«ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ АЛЫП БӘЙТЕРЕГІ»

Білім
1 342 Views

Шымкент қаласындағы №66 Қазығұрт жалпы орта білім беретін мектебінде қазақ халқының атақты биі – Төле би Әлібекұлының туғанына 355 жыл жыл толуына орай бастауыш сынып шәкірттері арасында «Қазақ халқының алып бәйтерегі – Төле би» атты байқау өтті. Менің жетекшілік ететін 3 д сынып оқушылары «Сараң бай» атты шағын сахналық көрініс қойды. Оған Рақымжан Бауыржанұлы, Аян Есімхан, Мұстафа Тоғыс, Жансая Келдібек, Мансұр Ермахан, Балауса Болатбек қатысты.

Оқиға желісі төмендегіше болатын:

«Бір сараң бай кедейді өзіне құл етіп, егінін еккізіп, өтіміне ақы бермейді екен. Сіңірі шыққан кедей отбасын асырай алмай, шарасыз халге түсіпті.

Келесі жылы байдың егіні бітік шығады. Маңдай тер, табан ақысының өтемі ретінде кедей байдың егінін орып алуға бел буады. Рұқсатсыз егінді орып алған кедейге ашуланған бай оны ұрып-соғып, басын жарады.

Жуаннан зорлық көрген кедей әділдік іздеп Төле биге жүгінеді. Мәселенің мән-жайына қанық болған төле би байды алдына шақыртып:

Таласқандарың қара жер,

Қор болмасты ойласаң,

Төрем, болдың босқа тер.

Мүсәпірдің қақын бер,

Егіншіңмен айтысып,

Төрем, төкпе босқа тер, – деген екен. Өз әрекетінен ұялған бай кешірім сұрап, кедейге ақысын берген екен».

Нәтижесінде, сыныбымыздың оқушылары бірінші орынды жеңіп алды. Біз алдағы уақытта да өнер, білім бәйгелері мен спорт сайыстарында белсенділік көрсете беретін боламыз.

Оңласын ИГЕНБАЕВА,

№66 Қазығұрт жалпы орта білім беретін мектебінің 3д сынып жетекшісі.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *