«ЛӘЙЛІ-МӘЖНҮН» ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ САХНАЛАНДЫ

мәдениет
1 344 Views

Шымкент жасөспірімдердің өркендеу жолында орасан зор үлес қосып отыр. Жылдан жылғақаламыз даму жолында үлкен жетістіктерімен қуантуда. Соның бірі де бірегейі –театр саласы. Театр – өмір айнасы, мәдениеттің қайнар ошағы. Осыған байланыстыбиылғы Тұңғыш Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жариялауымен белгіленген«Жастар жылы» аясында, Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту жәнеархивтер басқармасының ұйымдастыруымен қала әкімдігінің ғимаратында қалалыққуыршақ және жасөспірімдер театры басшысы Бахтияр Әбілұлы Сманов пен қоюшырежиссер Самат Тұрсынбекұлы Алтаевтың қатысуымен баспасөз брифингі болып өтті.

Жиында сөзді бастаған Бахтияр Сманов: «Қаламыз үшінші ірі мегаполис мәртебесін алған уақыттан бастап, біздің театр да өз атауын өзгертті. Содан бері біз қалалық «Қуыршақ және жасөспірімдер» театры болып қызмет атқарудамыз. Жастар жылына жақсы, сапалы, мәнді, мағыналы қойылым қойсақ деген мақсатта драма жанрына бет бұрып, өз қабілетімізді көрсетсек, қолымыздан келетін дүниелерді елге паш етсек деген ниетпен үлкен бастама бастадық. Жастар арасында, қоғамда белең алып жатқан суицидтік іс-әрекеттер, өзге діни ағымдардың пайда болу салдарынан көптеген жастар тура жолдан адасып жатыр. Осы мәселенің алдын алып, жастардың бетін, ықыласын театрға аудару басты мақсатымыз. 36 жылдық театр тарихында биыл алғаш рет драмалық қойылым қойылғалы отыр. Аллаға шүкір, көпшілік оң бағасын беріп, жақсы пікірлер мен көзқарастарын білдіріп жатыр. Бір жылда 6 қойылым қою жоспарымызда бар. 41500-дей көрерменді қамту жөнінде де жұмыстар жүргізілуде. Алғашқы жарты жылдыққа арналған жоспарымызды артығымен іске асырудамыз», – деп атқарылған театр жұмыстары туралы ақпаратпен бөлісті.

Халықтың мұңы мен жоғын жоқтаушысы болып, ақиқатты алға тартып, ақпаратпен, тың жаңалықтармен сусындатып жүрген бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін, журналисттерді кәсіби мерекелерімен құттықтап өткен Самат Алтаев «Ләйлі-Мәжнүн» қойылымының премьерасы төңірегінде сөз қозғады.

«Қала күнінің құрметіне арналған Шығыстың шайыры Низамидің «Ләйлі-Мәжнүн» махаббат дастаны туралы қойылым қоюдың негізгі мақсаты тек қана екі жастың бір-біріне деген мұңы, қапагершілігі, сезімі, қосыла алмаған үндестігінен емес. Ең бастысы пенденің бір-біріне сыйластығы, құрметін назарға алдық. Себебі, өмірде ғажайып та, ғайып та бар. Алайда бір-бірімізге деген құрмет жоқтың қасы. Құрмет жоқ жерде мәселе туындайды. Мәселені ешкім бізге алып келмейді, өзіміз қолдан жасап аламыз. Біз бір-бірімізге махаббатпен, құрметпен қарайтын болсақ, күрделі мәселелерді де шешуге болады. Сондықтан біз осы қойылым арқылы халыққа сенім мен сыйластық қасиеттерін ұсынуды алға тартып отырмыз. Әйгілі философ, тарихшы Махмұд Қашқаридың трактатында мынадай сөз бар «әртіс» деген сөз ежелгі түріктің «әр түс» деген сөзінен шыққан, яғни жариялаған кезде ол жариялаушы, қолдаушы және жалғастырушы делінген. Сондықтан біздің қаламыздың бір миллион тұрғынына 200 әртіс жұмыс жасайды, әрине бұл аздық етеді. Соған қарамастан біз қаламыздың барша көрермендеріне қойылымдарымызды қойып, өз деңгейінде, халықтың сұранысына, талғамына, қажеттілігіне сай қойылымдарды қою қолға алынуда. Екінші мәселе «Жастар жылы» тек осы жылмен шектелмеуі, жастарға әрдайым қолдау көрсетілуі қажет. Себебі, болашақ ұрпағымыздың жақсы азамат болып, ұлттық тәрбиеге ие болғаны жөн. Қазір жаһандану заманында түрлі алып күштер бізге келуде және соның салдарынан кері түсініктер орын алуда. Олардың барлығына қарсы тұратын сіздердің қарымды туындыларыңыз бен, ұлттық өнердің мәйегі, мәдениеттің қайнары. Сондықтан жастарды келешегіміз деп қарап мәдениетке, өркениетке баулыған дұрыс, – деп жастарға, болашақ ұрпаққа ерекше көңіл бөлуді ұсынды.

Брифингпен бастау алған жиын кешкі сағат 18:00-дер шамасындағы «Ләйлі – Мәжнүн» қойылымының премьерасымен жалғасын тапты.

Осы орайда айта кетеріміз, егер сіз жаныңызға рухани азық іздесеңіз, дүниетанымыңызды кеңейткіңіз келсе, өмір жолынан дұрыс бағыт-бағдар жолын көздесеңіз, қиял-ғажайыпқа ұласқан адами құндылықтарға куә болғыңыз келсе ұлағатты ұрпақ тәрбиелеу жолында көп ойланбай театр әлеміне төрлетіңіз!

Айя АСЫЛЖАН

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *