ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ПРОКУРАТУРА ОРГАНДАРЫНДАҒЫ КАДРЛЫҚ ТАҒАЙЫНДАУЛАР

Қоғам Құқық
1 548 Views


Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 12.02.2020 жылғы бұйрығымен Шымкент қаласы прокурорының бірінші орынбасары қызметіне Нұржан Ақыпбекұлы Сейдалиев тағайындалды.

Н.А. Сейдалиев 27.01.1973ж. Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданының Кеңесшіл село-сында дүниеге келген.

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің заң факультетін бітірген.

Прокуратура органдарындағы қызмет өтілі – 16 жыл.

Соңғы қызмет орны – Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының прокуроры.

* * *

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 12.02.2020 жылғы бұйрығымен Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының прокуроры қызметіне Қантөре Мырзанұлы Хандиллаев тағайындалды.

Қ.М. Хандиллаев 03.02.1978ж. Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласында дүниеге келген.

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің заң факультетін бітірген.

Прокуратура органдарындағы қызмет өтілі – 20 жыл.

Соңғы қызмет орны – Шымкент қаласы Қаратау ауданының прокуроры.

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 12.02.2020 жылғы бұйрығымен Шымкент қаласы Еңбекші ауданының прокуроры қызметіне Талғат Мықтыбек таға-йындалды.

Т.Мықтыбек 13.04.1975ж. Шымкент облысы Шымкент қаласында дүниеге келген.

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің заң факультетін бітірген.

Прокуратура органдарындағы қызмет өтілі – 20 жыл.

Соңғы қызмет орны – Шымкент қаласы прокуратурасының басқарма бастығы.

* * *

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 12.02.2020 жылғы бұйрығымен Шымкент қаласы Қаратау ауданының прокуроры қызметіне Досымхан Әскербекұлы Айтишев тағайындалды.

Д.Ә.Айтишев 24.09.1974ж. Жамбыл облысы Мойынқұм ауданында дүниеге келген.

Қазақ гуманитарлық-заң университетінің заң факультетін бітірген.

Прокуратура органдарындағы қызмет өтілі – 12 жыл.

Соңғы қызмет орны – Шымкент қаласы Қаратау ауданы прокурорының орынбасары.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *