ЕЛ ЕРТЕҢІ – БІЛІМДІ ЖАСТАРДЫҢ ҚОЛЫНДА

Білім
1 421 Views

М.Тынышбаев атындағы QazАТК Шымкент көлік колледжі, Түркістан облысы білім басқармасы, «ҚТЖ жүктасымалы» АҚ Шымкент жол бөлімінің ұйымдастыруымен Шымкент көлік колледжінде «Ел ертеңі — білімді жастар» атты жастар форумы болып өтті. Іс-шара Мұхамеджан Тынышбаевтың өмірі мен еңбек жолы көрсетілген деректі фильмнен бастау алды.

«2019 — Жастар жылы» аясында қазақтың тұңғыш инженер-теміржолшысы Мұхамеджан Тынышбаевтың 140 жылдығына арналған жиында сөз алған колледж директоры Абдыжалил Аккузов:

«Әр Қазақстан азаматы реформалардың мәнісін, Отанымызды өркендету жолында олардың маңызды екенін түсінуі керек. Ал мұны жеткізу біздің міндетіміз. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын көпшілік қолдады. Тұңғыш Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың игі бастамасы бойынша жарияланған Жастар жылы саналы да салиқалы көзқарас қалыптастырып, көптеген шаралар қолға алынуда», — деп жиынның негізгі мақсатына тоқталып Елбасымен бірге жастар мен отбасы институтын қолдауды ұсынды.

«Жастардың болашағы жарқын, мақсаты айқын» деген тақырыпта «Техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің басшысы Рахия Асанова сөз жалғады.

Жастарды спортқа баулу, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында жастарға үлгі етіп, пікір алмастыру негізінде елімізге белгілі жерлесіміз, зілтемірші, екі дүркін әлем чемпионатының күміс жүлдегері, жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы Жазира Жаппарқұл және белгілі айтыскер ақын, «Дарын» жастар сыйлығының иегері Біржан Байтуов шараға арнайы қатыстырылды.

Аталған тұлғалардың өмірінен қысқаша бейнефильмдер көрсетіліп, студент жастармен сауалнамалар жүргізілді.

Жастар Жазира Жаппарқұл жайында өз пікірлерін білдіріп, барша қазақстандықтарға қуаныш сыйлап, Рио Олимпиадасында ел қоржынын күміс медальмен толықтырған спортшының біз біле бермейтін сырлары қандай, Олимпиада ойындарында жүлдегер атанған тұңғыш қазақ қызы жеңісінен кейін қандай сезімде болды, спорттың бұл түрін таңдауда ата-ана тарапынан қарсылық болды ма, осындай жетістіктерге жетуді армандадыңыз ба деген сынды сұрақтарын жаудырды.

Еліміздің тірегі — жастар екендігі белгілі. Осыған орай жастарды қолдау үшін «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» жастар қанаты Шымкент қалалық филиалының төрағасы Нұрлыбек Әбілкәрім де жиында бой көрсетті.

Нұрлыбек Жалғасбекұлы өзінің еңбек тәжірибесімен бөлісе келе, жастарға мол мүмкіндіктер ұсынып отырған еселі еңбегі үшін республикалық «Ынтымақ жолы» қоғамдық қорының шешімімен «Тұлға тағылымы» «100 есім» медалімен Шымкент көлік колледжінің директоры А.Аккузовті марапаттап, Жарылқасын Шынарбекұлының «Тұлға тағылымы» атты кітабын сыйға тартты.

Бүгінгі таңда теміржолшылар дайындау — заман талабына сай өркендеп келеді. Осы мақсатта колледж түлегі, логистика және жүк тасымалдауды ұйымдастыру бөлімінің басшысы Қайнар Исаев мамандықтың қыр-сыры мен жай-жапсарын шәкірттерге ұғындырыптәжірибе алмасты.

Шара соңында жас мамандарға жарқын жол ашқан Жастар жылы аясындағы «Болашақ жас теміржолшылар» атты жастар онкүндігі қорытындыланды.

Осы тұрғыда айта кетеріміз, Тұңғыш Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың биылғы жолдауында еліміздің тірегі — жастар мәселесіне жете мән бергендігімен аса маңызды. Қоғамның даму үдерісін ілгерілетудің жетекші күші — жастар екені ақиқат дүние. Аталған форум осының бір айғағы.

Әрбір оқу орындарыбілікті маман даярлау және оны жұмыспен қамтамасыз ету — білім беруші жәнежұмыс ұсынушы мекемелер арасындағы бар байланысқа жаңаша сипат енгізеді.Әлеуметтік тұрғыда жас маманның жақсы өмір сүру қағидаттары орындалатын болады. Кәсіби шеберлігі шыңдалған маманның қоғамның экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етері сөзсіз.

А. СӘКЕНҚЫЗЫ

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *