ОРДАЛЫ «ОҢТҮСТІКТІҢ» ТОРҚАЛЫ ТОЙЫ

Мерей
833 Views

ХХ ғасырдың жиырмасыншы жылдары Ташкентте жарық көрген «Ақ жол» газетін аса көрнектімемлекет және қоғам қайраткерлері – Сұлтанбек Қожанов пен Тұрар Рысқұловнегізін қалаған болатын. Облыс, қала берді республика тарихымен тамырлас«Оңтүстік Қазақстан» газетіне айналған бұл басылымға биыл 95 жыл толып отыр.Осы жылдар аралығында облыстың бас газеті өсу, өркендеу дәуірін бастан өткерді.Облыстық, өлкелік, қайтадан облыстық басылымға айналды. ҚазақстанРеспубликасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтыңарнайы Жарлығымен құрылған Түркістан облысы әкімдігінің органы ретінде бүгіндекүншуақты өңірдегі аудан-қалалардың тыныс-тіршілігін қалың оқырман қауымғажеткізу жолында атқарып отырған жұмыстары орасан.

Күні кешеРухани астанамыз іспеттес тәбәрік Түркістанның төрінде Оңтүстіктегі басбасылымның 95 жылдық торқалы тойы кеңінен атап өтілді. Қожа Ахмет Ясауиатындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің мәдениет сарайынажиналғандардың есебі жоқ. Залдан ине шаншар жер табуға болмайды. Қарашаңырақгазеттің ойлы оқырмандары өздерінің сүйікті газетіне деген ынта-ықыластарыносылайша танытты.

Салтанатты жиында Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы Берік Уәли, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Айгүл Қап-барова, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Дархан Мыңбай, Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев, Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов мерейтой иелеріне жолдаған құттықтауларының мәтіндері оқылды.

Сый-сияпатсыз, тарту-таралғысыз той өткен бе?! Бұл күні марапат алмаған газет қызметкері қалмады. Бәрінің де ел үшін, халық үшін, оқырман үшін атқарған ерен еңбектері еленіп, тиісті бағасын алды. Той иелерінің құрметіне ән-күйден шашу шашылды. Халық әртісі Қажыбек Бекбосынов домбыра шанағынан күмбірлеген күй төгілтті.

Осы мерейтойдың аясында Түркістан облысы мен Шымкент қаласындағы бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің басын қосқан «Өңірлік БАҚ: проблемалары мен перспективалары» атты форум өткізілді. Онда журналисттер қауымы өздерін толғандырып жүрген ой-пікірлерін ортаға салды.

Әріптестеріміздің тойы – біздің де тойымыз. Республи-калық қоғамдық-саяси, тарихи-танымдық «Әділет. Рухани жаңғыру» газеті Түркістан облыстық «Оңтүстік Қазақстан» газетінің ұжымын, директор-бас редакторы, елімізге белгілі журналист Абай Балажанды торқалы тойларымен шынайы құттықтап, оларға мол шығармашылық табыс тілейді. Қуаныштарына ортақтасып, қашанда бірге қоян-қолтық жұмыс істеуге мүдделі екенін білдіреді. Алар асуларымыз да, бағындырар биіктеріміз де көп болғай!

Ордалы «Оңтүстіктің» қуанышына ортақтаса отырып, торқалы тойдан түсірілген фоторепортажды оқырмандар назарына ұсынуды жөн көрдік.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *