ШЕР-АҒА «ӘДІЛЕТ» ГАЗЕТІНЕ ӨЗІНІҢ АҚ БАТАСЫН БЕРГЕН БОЛАТЫН

Таным Өмір-өзен
1 226 Views

Өмір – өзен ағады да кетеді. Дүние – жалған деген осы да. Көз жасымызды ағызып, қабырғамызды қайыстырып, тағы бір асыл жаратылған жан, таутұлға, қазақтың айтулы атпал азаматы – Шер-аға, Шерхан Мұртазаұлы атамыз өмірден озып отыр.

Шер-аға қолына қалам ұстаған журналист, ақын-жазушылардың шынайы досы еді. Алдына барған жанға ақыл-кеңесін айтып, батасын беріп жататын. Бата демекші, қазыналы қария 2010 жылдың 5 мамырында Шымкент қаласында жарық көрген республикалық «Әділет» газетіне өзінің ақ батасын берген болатын. Газеттің директоры-бас редакторы екеуі 2010 жылы фотосуретке де түскен еді.

Зымырап өтіп жатқан қайран уақыт. Содан бері де сегіз жыл өтіп кетіпті.

Бүгінде сол Шер-ағадан көз жазып қалып отырмыз. Қанша жерден өлімге қимағанымызбен, қатал тағдыр өз дегенін істемей қоймайды екен. Амал қанша, бәріне көндігеміз де.

Ардақты Шер-аға! Бақұл болыңыз! Жатқан жеріңіз жайлы, топырағыңыз торқа болсын!

Жаныңыз жәннаттан табылып, пейіште нұрыңыз шалқысын!

«Жаңбырменен жер көгереді, батаменен ел көгереді» дегендей, күні кешегі «Әділет», бүгінгі «Әділет. Рухани жаңғыру» газеті өзіңіз берген ақ батамен өсіп, өніп, құлашын кеңге жайып келеді. Сіздің асқақ рухыңыз бізді қашанда қолдап, демеп жүре берсін дейміз.

Ақ тілекпен,

редакция ұжымы.

Шымкент қаласы.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *