ДЕМОКРАТИЯДАҒЫ…

Саясат Құқық
1 074 Views

(Соңы. Басы өткен сандарда).

ПАРАНОЯЛДЫҚ ПАЙЫМ БА, ЖОҚ ӘЛДЕ…

Мазмұны мен талап тілегіне қарай оларды 1991 жылы 19 тамыздағы путчқа,облыстағы қоғамдық-саяси, өндірістік-экономикалық, әлеуметтік-құқықтық, мемлекеттік органдардағы кадр салаларына қатысты деп бөлуге болады. Р.Ә.бірнеше қоғамдық ұйымдар атынан Мәскеудегі КСРО мен Алматыдағы ҚазақстанРеспубликасы басшыларының аттарына жолдаған жеделхаттары мен хаттарында 1991жылы 19 тамыздағы сағат 10.00 және 14.00-де халық депутаттары облыстықКеңесінің атқару комитетінде С.Т.-ның басшылығымен төтенше жағдай жөніндегімемлекеттік комитеттің нұсқауларын орындауға байланысты шұғыл жиынұйымдастырылды. Облыстық атқару комитеті мен облыстық партия комитетінің кейбірқызметкерлері путчты ашық қолдады. Оның ұйымдастырушысы Мемлекеттік ҚауіпсіздікКомитеті болды. Сондықтан, өзінің сенімін жоғалтқан бұл ұйымды таратудыұсынамыз. Осы жылдың 26 тамызында облыстық атқару комитетінің кезектен тыссессиясы мен партия комитетінің Пленумында олар, әсіресе С.Т. ТЖМК әрекетінеқатысы болмағанын айтып ақталуға әрекеттенді, – деп жазған…

Путчқа қатысы бар деп сынап, бопсалаған С.Т.-ға шара қолданудың орнына Министрлер Кабинетінің Төрағасы қызметіне жоғарылатылады. Қандай себеп-салдармен байланысы үшін екені белгісіз, Р.Ә. оған: «Вы лично обещали мне о возможности выделения одной служебной машины областному комитету по правам и свободы человека, которые расходятся только партократам и им приблеженным, товарищ К. Ваше обещание отрицает. Прошу Вашего воздейтсвия положительному решению вопроса, ради поклонного старика!» – деп «сақалын саудаға салып» өзі жамандаған адамға жалынады!?

Ол «жалынышы» қабыл болмағандықтан, кектеніп қалса керек, С.Т.-ға К-ты қосып, облыстағы мемлекеттік басқару, құқық қорғау, жабдықтау органдарымен бірге жоғары қадағалаушы орган – прокуратураны жер-жебірлеріне жеткізіп жамандайды. Оларды өзара сыбайласқан жемқорлар деген пікірін растайтын мысалдар келтіреді. Онысының қаншалықты ақиқат, дәлелді екенін, Р.Ә.-тан гөрі сондай «компроматтарды жеткізушілер» жақсы білетін болар деп есептеймін. Ал, сөзбе-сөз келтірілетін Р.Ә.-тың: «… Совершавший за короткое время несколько преступных фактов. Теперь им горсовет зарегистрировал выпуск газеты «Мұра» – поветвующий величие «Улы жуза» через исторически известного сказителя своего времени Толе бия. Прикилеивают ему государственного вождя и предводителя всего казахского народа, чего не было и нет в истории… Идейным руководителем этого провокаторства является бывший секретарь ряда райкомов партии, заслуживший у народа – трудящихся в Туркестанском, Сузакском и Бугунском районах произвище – Т.Тентек тов. Н. Т., снятый с должности секретаря обкома партии по сельскому хозяйству за неординарное поведение… Этот товарищ Н. теперь записавшийся ветераном войны и труда… Этим связано присвоение имени Т. Тентека…», – дегенінің өзі сын нысанасы еткен облыс басшыларының мінезі, адам құқығы, теңдігі, әділдігі, бостандығы жөніндегі демократиялық комитеттің Жарғылық мақсаты мен міндетіне қандай қатысы бар? Жоқ, әлде 1980-1990 жылдары Мәскеудің қуғыны мен қысымына ұшыраған Оңтүстік қазақтарының, әсіресе «Ұлы жүз» ұрпақтары мен оның нақты бір перзеттерінен алынбай қалған кегі мен қастандығы болған ба? Әйтеуір тегін еместігі анық! Демократиялық комитеттің төралқасы мен «оперативті басқару алқасының (атком)» мүшелерінің Р.Ә.-ке «мұның қалай?» демегені ме? Жоқ, әлде «президент» – Р.Ә.-тың параноялды шизофрения түріндегі түсінік-түйсігі мен сандырағы ма?

ЖІККЕ БӨЛУ МЕ, …?

Осы жағдайдың жалғасы ретінде енді Р.Ә.-тың кадрларды іріктеп, қызметке ұсыну саясатына зер салайық.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың және Жоғарғы Кеңес төрағасы С.А.Әбділдиннің аттарына жеделхат жолдап, Президент аппаратының басшылығына тағайындалуы мүмкін кандидаттар қатарында ақыл иесі, адал еңбегімен айрықшаланған белсенді, байсалды демократ И.Р.-ті, ал оған балама ретінде А. пен Б.-ты қарауды ұсынады. Болашақта жасақталуы мүмкін ҚР Президенті командасына Оңтүстік Қазақстан облысынан И.А., А.И., А., Ж., Ж.-ны, М.Ө.-ты кандидаттар ретінде көрсетеді.

Оған керісінше, ағайынды үш Ү.-ды облыстағы нарықтық экономиканы, әсіресе қаракөл, шахта, дәнді дақыл, ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп өнімдерінің 50 пайыздан астамын лицензиялауды иемденгені үшін облыс әкімдігінің басшысы М.Ү.-ты қызметінен босату туралы жеделхат жібереді.

«ЭЛИТАRДЫҢ» ЕТЕГІНЕ ОРАЛҒАН

Комитеттің жарғылық мақсаттары мен міндеттері жалпы адамдардың, солардың қатарында өздеріне жүгінгендердің құқықтары мен мүдделерін қорғау, бұзылған құқықтарын қалпына келтіруге ықпал ету, моральдық қолдау көрсету. Соны басшылыққа алып, менің «ЭлитаR» газетіне қойған ар-намысымды қорғауымды қолдауды сұранғанмын. Мәжіліске қатысқан Р.Ә., Р.М., С.Х., Қ.М. және Қ.О. оны өзің заңды жолменен шешіп ал деп, өтінішімді қараудан бас тартты. Мен онда заңды болса, бәрі де заңды болсын дедім…

«Элита русских» деген сөздерден құрастырылған болса керек, орыс тілінде шығатын «ЭлитаR» деген газет болатын. Оның тілшілері, әсіресе А.Г., М.Е. сияқтылар азиаттарды, олардың қатарындағы қазақтардың бірін даттап, екіншісін мақтап, қолпаштап өзара шағыстырып, бір-біріне айдап салудың хас шеберлері болатын.

Сол газеттің 1994 жылғы 10 ақпандағы №6 санында А.Г. «Правозащитный комитет не боится ни властей ни мафий» деген атаумен Р.Ә.-тің сұхбаты жариялаған. Онда оның к… көпшік қойып көтермелеп, ешкімнен қорықпайтын, жеңілмейтін темір сауыт киген рыцарға теңестіріп қояды. Соған дандайсыған «батырымыз» ІІБ басшысы С.-ты, Шымкент қаласы мен облыс әкімдері – А.Т. мен З.Т.-тың дұрыс емес істері үшін даттап, өзіне көмектескен Р.И. мен К.А.-ты мақтайды. М.Ш.-ты сатқын деп, жергілікті азаматтық «Азат» қозғалысының жетекшісі Ә.Ә-ны «одан» жаман теңеулермен атайды. Комитеттің бір кездегі хатшысы Конысбековты психикалық аурумен шалдығады деп, ұзын-сонар сыр шертеді.

Менің оған түсініктеме беру туралы дер кезінде жазылған хатыма «Элита R» газетінің редакциясы жауап берудің орнына «Высказывания собеседника – дело самого собеседника», – деп қысқа қайырып, оны заңменен құптатып қойды…

БАСҚЫНШЫЛЫҚ

Комитет президенті Р.Ә. пен оның басшылық ету органдары мүшелерінің маған жасаған қиянаттарынан туындаған дауларды кезінде бейбіт жолменен шешуге қабілеттері жетпеген. Онда Р.Ә. -тың менің ар-намысыма тиетін сөздер айтып, оны «ЭлитаR» газетінде жариялатқаны үшін кешірім сұрап, оған қарымта қайтару мақаласын шығартуды ұсындым. Аудандық және облыстық соттар қабылдаған процессуалдық қалыптармен анықталған берешегі – 10 000 (он мың) теңгені төлеуін талап еттім. Олай етпеген жағдайда сотқа жүгінетінімді ескерттім…

Соған байланысты болса керек, Комитеттің төралқасы мен атқару комитетінің біраз мүшелерімен бірге, мәжіліс жоспарланған – 1995 жылғы 18 ақпан күні, ешқандай мәселемен шақырылмаған азаматтық «Азат» қозғалысының облыстық бөлімінің басшысы Ә.Ә. бастаған бірнеше мүшелері мен оларға еріп келген топ мен отырған қабинетке баса-көктеп кірді. Менің оларға: «Сендер кімдерсіңдер, қандай мақсатпен келдіңдер?» – дегеніме, комитетке ешқандай қатысы жоқ Ж.А., Б.Ж., Ғ.М., Ж.М., Е. М. (бұл біздің ауылдағы рулас ағам), В.К., А.Ж., М.Ө., К.Ж., Қ.М., А.Ә., Б.Б., О.Ш., С.А. (оларды танымайтындықтан, аты-жөні өздерінің айтулары бойынша жазылған. Сондықтан басқаша да болуы мүмкін): «…Біз комитетке мүше болуға және оның президентін сайлауға келдік», – деді. Менің: «Бұл әрекеттерің заңсыз болады», – дегеніме олар мән де бермеді. Өздерінше мәжіліс өткізіп, Ж. М. дегенді Комитеттің президенті етіп сайлады. Олардың әрекеттері құқық бұзушылық, шешімдері заңсыз болғандықтан, сонымен қатар мен туралы ештеңе айтпағандықтан, комитеттің заңды жауапты хатшысы ретіндегі қызметімді атқару құқығым сақталды. Солай бола тұра олар қоқан-лоққы көрсетіп, күштегендей етіп, Р.Ә.-тің және жалпы бөлменің кілттерін алып қойды.

Бұл туралы құзіретті органдарға жүгінемін. Олар істі қарап, шешім қабылдағанға дейін Комитеттің мөрі, бұрыштамасы, құжаттары мен фирмалық бланктарын сақтауды өз жауапкершілігіме аламын. Сондықтан, іс құжаттары тұратын жұмыс кабинеттердің кілттерін кері қайтаруыңызды сұранамын. Олай етпесеңіздер, Комитеттің құжаттары, мөрлері, тағы басқа да құндылықтарының жоғалғандарына жауапкершіліктің Сізге жүктелетінін есіңізге саламын, – деген хабарламаны Ж.М.-тың өзіне қолма-қол табыстадым.

«ҚОРҚАУЛАРДАЙ» ҚАУМАЛАП, …

Сонымен қатар «Біздің жұмыс орнымыз орналасқан Шымкент қаласы, Полторацский көшесі, №3 ғимараты жекеменшігіне өткен облыстық ішкі істер басқармасынан телефон соғып, отырған бөлмелеріңді босатыңдар»,– деген ескертулер бірнеше рет жасалғанын Ж.Мырзалиевке жеткізгенмін. Бірақ ол маған жауап бермеді не өзі әрекет етпеді.

Ертеңіне, яғни 1995 жылғы 2 наурыз күні отарбасы «ортекедей» болған вице-президенті А.С., бастаған С.А., Ш.О., Ж.М., А.А. Комитеттегі жұмыс орныма келді. А.С: «… Саған кабинеттердің кілттері берілмейді. Комитеттің мөрін, мөртабанын, Жарғысын, тағы басқа да құжаттарды толығымен бізге өткіз. Сөйт те кабинеттерді босат. Қайда барамын және қайда жазамын десең өзің біл. Олай етпесең, дәл қазір осы жерде дап-далаңды шығарамыз, денеңді он екі жілікке бөлшектейміз…», деді. Онысының бопсалап, сес көрсетуі ме, жоқ әлде қалжыңдағансып, бір шатақтық шығуының мүмкін екенін білдіргісі келді ме, ол жағы маған белгісіз еді. Қалай болса да көптің аты көп. Бір нәрсе бола қалса, жалғыз менің физикалық, сандық және құқықтық тұрғыдан да ұтылатыным белгілі еді. Олардың тек Африкада болатын және мәңгі жауы, жеке дара жортқан арыыстанды анталай қауғалап қоршаған қорғау қасқырдыкіндей (гиена), қарын қамы мен өмір үшін жанталастағы үрей мен үміт үйіріліп, тесірейген шыны көздерінен ыза, кек, түңілу мен таңырқаудың табын көрдім. Сондықтан, Комитеттің мөрін, мөртабанын барлық құжаттар, заттар мен мүліктердің өткізу актісін жасап, келіп қатысқандардың барлығына қолдарын қойдырып, бір-бірлеп санап өткіздім… Сонда олардың мөрді алғандағы қуанғандары, әсіресе «Азат» қозғалысының төрағасы Ә.Ә-ның көктен «бесінші кітап» түскендей, оны менен алған вице-президент Ә.С-ға: «Қане, маған берші. Бұл Рекең ұстаған мөр ғой!» – деп сүйіп сүйіп алғаны әлі күнге дейін көз алдымнан кетпейді.

СЫБАЙЛАСТЫҚ СЫР БЕРГЕНДЕЙ

1995 жылдың 12 ақпаны мен 1-2 наурыздағы басынушылық пен заң- бұзушылықтарды тексеру туралы облыс әкімдігі, Әділет басқармасы, тағы басқа да құзіретті органдарға арыздар түсірдім.

Менің сол арызым бойынша тексеру нәтижесі туралы анықтама 1995 жылғы 22 наурызда дайын болған екен. Онда Комитеттің Жарғысы мен қызметіне қатысты 1991 жылдың қазан айынан бастап Р.Ә.-ке, төралқа мен атқару комитетінің мүшелеріне, Әділет басқармасына жазған хаттарымда, мәлімдеулерімде, арыздарымда көрсетілген және ретке келтірілуі керек деген кемшіліктердің, жалғандықтардың және құқық бұзушылықтардың дерлік барлығы өз дәлелдерін тапқан (қоғамдық бірлестіктер жөніндегі бөлімнің бастығы Р.Т.Болатованың анықтамасынан). Бірақ, Әділет басқармасының басшысы Б.Уалиханов Комитеттің президенттігін заңсыз «басып алған», араларында тарихшы ғалым, әскери полковник, полиция генералы, облыс әкімдігі, тағы басқа да ұйымдардың беделді қызметкерлерінің әрекеттерін әшкерелегісі келмеген болса керек, «сырғытпа» жауапты 35 күн дегенде берген (1995 жылғы 11 сәуір күні №1-17-485 санды хат). Яғни, оны «басқаншылар» 1995 жылғы 25 наурыз күнгі екінші жиналысын өткізіп, оның құжаттарын Әділет басқармасы тіркеуге алғаннан кейін ғана жолдаған. Бұл сыбайлас жемқорлық па, жоқ әлде «ағайынгершіліктің» белгісі ме?

Бұл арыздар қаралғанға дейін жоғарыда аталған адамдар 1995 жылғы 25 наурыз күні Комитеттің мәжілісін менсіз, маған айтпай өткізіп, «Аманқұл Күмісбеков қоғам жұмысын ыдыратты, жиналыста себепсіз болмады», – деп жауапты хатшылықтан және комитет мүшелігінен шығарыпты. Тағы басқа ұйымдық мәселелер қарап, Комитеттің 1995 жылғы 18 ақпанға дейінгі басшылығының барлығын босатып, олардың орнына басқа адамдарды, ал Ж.М.-ты президент етіп сайлапты.

МАҚТАҒАН ҚЫЗДАЙ, …

«Қазанға жолама – қарасы жұғады…», – дегендей, «бірінші президент» Р.А. мен азаматтық «Азат» қозғалысы облыстық бөлімінің төрағасы Ә.Ә.-ның тәлім-тәрбиесін алып, қоғамдық-саяси өмір мен қызметтегі қағидаттарын ұстанатын құйымырлар, «гермафродит» сияқтылар мен «басқыншылардан» тезірек аулақ кету керектігін ұқтым. Сондықтан, «үшінші президент» Ж.М-ның атына сот шешімімен анықталған 10 000 (он мың) теңгені және қызмет еткен 1994 жылдың 7 маусымы – 1995 жылдың 25 наурызы аралығына тиесілі еңбекақымды төлеп, толық есеп айырысу туралы арыздандым. Оны Комитеттің есепшотында болуға тиісті ақша есебінен немесе тағы басқа жолдармен төлеуді ұсындым. Бірақ Ж.М. оны өз бастамасымен орындағысы келмеді. Сені Комитеттің жауапты хатшылығына қабылдаған Ә.Р., сондықтан 10 000 (он мың) теңгені де содан өндіріп ал, – деді.

Комитетке «үшінші президент» болып сайланғанымен, жұмыс орнына келмегендіктен немесе ешкім болмағандықтан болса керек, ондағы заттар мен мүліктер ұрланады. Ол туралы «Шымкент келбеті» және «Своя газетада» «Есігінде күзет тұрса да» және «Беззащитный защитник» деген мақалалар жарияланады. Оларда Комитет пен «Азат» қозғалысы бөлмелерінің есіктерін зұлымдықпен сындырып, жиһаздарының біразын және заттарын тонаған. Құжаттарын шашып, жыртып, аяқасты еткен… осы ғимарат тиесілі облыстық іскі істер басқармасы тарапынан бөлмелерді босату туралы бізге ешкім алдын ала ескерткен емес. Сондықтан, бұл алдағы болатын парламенттік сайлауалды науқанына, оған кандидат ретінде үміткер етіп демократиялық комитет атынан Ж.М.-ның ұсынылуы мүмкіндігіне қарсы жоспарланған акция болар дегенді меңзейді.

Оны «Своя газета» газетінің тілшілері – О.Мязин мен Д.Досыбиевтің: «… В реалиях нашей сегодняшней жизни Демкомитет пожалуй – единственная дверь, за которой сидять люди готовые выслушать любого и помощь ему консультацией, советом, а в случае необходимости – отстаивать права любого до судебного разбирательства» деп көкке көтереді. Бірақ, Ж.М. «үшінші президент» болып сайланды деген күннен бергі уақытта сол «жалғыз есіктің» жабық тұрғанын, Ж.М-ға шағыммен қанша адамның келгені және олардың мәселелерінің қалай шешілгені туралы асығыс «ұрттаған суына түйіліп қалғандай» мыңқ етпейді…

Тағы да «… Председатель комитета (Ж.М. деп біліңіз) – юрист, бывший депутат районного и областного советов, один из самых ярких кандидатов в депутаты бывшего Верховного Совета, запомнившийся своим правдалюбием, непримиримой позицией по отношению к коррупции, бюрократизму и бездействию властей…», – деп қолпаштайды. Егер ол шын мәнінде сондай беделді, іскер, әділетқұмар болса, комитеттің жұмысы жүйелі жүргізіліп, шағымданып келушілер санының артуына пропорционалды түрде қаржылық жағдайы да жақсарған болар деген ойға қалдым. Сөйтіп, «ЭлитаR» газетінің тілшісі А.Б. мен Р.Ә.-ке менің және он жанды отбасы мүшелерінің ар-намысын негізсіз таптағандары үшін ресми түрде жазбаша кешірім сұрау және моральдық зардап шектіргендері үшін әрқайсысынан 15 000 (он бес мың) АҚШ долларын менің пайдама өндіріп әперуді сұрандым. Р.Ә.-тен немесе демократиялық комитеттен (президенті – Ж.М.) Абай аудандық халық сотының шешімімен және облыстық соттың ұйғаруымен анықталған 10 000 (он мың) теңгені, демократиялық комитеттен менің онда жұмыс еңбекақымды осы кездегі есептеу коэфициентіне сәйкес өндіріп әперіп, толық есеп айырысуды өтіндім.

Ж.М. оған жауап ретінде Абай аудандық халық сотына талап арыз түсірді. Онда мені талап арыздар жазумен Комитеттің қалыпты жұмыс істеуіне кедергі келтіруде деп, менен 250 000 (екі жүз елу мың) АҚШ долларын, ал халық сотынан маған 10 000 (он мың) теңгені төлету туралы заңсыз шешім қабылдады деп есептеп, одан 100 000 (жүз мың) АҚШ долларын шектірген моральдық залал ретінде өндіріп әперуді сұранған. Соған қарағанда «Своя газета» аяғын жерге тигізбей, «күйеуге беретін қыздай» мақтаған заңгер Ж.М. ҚР Азаматтық кодексімен анықталған — заңды тұлғалардың моральдық зиянды өтеуге құқығы жоқ дегенді білмей, біздерден жиынтығында өндіретін 350 000 АҚШ долларын өндіріп, тойлаймын деп, «о…» қойған сияқты. Бірақ Ж.М.-тың бұл талап арызының сотқа табысталғаны-табысталмағаны, қаралған-қаралмағаны маған беймәлім. Бұл іс сотта жаңғыртылуы мүмкін, егер …

КЕШ ҰҚТЫ, ӨКІНДІ, …

Менің жоғарыда аталған талап арызымның қаралуы барысында Р.Ә. Комитет төралқасына ұсыныс хат жазған. Онда қоғамның басшылығы тарапынан маған қатысты құқық бұзушылықтардың орын алғанын, сот шешімімен анықталған 10 000 (он мың) теңггенің төленбегенін, сондықтан аталған біріктірілген талап арыздың туындағанын көрсеткен. Маған қатысты орын алған құқық бұзушылықтардың барлығының қалпына келтірудің мүмкіндіктерін қарастыруды ұсынған.

Ол А.Күмісбековтың Комитетпен бейбіт бітімге келуіне оң ықпал етіп, ҚР Президентінің «Жалпыұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы» деп жарияланған Жарлығының орындалуына Комитеттің қосқан үлесі деп танылып, сонымен қатар беделінің өсуіне септігін тигізер еді. Осы ұсыныс бойынша қабылдаған шешімдері жөнінде А.Күмісбековты хабардар етіңіздер деген ізгі ниетін білдіреді. Осы мәселені қарау үшін сенімді өкілі Қ.С.-ге тапсырыпты. Бірақ, оның ұсынысын Комитет төралқасына табыстағаны және ол бойынша қандай шешім қабылдағаны маған белгісіз. Оның есесіне Қ.С. «Шымкент келбеті» газетінде «Ашуыңды ақылға жеңдір, бауырым Аманқұл» деген Ашық хат жазыпты. Онда «жаман ауруыңды» тағы да қозғағаны үшін сотқа: «Біріктірілген талап арыз түсіріпсің», – деп зымияндықпен «ескі жараның аузын тырнап», ар-намысымды таптап, мұқатқысы келген… Солай дей тұра Р.А.-мен татуласуды ұсынған. Мен оған жауап ретінде сол газетте «Жалған сөз – дерт, ақиқат – еш» деген қарымта Ашық хат жаздым. Онда өзің соншалықты ақылды болсаң, кезінде неге Р.А. мен Комитеттің тағы басқа басшыларына тежеу қойып, ымыраға шақырмадың! Олар маған қатысты жалғандық жасап, жала жауып, өздерің «дертке» шалдыққанда, маған ашуыңды бас, – деп ақыл айтасың. Енді сол «дерттен» барлығың бірге емделіңдер дегендей сыңай білдірдім.

Солай бола тұра Қ.С-ның «ақыл» айтуына байланысты емес, жоғарғыдағы «ұсынысын» және қартаң тартқанын, шаршағанын ескеріп, Р.Ә.-ты іс бойынша жауапкершіліктен босату туралы, оны кезекті қараған сот С.М.-ның атына арыз түсірдім.

СОТ ЖАЛҒАСУЫ МҮМКІН, …

Істі кезең-кезеңімен қараған соттарға жауапкерлердің қарсылық білдірулеріне және олардың қанағаттандырылуына байланысты бірнеше рет қараусыз қалдырылды. Менің арыз-шағымдарыммен, оларға қатысты қабылданған шешімдер мен қаулылар облыстық сот төралқасының 1998 жылғы 23 шілдедегі қаулысымен бұзылды. Нәтижесінде іс Абай аудандық сотында қаралып, менің «біріктірілген» талап арызым қанағаттандырылды. Жауапкерлер А.Г.-дан 240 000 (екі жүз қырық мың) және Ж.М –тен 286 561 (екі жүз сексен алты мың бес жүз алпыс бір) теңге мөлшеріндегі моральдық шығын менің пайдама өндірілді.

Ж.М-тың арыз-шағымына байланысты болса керек, облыстық прокуратура ол шешімді бұзып, орындалуын тоқтату туралы қаулы қабылдады. Облсот соның негізінде аталған актілерді бұзып, істі басқа сот құрамында қайта қарау үшін сол сотқа жіберу туралы прокуратураның наразылығын қанағаттандырды.

Оны қараған Абай аудандық сотына Ж.М. өзі бармай, сенімхат беріп, зейнеткерліктегі, Комитеттегі Р.Ә.-ден кейінгі нөмірі екінші қария әрі төралқа мүшесі Ш.О.-ны жіберіпті. Бірақ оның сотқа келгенін көрмедім.

Сот ісіне қатысқан А.Г-мен бейбіт келісім жасастық. Ол бойынша әр тарап өзіне алған міндеттемесін дер кезінде және толығымен орындады. Комитеттен 286 561 теңгені өндіру туралы мәселе ашық қалған болатын…

АЛДЫ ЖАБЫЛЫП, АРТЫ АШЫЛДЫ

Осы мақалада баяндалғандардан Р.Ә. мен қызы С.Ә. менің өмір тарихымды тиісті мекемелер мен органдардағы құжаттар бойынша толығымен зерттегені көрініп тұр. Сондықтан мен де Р.Ә. туралы өзіндік зерттеулер жүргіздім. Нәтижесінде, оның антипартиялық мінез-құлқына, ауыл шаруашылығы артелінің жарғысын бұзғаны үшін Сарыағаш аудандық партия комитетінің үгіт-насихат бөлімі меңгерушісі қызметінен бостылғанын білдім. Сауданы басқарудағы қанағаттанғысыз ісі, аудандық тұтынушылар одағының аппаратын жарамсыз кадрлармен былықтырғаны, қылмыскерлерді бүркемелегені және кооператив меншігін талан-таражға салғандар Б. және Т.-мен жеке байланысы, олардан кеңшар рабкооп есебінен тегін азық-түлік алғаны үшін Шаян аудандық партия комитетінің екінші хатшысы болған кезінде қатаң сөгіс алып, Қазақстан КП облыстық комитетінің мүшелігіне кандидат құрамынан шығарылған екен…

«Р.Ә.-ті «СҰЛАТТЫ», ДЕМОКРАТИЯ ТУЫН «ҚҰЛАТТЫ»

Оңтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің деректерінде, аталған демократиялық Комитет пен жауапты хатшы қызметін мен атқарған кезде дайындалған кұжаттармен 1991 жылғы 11 желтоқсанда №0001 санымен тіркеуден өткен күйінде қалған екен. Басшысы А.Р. деп көрсетілген. 1996-2005 жылдар аралығындағы басшылық органдары туралы мәліметтер жоқ деген.

Сонымен қатар «Азат» қозғалысы және «Қазақ тілі» қоғамы Әділет департаментінде тіркелмеген екен. Бұл ұйымдар туралы Шымкент облыстық атқару комитетінің 1990-1991 жылдардағы және Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімшілігінің 1992-1995 жылдардағы құжаттарының арасында да кездеспегенін облыстық мұрағаттан да алынған анықтамалар растады.

Соған қарағанда аталған демократиялық комитеттің, «Азат» қозғалысының және «Қазақ тілі» қоғамының Қазақстан Тәуелсіздік алып, өзінің «Қоғамдық ұйымдар туралы» заңын қабылдаған 1992 жылдан бергі кезеңде мемлекеттік тіркеуден қайтадан өтпеген. Сондықтан, олардың атқарған қызметі мен қабылдаған шешімдері заңсыз деуге негіз береді. Егер солай болса, онда менің 1991-1992 жылдары демократиялық комитеттің Жарғысы мен тағы басқа да құжаттарын заң талаптарына сәйкестендіріп, барлығын реттеп, қайтадан тіркету қажет деген ұсыныс/талаптарымның заңды, оның «президентерінің» сайланулары мен қабылдаған шешімдері негізсіз деп есептелуі тиіс емес пе?!

Осыған орай Бенджамин Франклиннің: «… Әлемдегі ұлы оқиғалар, соғыстар, революциялар және тағы басқаларды партиялар жасайды және жүргізеді: — дегенін: «…Қоғамдық ұйымдар да оларға өз үлестерін қосады…. Қоғам өзінің ортақ мақсаттарын іске асырып жатқанда әрбір адам өзінің ерекше жеке мақсаттарын көздейді. Қоғам қалай өз мақсатына жетеді, солай әрбір адам өзінің жеке пайдасының қамын жей бастайды. Сонымен ол өзгелермен қарама-қайшылыққа түседі де қоғамда жікке бөліну басталады. Бұл бұрынғыдан да зор былықты тудырады…», – дегенін салыстырмалы түрде келтіруді жөн көрдім. Оның бұл тұжырымының шындығын және өміршеңдігін демократиялық Комитеттің «екінші президенті» және «Қазақ тілі» қоғамының жауапты хатшысы болған Ж.К.-тың Шымкент қалалық әкімшілігіне және «үшінші президент» Ж.Т.-ның облыс әкімшілігіне лауазымды қызметке орналасуына, «Азат» қозғалысы басшысының жоғары оқу орнына қызметке кеткеннен кейін, ол қоғамдық ұйымдардың тоқырағандары растап тұрғандай. Ал ондай жағдай түбінде республикадағы қоғамдық ұйымдардың қожырап, кейбіреулерінің жергілікті әкімшіліктердің ыңғайына қарай іс-қимыл көрсететін «қолбала қуыршақтарға» айналатынын және айнала бастағанын тарих тағылымы көрсетуде.

Жоқ, олай емес! Немесе біз (мен) ондай емеспін! – деген қоғамдық ұйымдар, олардың басшылары мен мүшелері болса, мен ондайларды қуана қарсы алып, құрмет тұтуға, мүдделес болуға және бірге қызмет етуге дайынмын!

Аманқұл КҮМІСБЕКҰЛЫ.

Шымкент қаласы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *