КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫ ЖАҢА МІНДЕТ ЖҮКТЕУДЕ

Денсаулық Қоғам
678 Views

Төрткүл әлемде COVID-19 вирусының таралуына байланысты Қазақстан Республикасының Президенті2020 жылғы 15 наурызда елде төтенше жағдай енгізгенін бәріңіз жақсы білесіздер.Сол себепті еліміздегі соттардың барлығы сот процестерін бейнеконференцбайланысжүйесін қолдану арқылы «TrueConf» мобильді қосымшасымен қашықтықтан қарауғакөшіп отыр. Сотқа тапсырылатын құжаттар «Сот кабинеті» сервисі арқылыэлектронды нұсқада қабылданады. Құзырлы органдар сотқа қылмыстық істердіжолдауды және азаматтық істер бойынша тараптар құжаттарды тапсыруды тоқтататұру туралы хабарламалар мен түсіндірмелер жасауда. Дегенмен, келіп түсетінарыздар саны азаяр емес.

Жергілікті атқарушы органдар, денсаулық сақтау, санитарлық қызметтер және құқықтық тәртіп мекемелері азаматтарымыздың өмірі мен денсаулығын қамтамасыз етуге бағытталған барлық қажетті шараларды қабылдауларына қарамастан, төтенше жағдай режимін бұзған адамдар ұсталып, оларға тиісті шаралар қолданылуда.

Қазіргі таңда қаламызда вирусты жұқтырған 11 адам тіркеліп отыр. Қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтенов 4 сәуірден бастап Шымкент қаласы толықтай карантинге көшетінін мәлімдеді. Барлығымыздың мақсатымыз – COVID-19 вирусының таралуын тоқтату. Өйткені, басқа елдердің бұл жағдайға немқұрайлы қарауынан, вирустың алып келген өте ауыр салдарын көріп отырмыз. Еліміздің ең басты құндылығы – адам денсаулығы мен өмірі. Сондықтан, шыдамдылық танытып, мемлекет қабылдап жатқан шараларға түсіністікпен қарауларыңызды, аса маңызды себепсіз үйден шықпауларыңызды, татуласуларыңызды және сот процестеріне қашықтықтан қатысуларыңызды сұраймыз.

Карантин шектеулерін қатаң сақтаған жағдайда ғана Сіздер өздеріңіз бен жақындарыңызды инфекция жұқтырудан сақтайсыздар. Сол арқылы қалыпты өмірге қайта оралуға үлес қоса аласыздар. Ел басына күн түскенде барлығымыз бірігер болсақ, бұл дертті де жеңеріміз анық.

М. ӘМІРБЕКОВ,

Шымкент қаласы Қаратау аудандық сотының төрағасының міндетін атқарушы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *