынысы келіп түсті, неғұрлым өзекті мәселелер іріктеліп алынды және қоғамнан не күтетіні анықталды. Осының негізінде сайлау үшін қажетті жағдайлар жасаудың бес негізгі бағытын қамтитын тұжырымдама әзірленді.

1. САЙЛАУДЫ ӨТКІЗУГЕ ДАЙЫНДЫҚ

Бұл бағыт дайындық кезеңінің қоғамдық мониторингін білдіреді. Ең жақсы дайындық – сайлаудың ашық болуы. Әрбір азаматтың сайлауға қатысуға құқығы болуы тиіс. Мұны қамтамасыз ете аламыз ба? Бұл үшін барлық қажетті жағдайлар уақтылы жасалуы тиіс. Уақыт аз қалды. Жаңартылған тізімдер дайын ба, олар қаншалықты өзекті.

Үміткерлердің тәжірибесі, ресурстары, танымалдылығы мен қолдауы әртүрлі. Оларға теңдей жағдай жасала ма? БАҚ барлығына бірдей алаң бере ме?

2. САЙЛАУШЫЛАРДЫҢ ӨЗ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖАЙЛЫ ХАБАРДАР БОЛУЫ

Сайлаушылардың құқықтық процедуралары, сайлау кезеңдері мен мерзімдері туралы ақпараттандыруды қарастыратын ең маңызды бағыттардың бірі. Олар қандай да бір кандидатты қалай қолдай алады? Оның бағдарламасы туралы ақпаратты қалай табуға болады? Құқықтары бұзылса ол туралы қайда, қалай хабарлауға болады? Онлайн заңгерлік кеңес беру қызметін құру. Алғаш рет дауыс беретін жас сайлаушыларды оқыту.

3. АДАЛДЫҚ

Қазақстанның барлық өңірлерінде, әрбір сайлау учаскесінде тәуелсіз бақылау желісін құру. Бақылаушыларды халықаралық ұйымдардың стандарттары бойынша оқыту. Жедел ақпарат алмасу желісін құру. Бұзушылық фактілеріне ден қою. Бұл үшін Орталық сайлау комиссиясымен, Бас прокуратурамен, сотпен, жергілікті органдармен, сайлау комиссияларымен үміткерлердің штабтарымен ынтымақтастық орнату.

4. АШЫҚТЫҚ

Азаматтар, журналистер, сарапшылар, ғалымдар арасындағы сайлау бойынша барынша ашық және объективті ақпарат пен пікір алмасу. Тәуелсіз диалог платформалары мен пікірталас алаңдарын құру. Түрлі көзқарастарды білдіретін сарапшыларды, қоғамдық пікір көшбасшыларын талқылауға тарту. Соның ішінде онлайн түрін де пайдалануға болады.

5. ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Бұл бағыт құрмет пен сенім қағидаттарында мемлекет пен қоғамның тең ынтымақтастығын қамтамасыз етуі тиіс. Сайлау процесінің ең өзекті мәселелерін анықтау. Азаматтар сайлаудан не күтеді? Сайлаушылар үміткерлерге өз талаптарын, үміттерін және өтініштерін жеткізе алатындай ақпарат алмасу арналарын құру бұл – АМАНАТ! Халықтың аманатына қиянат жасауға болмайды. Азаматтардың пікірлерін барынша есепке алу сайлау нәтижелеріне азаматтардың сенімін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Осы 5 негізгі бағытта алдағы сайлауға мониторинг жүргізу бойынша «АМАНАТ» азаматтық тұғырнамасы қалыптастырылды.

Еліміздің барлық өңірлерінде жедел жұмыс істеу үшін «Аманат» азаматтық платформасының өкілдері анықталды. Барлық бағыттар бойынша халықаралық ұйымдармен, Орталық сайлау комиссиясымен, жергілікті жерлердегі сайлау комиссияларымен, Жоғарғы Сотпен, Жергілікті атқарушы органдармен, Бас прокуратурамен, кандидаттардың сайлау алдындағы штабымен, БАҚ-пен, ғылыми-сараптамалық қоғамдастық және азаматтық сектор өкілдерімен ынтымақтастық құрылады.

Баспасөз қызметі:

Шымкент қаласы – Дастан Баширов,

+7 701 278 8688

e-mail: amanat.shymkent@bk.ru

call center: 8-707-700-51-06

Мекен-жайы: Шымкент қаласы, Адырбеков көшесі №17

«Достық» қонақ үйі, №408 бөлме.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *