ЖАҢА БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Қоғам
809 Views

2019 жылдың 15 мамырында, ҚР Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы Ерұлан Жамаубаев Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының міндетін атқарушы болып жаңадан тағайындалған Нурмулдин Дулат Нұрахметұлын Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің ұжымына таныстырды.

Нурмулдин Дулат Нұрахметұлы, 1967 жылы туылған, ұлты қазақ, білімі жоғары: Омбы мемлекеттік ауыл шаруашылығы институтын, Мәскеу заманауи гуманитарлық институтын, Көкшетау гуманитарлық-экономикалық университетін бітірген.

Салық органдарында 1992 жылдан бастап жұмыс істеп келеді.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша салық комитетінде салық инспекторынан бастап, төраға орынбасары, сосын Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша салық департаментінің басшысы, Ақмола облысы бойынша салық департаментінің басшысы лауазымдарын атқарды.

2014 — 2015 жылдар аралығында Ақмола облысы әкімінің орынбасары, 2015 — 2019 жылдар аралығында — Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы қызметінде болды.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары — Қазақстан Ресапубликасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 14 мамырдағы № 437-ж/қ бұйрығымен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Түркістан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды.

Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *