ШЫМКЕНТ ЖӘНЕ «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ»

Рухани жаңғыру
1 408 Views

ҚРТП Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» аттыбағдарламалық мақаласын тиімді іске асыру мақсатында 2019 жылдың 1 сәуірінде Шымкент қаласында «Рухани жаңғыру» бөлімі құрылды.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асырудың 2019 жылға арналған іс-шаралар жоспары 77 тармақтан құралды. Бағдарлама аясында 2019 жылдың сәуір-желтоқсан айларында жалпы 742 шағын және ауқымды іс-шаралар өткізіліп, оған 431 100 адам қамтылды. Өңірлік жоспарға сәйкес 82 іс-шара Халықаралық, республикалық, аймақтық деңгейде ұйымдастырылды.

Бағдарламаны ақпараттық сүйемелдеу бойынша республикалық және өңірлік БАҚ-тарда, әлеуметтік желілер мен ақпараттық порталдарда 1917 материал жарық көрді.

Бағдарлама аясында:

«Туған жер» жобасының «Атамекен» кіші бағдарламасы шеңберінде демеушілер мен меценаттар есебінен Шымкент қаласында құны 3 млрд. 358 млн. теңгені құрайтын бес жоба іске асырылды.

Өлкенің тарихын кеңінен тану, зерделеу мақсатында қала мектептерінде 5, 6, 7 сыныптарға арналған «Өлкетану» және «Өлкетану хрестоматиясы» оқулығын алуға бюджеттен 124 млн. 664 мың 700 теңге бөлініп, 72 380 дана оқулық таратылды.

«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы бойынша мемлекеттік тілге аударылған 48 оқулықты таныстыру презентациясы жоғары оқу орындары мен кітапханаларда өтті.

«Қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру» жобасын жүзеге асыру үшін арнайы желілік кесте әзірленді. Жыл басынан 63 іс-шара ұйымдастырылып, БАҚ арқылы насихатталды.

«Қазақстанның рухани киелі жерлері. Қазақстанның сакралды географиясы» жобасы бойынша Шымкент қаласында 62 іс-шара өткізілді. Жалпы, жоба бойынша жеті тарихи-мәдени ескерткіш – жалпыұлттық маңызы бар қасиетті, тарихи жерлердің тізіміне, ал сегіз нысан – жергілікті маңызға ие орындар қатарына енді.

Қала көшелерінде киелі орындардың тарихи деректері мен сипаттамасы бейнеленген 27 баннер ілінді. Жергілікті телеарналарда 21 бейнеролик көрсетілді.

«Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы аясында республикада бірінші болып, «Ұлы дала хикаялары» атты заманауи өнер туындыларының жылжымалы көрмесі өтті.

Қараша айында Өзбекстан астанасы – Ташкентте Қазақстанның Өзбекстандағы жылы аясында «Шымкент – шырайлы шаһарым!» атты мәдениет күндері өтті.

Шымкент «2020 жылғы ТМД елдерінің мәдени астанасы» эстафетасын салтанатты түрде қабылдады. Мәдени астанада 34 іс-шара өткізу жоспарланған. «Шырайлы Шымкент: Береке басы – бірлік» тақырыбындағы қоғамдық форум осы іс-шаралардың бастамасы ретінде былтыр ұйымдастырылды. Бұл форум тұрақты түрде жұмыс істейтін болады.

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы аясында республикалық «100 жаңа есім» конкурсына Шымкенттен 81 үміткер қатысты. Нәтижесінде, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының ІІІ маусымында топ жарған 32 қазақстандықтың қатарына Алдияр Жұмажанов қосылды. Шымкент қаласының көшелерінде республикалық жоба жеңімпаздары бейнеленген 37 баннер орналастырылған.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының бағыттары мен арнайы жобаларын тиімді, сапалы іске асыру мақсатында «Кітап оқып, рухани бай бол!» байқауы жыл соңында қорытындыланды.

Шымкентте қазақтың мәнін жоймас құндылықтарын насихаттауға арналған «Дәстүрім ‒ асыл қазынам» кітабы және «Ұлттық киімдер» фотоальбомы, «Жаңа ғасыр әуендері» атты жас ақындар антологиясы жарық көрді.

Қазан-қараша айларында «QazaqEpos» қоғамдық қорының жобасы аясында «Тұлпар мініп, ту алған!» батырлар жырын жатқа айту байқауы ұйымдастырылды. Жыр байқауына 1116 оқушы, 600 мұғалім қатысты.

«Ұлы даланың ұлы есімдері» арнайы жобасы аясында Мемлекет және қоғам қайраткерлері Сұлтанбек Қожанов және Тұрар Рысқұловтың 125 жылдық мерейтойына арналған республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы ұйымдастырылды. Ұлы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы қарсаңында «Абай даналығы ‒ халық мұрасы» атты әдеби-композициялық кеш, танымдық сағаттар өткізілді. Этнограф, ғалым, мемлекет қайраткері Өзбекәлі Жәнібековтың «Дәстүрдің дара діңгегі» атты бұрышы (мүйісі) «Рухани жаңғыру» кеңсесінің жанынан қалалық әдет-ғұрып, салт-дәстүр орталығында ашылды.

2020 жылға Шымкент қаласының әкімі бекіткен 144 тармақтан тұратын кешенді жоспар бар.

ҚР Президент әкімшілігінің және Ақпарат, қоғамдық даму министрлігінің шешімімен 2020 жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы үшбағыт бойынша іске асырылады. Бұдан бөлек ғұлама тұлғалар – Әбу Насыр әл-Фараби мен Абай Құнанбайұлының мерейтойларына байланысты іс-шараларды және «Шымкент – ТМД елдерінің мәдени астанасы» жылына, Ұлы Жеңістің 75 жылдығы, Алтын Орданың 750 жылдығына арналған іс-шараларды да жоғары деңгейде өткізу жоспарлануда.

«Шымкент – Достастықтың мәдени астанасы» деген атаумен басталатын биылғы шаралардың салтанатты ашылуы 22 наурыз күні Орталық стадионда өтеді.

Этноауылдың ашылуы, «Жібек жолы» ТМД елдерінің қолөнер шеберлерінің көрмесі, «Шымкент – қызғалдақтар қаласы» фестивалі, ТМД елдерінің «Ұлттар достығы» цирк қойылымдары, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған ТМД елдерінің театр фестивалі, «Бресттен Берлинге дейін» атты ашық аспан астындағы көрме, Халықаралық «Алтын сақа» анимациялық фильмдердің фестивалі, Қазақстандағы ресейлік фильмдердің апталығы, «Шымкент – қайырымды қала» балалар шығармашылығының фестивалі, Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған ғылыми-тәжірибелік конференциясы: оның аясында жазушылардың шығармашылық кездесуі, Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына арналған «Шымкент – қайырымды қала» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция, Шымкент қаласының 2200 жылдығына арналған Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция, ТМД елдері балалар жазушыларының форумы, тағы басқа да Халықаралық, республикалық іс-шаралар ұйымдастырылады. Барлығы – 34 шара. «Шымкент – мәдени астана» жылының салтанатты жабылуы қараша айының соңына жоспарланған.

Г. ҒАНИҚЫЗЫ.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *