ТАҒАЙЫНДАУ

Құттықтаймыз
1 182 Views

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығымен Нұрмаханбет Бексейітұлы Дүйсебаев Түркістан облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаменті басшысы қызметіне тағайындалды.

Подполковник Нұрмаханбет Бексейітұлы 1977 жылдың 18 қазанда Шымкент қаласында дүниегекелген.

1999 жылы ХҚТУ-дің Заң факультетін тәмамдаған. 2005 жылы Экономика факультетін Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша бітірген. 2002 жылдан бастап ҚР Қарулы Күштер құрамында қызмет атқарып келеді.

2011 жылдан бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысы, қазіргі Түркістан облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарып келген.

«Мінсіз қызметі үшін», «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» және басқа да мемлекеттік марапаттар иегері.

Отбасылы, 4 перзенті бар.

«Әділет. Рухани жаңғыру» республикалық газетінің ұжымы Нұрмаханбет Бексейітұлына алдағы қызметіне жемісті жеңістер тілейді. Тәуелсіз Отанымыздың әскери саласын дамытуда қажымас қайрат пен күш-жігер қашанда адал серігі болсын!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *