ЖАУҺАР ЖАЗУШЫНЫҢ ЖӘДІГЕР ЖИНАҒЫ

Әдебиет
1 436 Views

Заманымыздың заңғар жазушысы, қазақ әдебиетінің классигі, ұлы суреткер Әбді-Жамил Нұрпейстің биылғы мерейлі 95 жасқа толу қарсаңында ҚазақстанРеспубликасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтыңарнайы тапсыруымен Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігініңТіл саясаты комитеті «Мәдениет және өнер саласындағы бәсекелестікті жоғарылату,қазақстандық мәдени мұраны сақтау, зерделеу мен насихаттау және мұрағат ісініңіске асырылу тиімділігін арттыру» бағдарламасы «Әдебиеттің әлеуметтік маңыздытүрлерін сатып алу, басып шығару және тарату» кіші бағдарламасы негізіндежауһар жазушының жеті томдық шығармалар жинағы жарық көріп отыр.

Бұл ізгілікті де, игілікті іске Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Бекет Тұрғараұлы Тұрғараевтың ұйытқы болып, тікелей дәнекерлік жасағанын ыстық ілтипатпен тілге тиек етеміз. Бекең аталмыш министрлік пен абыз жазушы арасында алтын көпір орнатып, ұйымдастыру жұмыстарына белсене атсалысып, төрткүл әлемге танымал классик жазушының бұрын жинақ болып шықпаған жеті томдық шығармаларының тұңғыш рет жарық көруіне ықпал етіп, қарқынды қолдау көрсетті. Көркем безендіріліп, жоғары сапада басылып шыққан бұл кітаптардың оқырман жүрегіне жол табарына бек сенімдіміз.

Республикалық қоғамдық-саяси, тарихи-танымдық «Әділет. Рухани жаңғыру» газетінің ұжымы жазушыны торқалы тойымен шынайы құттықтап, оған қажымас қайрат, мол денсаулық тілеумен қоса-қабат қалың жұртшылықты Әбекеңнің шығармаларын оқып, танысуға шақырады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *