ҚАУІПСІЗДІК БАСТЫ НАЗАРЫМЫЗДА!

Қоғам
980 Views

Жаз – балалардың сүйікті уақыты. Алайда, жаз айларында суға түсу маусымы қыза түседі. Статистикабойынша, жаз айларында адамдардың қаза болуы мен жарақаттануының шыңыбайқалады. Осыған орай, Шымкент қаласының аумағында суға шомылу маусымындақайғылы оқиғаларды болдырмау және судағы қауіпсіз демалысын қамтамасыз етумақсатында Шымкент қаласы әкімдігінің ақпараттық-коммуникациялық орталығындаШымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары полковникЕрғали Бахаев, жедел құтқару жасақтың басшысы Орынбасар Төртбаевтың қатысуыменбаспасөз брифингі болып өтті.

Жиында алғаш сөз алған Ерғали Жарасбекұлы:

«Оңтүстік өңірінің климаттық жағдайына сәйкес қаламызда күн тез ысып әрі ұзаққа созылады. Осыған байланысты суға шомылу да жиілейді. Шомылу маусымының алдында да, оның өту кезеңінде де су объектілерінде адамдардың өмірін қауіпсіздікте сақтау — ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Соңғы жылдарда болған Төтенше жағдайлардың мониторингіне сүйене отырып, Шымкент қаласының аумағында шомылу маусымы сәуір айынан бастап қыркүйек айына дейін жалғасады. Бақыланбайтын орындарда шомылу, балық аулау кезінде судағы қауіпсіздік қағидаларын сақтамау, су айдындардың маңында ересектердің қарауынсыз балалардың болуы төтенше жағдайдың негізгі себептері болып саналады. Қала әкімінің орынбасары Нұрсадық Ергешбекұлының Төтенше жағдайлар комитетінің отырысында көптеген тапсырмалар қойылған. Төтенше жағдайлар департаменті Шымекент қаласы әкімдігімен және басқа да жергілікті атқару органдарымен бірлесе отырып нақты төтенше жағдайлардың алдын алу жұмыстарына кірісіп кеттік. Атап айтар болсақ, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары аудан әкімдеріне тапсырмалар беріп, солардың бірі әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың балалары Шымкент қаласында орналасқан шомылу орындарында, арнайы демалыс орындарында тегін шомылдыруға, сонымен қатар спорт және туризм басқармасында жас балаларды ақысыз түрде шомылуға үйрету, жаттықтыру сынды мәселелер қолға алынды. Төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша департамент өз жұмысын жүйелі атқаруда. Арнайы баспасөз және телеарна өкілдерімен кездесулер ұйымдастырылып, брифингтер өткізіліп жатыр. Интерактивті сабақтар арқылы қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша оқушыларға да білім ордаларында түсіндірме жұмыстары жүріп отыр. Тұрғындардың ең басты қателіктері белгіленбеген жерде шомылу әрекеттерінің бой көрсетуі жиі кездеседі. Шомылуға рұқсат етілмеген орындарда құтқару бекеттері орналастырылмаған. Сондықтан қайғылы жағдайлар көбіне осындай жерлерде орын алып жатады. Мұндай орындарға рейдтік шаралар жүргізілуде. Тынымсыз еңбектің нәтижесінде қуанышымызға орай ағымдағы жылдың алғашқы төрт айында қала аумағында судағы жазатайым оқиғалар тіркелмеді. Өткен жылы осындай мерзімде Шымкентте 1 жас бала суға батып кеткендігі жөнінде мәлімдеме келген болатын.

Жалпы қала бойынша 4 өзен, 4 су қоймасы, 5 тоған және 22 адамдар демалатын орындар бар. Су айдындарында келеңсіз оқиғалардың алдын алу мақсатында Төтенше жағдайлар департаментінің құрылымдық бөліністерімен үгіт-насихат жұмыстары жүргізілуде. Бұл бағыттағы жұмыстарды қарқынды жүргізу негізінде қала әкімшілігімен арнайы қаулы дайындалып, іс-шаралар жоспары бекітілген. Үгіт-насихат жұмыстарына ерікті студенттер, жергілікті полиция қызметкерлері тартылатын болады. Жазғы сауықтыру орталықтарының, мектеп жанындағы лагер жұмыстарының басталуымен демалысқа шығу сабақтарды өткізу жұмыстары дайындалған. Жедел құтқару жасағының жеке құрамы шомылу маусымын қауіпсіз өткізу мақсатында суға шомылу маусымының соңына дейін қызмет атқарудың күшейтілген режиміне ауыстырылды», — деп жалпылама ақпарат беріп өтті.

«Отырар» телеарнасының тілшісі суға түсуге болмайтын жерлерге арнайы ескерту тақтайшалары қойылған ба деген сауалын қойды.

— Иә, мұндай жерлерге ескерту белгілері қойылған. Егер рұқсат етілмеген орындарда суға шомылу деректері анықталған жағдайда айыппұл салынып, суда қауіпсіздік ережелерін білуге және оларды іс жүзінде сақтауға міндетті адам бірінші дәрежелі жауапкершілікке тартылады, — деді Е.Бахаев.

«Айғақ» телеарнасының тілшісі жыл сайын қайталанатын қайғылы оқиғалардың негізгі себебін сұрады.

Төтенше жағдайлар қызметкерлері: «белсенді ағарту жұмыстарын жүргізудеміз. Оған волонтерлер, құқық қорғау құрылымдарының қызметкерлері өз үлестерін қосуда. Бұл күндері 20 адамнан тұратын жедел-құтқару жасағы күшейтілген режимде жұмыс істейді және үлкен мегаполис үшін бұл өте аз. Сол себепті құтқарып үлгермейтін жағдайлар туындайды. Халықты қауіпсіздікті сақтау жұмыстарынан хабардар етсін, қауіпті жағдайдың алдын алайық деген мақсатта ақпарат, мәліметтер тарату үшін сіздермен осындай кездесулер, брифингтер өткізіп отырмыз», — деп түсіндірме шараларын жұмыла жүргізуге шақырды.

Шара соңында қауіпсіздікті күшейту үшін халыққа ақпараттар көптеп берілуі керек екендігі баса айтылды.

Аягөз ДҮЙСЕНБАЕВА.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *