«ЦИФРЛЫ ҚАЗАҚСТАН – БІЛІМДІ МЕҢГЕРТУ МЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАУДА KAHOOT ҚОСЫМШАСЫН ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ»

Экономика
1 746 Views

Өткен жылдың 12 желтоқсанында ел Үкіметі 2020 жылға дейін экономика, әлеуметтік жәнемемлекеттік басқару салаларының 12 негізгі бағытын ілгерілетуге бағытталған«Цифрлы Қазақстан» атты жаңа мемлекеттік бағдарламаны қабылдады. Дамудың алғышарттарының бірі күнделікті өмірге IT технологияларды қолдану және енгізуарқылы экономиканы жаңа «цифрлы құрылысқа» көшіру болып табылады. Біз жаңацифрлы әлем кеңістігіне енгенімізді түйсіне отырып, өзімізге мемлекет, бизнесжәне қоғамның жаңа технологиялық құрылысқа көшуге дайындығы қай деңгейде дегенсұрақты қойғанымыз жөн.

Сандық технология ХХІ ғасырда жаһандық экономикалық өсімнің жетекші факторына айналды. «Цифрлану» қоршаған әлемді көз алдымызда сәт сайын өзгертіп, қалыптасқан қасаң түсінікті жоюда. Ақпараттар көлемінің қарқынды өсуі әлемдік нарық пен бизнесті ынталандырып, білім, ғылым, денсаулық сақтау, мемлекеттік басқару салаларының ішкі және сыртқы ортасының түбегейлі өзгеруіне ықпал етті. Қазір ешкім де цифрлық технологияның біздің күнделікті өмірімізді, тұрмыс жағдайымызды қаншалықты өзгертуі мүмкін екенін білмейді. Бірақ, үлкен бетбұрыстар кезеңі орын алады деуге толық негіз бар.

ХХІ ғасыр ақпарат ғасыры болғандықтан, адамзатқа компьютерлік сауаттылық қажет. Білім берудің негізгі мақсаты – білім мазмұнын жаңартумен қатар оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Осы мақсатты жүзеге асыруда ақпараттық технологияны пайдалану әдісі зор рөл атқарады. Осы орайда, Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауындағы «Оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды білім беру саласын жақсартуда қолданыс аясын кеңейту керек» деген сөзін басшылыққа ала отырып, сабақта жаңа ақпараттық технологияларды пайдалануға жаппай көшуіміз керек. Ақпараттық технологияларды сабақта пайдаланудың негізгі мақсаты: Қазақстан Республикасында біртұтас білімдік ақпараттық ортаны құру, жаңа ақпараттық технологияны пайдалану Қазақстан Республикасындағы ақпараттық кеңістікті әлемдік білім беру кеңістігімен сабақтастыру болып табылады.

Көптеген жаңа технологиялармен қатар соңғы кездері информатика пәні сабақтарында ақпараттық технологиялар жиі қолданылуда.

Осыған байланысты күнделікті сабаққа:

— мультимедия (бейне, аудио қондырғылары мен теледидарды, электрондық оқулықтарды);

— компьютер (компьютерлік бағдарламалар, интерактивті тақта

— интернет, тағы басқа көрнекі материалдарды пайдалану айтарлықтай нәтиже береді.

Осыған орай, онлайн тест құруға арналған жаңа бағдарламаның бірі – Kahoot қосымшасы. Бұл бағдарлама қазіргі кезде жиі қолданысқа енгізілуде. Kahoot қосымшасы арқылы оқушылардың, студенттердің білім деңгейін оператив тексеруге болады. Бұл интернет желісі арқылы жүзеге асады.

Kahoot – әртүрлі платформалар арасындағы қиыншылықты сынып ішінде шешкен сервис болып табылады. Ол арқылы көптеген тест тапсырмаларын сурет, бейне қойып жасауға болады. Онымен тест тапсырмасын құрастырып, өткізу үшін интернетке қосылу керек. Сервис арқылы сайыс өткізуге болады. Мысалы, мұғалім компьютер арқылы бір мезетте тестті әртүрлі гаджеттермен қатыстыра аласыз. Ең маңыздысы Kahoot — тегін білімді тексеруде ыңғайлы, қызықты ресурс болып саналады.

Kahoot қосымшасы оқу жылындағы барлық материалдарды толық қамтып, білімді меңгертуге арналған тест сұрақтарын құруға мүмкіндік береді. Оқушылармен тығыз қарым-қатынас орнатып, жаңа материалды тереңдете түсу үшін Kahoot қосымшасын кең көлемде қолдануға болады. Kahoot сыныпта немесе аудиторияда қолдануға негізделген, яғни оқытушы тестті негізгі экран бетіне шығару арқылы, ал оқушылар сұрақтарды талқылап, жауаптарын смартфон, компьютер немесе планшет (қалта телефондары) арқылы жолдай алады. Ол үшін виртуалды сынып бөлмесіне кіру үшін оқушылар оқытушы айтқан арнайы құпия санды енгізулері қажет. Бұл сервис әрбір оқушының сұраққа қалай жауап беріп отырғанын, сондай-ақ барлық ұжымның үлгерім диаграммасын, жеке оқушының өз нәтижесін арнайы кестеден бақылауына мүмкіндік береді. Kahoot қосымшасы арқылы тіркелуші интернет желісі қосулы болған жағдайда шексіз жұмыс жасай алады. Сонымен қатар Kahoot-қа шексіз көлемде сұрақ енгізуге болады. Сыныптағы оқушылардың білім, білік деңгейіне және қызығушылығына қарай өзіңіз онлайн тест құрастыра аласыз. Бұл тест құру жүйесі оқушының ойлау қабілетін дамытып қана коймай, сабаққа деген ынтасы мен талпынысын арттыруға көмектеседі. Төменде Kahoot қосымшасына тест тапсырмаларын енгізу кезеңдері көрсетілген.

Жалпы және орта білім беретін ұйымдарда Kahoot бағдарламасын қондыру арқылы мектеп оқушыларымен жұмыс жасау өте қолайлы әрі тиімді. Оқытушы заман талабына сай тестілеу жүйесін меңгеріп, әрбір оқушының сабаққа деген қызығушылығы мен ынтасын арттыра түседі. Бұл бағдарламаны пайдаланудың тиімді екі тұсы бар: біріншіден, оқытушы мен оқушылар арасында тығыз байланыс орнайды, екіншіден, оқушылар арасында бәсекелестік туындап, тиімді шешу жолдарын ұсынып, жаңа мәліметтер мен тақырыпты толық ашуға ынталанатын болады.

Алина АЛИМБЕКОВА,

Шымкент қаласы №6 колледж информатика пәнінің оқытушысы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *