МЕГАПОЛИС ДЕГЕН АТҚА ЛАЙЫҚТЫ ҚЫЗМЕТ ЕТУ КЕРЕК

Қоғам
787 Views

Шымкентте қалалық Сәулеттік кеңесінің бірінші отырысы өтті. Оған қала әкімі Е. Айтаханов қатысты. Жиында «Shymkent City» жобасының аумағындағы тұрғын үй кешендерінің, Арғынбеков көшесіндегі көпқабатты тұрғын үй кешенінің, Нұрсәт шағынауданындағы «Nur-Sultan Plaza» көпқабатты тұрғын үй кешенінің, олардың қасбеттерінің, сондай-ақ көпқабатты автотұрақтардың эскиздік жобалары талқыланды.

– Бүгінде Шымкент қаласы жаңа леппен, жаңа қарқынмен дамуда. Қаланың сәулеті, әсемдігі мен көркі архитекторларға тікелей байланысты. Кез келген құрылыс нысанын салғанда кеңес мүшелері бір кісідей атсалысу қажет. Себебі, біз тарихи кезеңді бастан өткерудеміз. Мегаполис деген атқа лайықты қызмет ету – баршамыздың парызымыз. Сәулеттік-көркемдік шешімдерді нақтылау барысында қателіктер жібермеуіміз керек. Қаланың қасбетін көркейтуде кәсіби көзқарастарыңызды айтып отырғандарыңыз абзал, – деді жиында сөз алған Ерлан Қуанышұлы.

Кеңес отырысында әлемдік нарықта өзіндік орындары бар «High Vill» және «Feb Group» құрылыс компаниялары өздерінің жобаларын таныстырды.

Айта кетейік, қалалық Сәулеттік кеңес 23 адамнан құралған. Оған Қазақстанға еңбегі сіңген сәулетшілер, суретшілер, мүсіншілер, тиісті басқарма басшылары мен құзырлы мекемелердің жауапты мамандары енгізілген.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *