ТЕМІРДЕЙ ТӘРТІП ТӨЗІМДІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕЙДІ

Қоғам Құқық
888 Views

Шымкент қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі ИЧ-167/3 мекемесінде сотталғандардың пайдалануына қатаң тыйым салынған заттардың түзеу мекеме аумағына енуінің жолы кесілуде.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 17 қарашадағы №819 бұйрығына сәйкес ҚАЖ мекемелерінде ұсталатын адамдарға беру немесе беруге әрекеттену үшін (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 287, 296, 297-баптары) және (Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 481-бабы) жауапкершілікке тартылатындықтары туралы ескертілген. Алайда, жоғарыда көрсетілген ескертуді біле тұра алып кіруге талпыну фактілері орын алуда. Атап айтқанда:

2019 жылы 12 тамызда сағат жергілікті уақытпен 15:50 шамасында ИЧ-167/3 мекемесінде сәлем-сауқат тарату бөлмесінде сотталған Р. Атына азаматша Ж-дан келіп түскен бандеролін тәнту-тексеру арқылы сотталғандарға беру барысында зефирдің (ақ түсті конфет) ішінен целофанға оралған есірткі затына ұқсас күмәнді ақ түсті ұнтақ анықталып, сараптама жұмыстарын жүргізу үшін Шымкент қаласы Абай АПД қызметкерлері шақыртылып, тәркіленіп алынды. Сол күні ЕРДР-ға тіркеліп, 14 тамызда Шымкент қаласы бойынша сот сараптамалар институтының қорытындысымен 0,09 грамм героин екені анықталып, ҚР ҚК-нің 296 бабы 4-бөлімімен қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда процессуалды шешім қабылдануда.

2019 жылы 15 тамызда жергілікті уақытпен 11:30 шамасында ИЧ-167/3 мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталған М-ға екі тәулікке ұзақ мерзімді кездесуге келген Б. есімді зайыбы мекеменің №2 БӨБ-де жеке басы және жеке заттарын тексеру барысында көк түстің роликтік шабаданның ішіндегі киім-кешекпен азық-түліктердің астына жасырылып, қағазға оралған күдікті көк түсті шөп табылып, сараптама жұмыстарын жүргізу үшін Шымкент қаласы Абай АПБ қызметкерлері шақыртылып, тәркіленіп алынды. Сол күні ЕРДР-ға тіркеліп, ертеңіне Шымкент қаласы бойынша сот сараптамалар институтының қорытындысымен 1.58 грамм марихуанна екені анықталып, ҚР ҚК-нің 296 бабы 2-бөлімімен қылмыстық іс қозғалды.

Нұрбақыт КӨШКІНБАЕВ,

Шымкент қаласы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті ИЧ-167/3 мекемесі режим бөлімінің жедел уәкілі, әділет аға лейтенанты.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *