Бокстан 2000 жылғы Сидней Олимпиадасының чемпионы, қыршын кеткен қазақтың талантты ұлы Бекзаттың әкесі Сейілхан САТТАРХАНОВ өмірден озды.
Бекзат Саттарханов 1980 жылы 4 сәуірде Түркістан қаласындағы қарапайым отбасында өмірге келген болатын. Ол – үйдің сүт кенжесі. Әкесі – Сейілхан, анасы – Сырлыкүл. 20 жасында өмірден озған саңлақ спортшының Бағдат, Болат, Мақсат есімді ағалары бар.
* * *
Республикалық қоғамдық-саяси, тарихи-танымдық «Әділет. Рухани жаңғыру» газетінің ұжымы бокстан 2000 жылғы Сидней Олимпиадасының чемпионы, қыршын кеткен қазақтың талантты ұлы Бекзат Саттархановтың әкесі Сейілхан САТТАРХАНОВТЫҢ қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен ағайын-туысқандарына қатты қайғырып көңіл айтады.