АУЫЛ БИЛЕРІНІҢ РӨЛІ АРТА ТҮСУДЕ

Қоғам Құқық
888 Views

Қазақ халқындабилер ұғымы ертеден қалыптасқан. Ел ішіндегі дау-дамайды ушықтырмай, дер кезінде оң шешімін тауып беруде олардың атқаратын рөлі зор. Келеңсіз даулар менорынсыз жанжалдарды азайтудың тиімді жолы да – билердің сара жолын жандандыру.Әрбір елді мекенде сыйлы, құрметті, абыройлы азаматтар баршылық. Еліміздеосыған байланысты сот жүйесінде медиация мен би мәртебесі жүйелі қалыптаса бастады. Даулы мәселелерді жалғыз ауыз өткір де уәжді сөздің күшімен-ақ шешіп, дауласушы тараптарды ортақ келісімге келтіруде билердің орны ерекше.

Осыған орай Шымкент қаласы Еңбекші аудандық сотының ұйымдастыруымен, студент жастардың қатысуымен «Парасат» колледжінің ғимаратында ауыл билері мен медиация мәселелеріне арналған «дөңгелек үстел» мәжілісі өтті. Шараға Еңбекші аудандық сотының судьялары, кәсіби және кәсіби емес медиаторлар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Аталған жиында билерге, олардың кесіміне жүгінудің халыққа тиімді тұстары талқыланды.

 Шымкент қаласы Еңбекші аудандық сотының судьясы Қайрат Ізбасаров іс-шараның негізгі мақсатына тоқталып, нақтылап түсіндіріп өтті. Медиаторлар қауымы өздерінің татуластыру іс-тәжірибелерімен бөлісті. Жастар өздерінің көкейлерінде жүрген өзекті сауалдарын қойып, ұсыныс-пікірлерін білдірді.

Жиын соңында шара қатысушылары судья Қайрат Болатұлына өз алғысын айтып, жастар арасында өткізілетін осындай кездесулер жиі болса екен деген ниеттері мен оң көзқарастарын білдірді. Дау-дамайды сотқа жеткізбей, оның алдын алып, татуластыру істерін қолға алу мақсатында халық арасында медиаторлар мен ауыл билерінің беделін арттырып, ақпараттық насихат жұмыстарын жандандыру қажеттігі ұсынылды.

А. СӘКЕНҚЫЗЫ.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *