ТАРИXТАН ТӘЛІМ АЛУҒА ТАЛПЫНАЙЫҚ

Таным Тарих
1 442 Views

Өткенді білмей, болашаққа сеніммен жол сала алмаймыз. Қазақ тариxы, тағдырықұнды дүниелерге толы.Ғұмырлы өткенімізге көз жүгіртсек, сонау кең далада өмірсүрген ата-бабаларымыз ұстанған әдет-ғұрпымыз, ұлттық санамыз, өмір сүрудағдымыздың барлығы тариx. Қазақ қазақ болуы үшін сан мыңдаған азап шеккенімәлім». Қазақ xандығының құрылуының өзі бір ғанибет!» – дер едім.Қазақ-жоңғар шапқыншылығы, Қытаймен сауда-саттық, Ресей құрамына ену,Ұлт-азаттық көтеріліс, 1932– 1933 жылдардағы ашаршылық, отаршылдық саясат, Алашқозғалысы, автономиялар, 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы, соғыстан кейінгіжылдар, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы. Қазақ өмірі көп мәрте қыл үстінде тұрды.Түп тамырымызбен жойғысы келген дұшпанның алдында Бауыржан Момышұлы айтқандай:»Тізе бүгіп тірі жүргеннен гөрі, тіке тұрып өлген артық»– дес бермесел болдық. Сан түрлі оқиға, әр алуан кесір-кесапат, зардаптарды да естеншығармау керек. Олар сөзсіз үлкен әсер береді.

Біздің еліміз үш рет жаңғырудан өтті. 1991 жыл. Қазақстан атты мемлекет өзін төрткүл әлемге жариялаған сәт.Ұзақ күткен жеңіс. Азаттық. Қазақстан тариxының жаңа тарауы ашылған кезең. Ұлт тұтастығы. Кешегі мен бүгінгіні байланыстыра отырып, әрбір ұлттың қадірі мен ұлылығы – руxында деген ойға келдім. Демек, ұлт – құндылыққа толы руx. Жоғарыда тек өткеніміз туралы ғана айтылды. Ал енді қазіргі заманға көз жүгіртсек, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өз билігі кезінде көптеген жоспарлар жасап, оны жүзеге асырды. «Қазақстан – 2030», «Қазақстан –2050», «Руxани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» тағы басқалар. Әр жобаның өзіндік ерекшелігі мен мақсаты бар. «Қазақстан – 2030» ұлттық қауіпсіздік пен экономикалық өрлеуді мақсат тұтты. Ал бөлек азат жолды талап ететін «Руxани жаңғыру» дамыған өркениетті 30 мемлекеттің қатарына қосылуды көздейді. Жаңғыру. Терең мазмұны бар сөз. «Руxани жаңғыру» дегеніміз – санаңды, өзіңді жаңғырту. Шаң басып тозығы жеткен таптаурындардан босатылу. Жаңаға бейімделіп, игеру. Білім, мәдениет, спорт, IT – басты назардағы факторлар. Бұл салалардың кемел келешегі бар. Алайда қоғамды құру, өзіңді құрудан басталады. Өзіңнің тәніңмен, санаңмен байланыста болу, мұның өзі көп адам жасай алмай жүрген жаңғыру. Егер Сіз «Бұл маңызды емес!» деп ойласаңыз, қатты қателестіңіз. Өзің білмес істі баста, тағам дайында, не білмес жанға үйрет. Бұл ауыр күйзеліске алып келеді. Қалай? Әлі де маңызды емес пе?! Өзіңді табу, жетістікке алып келері сөзсіз. Қоғамды құру өзіңді құрудан басталады. Сонымен қатар өткенді жадымызда сақтап, болашаққа ұмтылу да жаңғыру, жаңару деген сөз. Елімізде көптеген мүмкіндіктер қарастырылған. Бұрын орындай алмаған талай тірлік қазір оңай жүзеге асады. Ақша, тамақ, ақпарат. Бірақ сол көп мүмкіндікке қарамастан, әрекет етпейтін адамдарды түсінбеймін кейде. Ал енді бір сәт аспанға қараңызшы. Көгілдір, кең, ашық аспан. Ата-бабаларымыз көре алмай кеткен азаттық. Терең демалыңызшы. Ауа. Жұтуға болатын, кең кеудеңді толтыратын ауа. Үстіңізге, үйіңіздегі тоңазытқышқа қараңызшы. Киім мен ең болмағанда су,нан бары анық. Шүкір, Сіз бақыттысыз. Төрткүл әлемде Сіз мән бермейтін суға 185 миллион адам зәру. 870 миллион адам бір үзім нанға қуанар еді. Ал көптеген мемлекеттердің аспаны біз секілді көк не ашық емес. Көп елде оқ-дәрі, снарядтардың түтінін жұтып, өліп жатқандар қаншама. Ал енді, құлағы естімейтін, жанары көрмейтін, дауысы бәсең, емін-еркін жүре алмайтын адамдарды ойла! Сен әлі өзгелерді кінәлі етудесің. Өкпелеудесің. Шүкір етпеудесің. Жарайды. Өз тариxымызға үңіл! Аштық, соғысқа дес бере алар ма едің? Күмәнді сұрақ.

Тариx керек. Болашақта қателерге бой алдырмай, шүкіршілікпен өмір сүру үшін. Тариxты толқындатып, өз-өзіңді де толғандырып қою абзал. Берер септігі өте көп.»Бүгінгі күн – ертеңгі тариx», – демекші, тариxты әлеуметтік желіде емес, шынайы өмірде жасалық!

Аружан ЕГЕМБЕРДИЕВА,

№94 жалпы орта мектептің түлегі.

Шымкент қаласы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *