РУХТЫ ЖАСТАР САНАНЫҢ ЖАҢҒЫРУЫ ЖОЛЫНДА

Жастар
1 042 Views

Егемен елімізде жастар тәрбиесіне жете көңіл бөлініпкеледі. Олардың сапалы білім алуына, емін-еркін еңбек етуіне барлық жағдай жасалған. Жастарды қолдап, қуаттауға арналған сан түрлі мемлекеттікбағдарламалар жұмыс істейді. Биылғы жылдың Жастар жылы деп жариялануы дакөңілге медеу болды. Білім алуға деген мемлекеттік гранттардың саны артты.Жастар тұрғын үймен қамтамасыз етілуде. Елімізде жасалып отырған осындайқамқорлыққа жауап ретінде жастар да өнімді еңбек етіп, терең де сапалы білімалуға талпынуда. Бұл – қуанарлық жағдай.

Адам ұрпағымен мың жасайды. Өзінен гөрі ұрпақ қамын жоғары қоятын ұлтымыз алдында талай сын сағаттар күтіп тұрған еліміздің ертеңі үшін жасалып жатқан бастамаларды болашаққа салынған үлкен капитал деп қабылдады. Елбасы мақаласында ұлттық сананы қалыптастыру, сананың ашықтығына қол жеткізу, ұлттық кодты анықтау, ұлттық бірегейлікті сақтаудан бастап, прагматизмді басшылыққа алып, жаңа қазақстандық патриотизмді нығайту, салт-дәстүрімізді дамытуға дейінгі маңызды мәселелер қамтылған. Бұл құжат арқылы Елбасы әрбір қазақстандықтың санасын жаңғыртудың алты негізгі бағытын айқындап берді. Сондықтан кез келген азаматтың бойынан табылуы тиіс алты қасиет және елдік пен бірлікке бастайтын алты жобаның қай-қайсысы да ерекше маңызға ие. Өйткені адамзат қоғамының қай сатысында болмасын өзіндік мәнін жоймайтын, халықтың сан ғасырлық тәжірибесінде қатал өмірлік сыннан өткен басты құндылықтың бірі – елдің берекесі мен бірлігі дер едік.

Жастардың рухани жаңаруы – сананың сергек болуының кепілі десек, Елбасы бұл мақаласында ұлттық сананы жаңартып, рухани жаңғырудың маңыздылығын тізбектеп көрсетіп берді. Рухани жаңғыруда қойылып отырған мәселенің бірі – сананың ашықтығы. Желкілдеп өсіп келе жатқан жас өскіндерге ұлтымыз бойындағы тек жақсы қасиеттерді сіңіріп, озық білім мен үздік жаңалықтарды дамытсақ, озық 30 елдің қатарына енеріміз анық.

Елбасының болашаққа бағдар сілтеудегі негізгі мақсаты – ұлттық рухты қалыптастыру, әр жастың санасына туған жеріне деген сүйіспеншілікті, ал жүрегіне ізгілік нұрын ұялату.

Қазіргі қоғам көзқарасы қалыптасқан зерделі де зерек тұлға тәрбиелеуі тиіс. Бұл үшін ілім-білімге ұмтылып, жан-жақты жетілген жөн.

«Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда, ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс» деген жолдардың астарында үлкен мағына жатыр. Шынында да рухы биік азаматтары бар елдің іргесі мәңгілік болары хақ.

Неғұрлым тұтастыққа жету үшін елді айшықтап тұрған ұлттың танымдық, тәрбиелік маңызға бай әдет-ғұрып, салт-дәстүрлері қажет. Кез келген халықты өзінің төлтума рухани құндылықтары мен ізгі қасиеттері ғана біріктіре алады.

Әр халық ел болып ғұмыр кешуі үшін жастардың санасына ұлттық құндылықтарын сіңіріп, рухани болмысымен өмір сүруге баулиды.

Бүгін ерте, ертең кеш болмас үшін алға ұмтылу керек. Уақыт – адам­ның өмірлік капиталы. Бір данышпанның мы­­­нан­дай қанатты сөзі бар екен: «Ке­шегі күн өтіп кетті. Ертеңгі күн белгісіз. Сондықтан бүгінгі күн­­нің құны мен қадірін біл». Уа­қыт­ты меңгере алмаған адам же­тіс­тікке жете алмайды. Осы орайда, уақытты меңгеріп, тиімді пайдаланып, қала өмірін, қала жастарының өмірін жақсартуға белсене атсалысып жүрген Шымкент қаласы білім басқармасының политехникалық колледжінің студенті Тимур Казьмин туралы айтпасақ болмайды. І курстан бастап өзін таныта білген Тимурдың болашағы жарқын екеніне сенімдіміз, өйткені, ол – Шымкент қалалық жастар маслихатының депутаты болып сайланған 29 жастың бірі.

Ел ертеңi – бiлiмдi жастар. «Бұлақ көрсең көзiн аш» дегендей, қазақ жастарын бiлiмге бағыттайық. Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның болашағы – бүгiнгi жастар. Сiздер оларға қалай бiлiм берсеңiздер, Қазақстан сол-деңгейде болады», – деп атап көрсеткен. Елiмiздiң болашағы жастардың еңбекқорлығына, талап-тiлегiне, арман-мұратына байланысты. Олар ата-бабаларымыздан мұра болып келе жатқан құндылықтарымызды, тарихи дәстүрлерiмiздi жаңғыртып, оны алға бастырып қана қоймай, экономикасын, ғылымын да дамытуға, жiгерлене ел үшiн еңбектенуге мiндеттi. Ендеше жастар еңбек жолына түскенде ғана қоғамын өрге бастыра алады. Отаншыл халық жастары болмаған елдiң болашағы – қараңғы. Жаңа заман тәуелсiз ел мұраты – жастардың бiлiмi мен бiлiктiлiкке талпынып әрекеттенуiн, еңбектенiп өсуiн талап етiп отыр. «Елiңнiң ұлы болсаң, елiңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың мемлекетiн нығайтып, көркеюi жолында терiңдi төгiп еңбек ет. Жердiң де, елдiң де иесi екенiңдi ұмытпа».

Елбасының «жаңғыруға деген ішкі ұмтылыс – біздің дамуымыздың ең басты қағидасы» деген тезисі бүгінгі таңда өте өзекті. Сананы жаңғырту біздің мақсаттарымыздың бірлігін, құндылықтарымыздың ортақтығын және қоғамдық келісімнің қуатын айшықтайды. Қоғамдық сананың өзгеруі сынаптай сырғыған уақытта, жаңа сын-қатерлер заманында Қазақстан дамуының негізі болатын тұрақтылықты, бірлікті, татулықты нығайтуға мүмкіндік береді.

Г.С.ПІРНАЗАРОВА,

Шымкент политехникалық колледжі әлеуметтік-гуманитарлық пәндер бірлестігінің оқытушысы.

Шымкент қаласы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *