«РУХАНИ ҮШ ТІРЕК»

Руханият
1 119 Views

Шымкент қаласындағы орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесіне қарасты Абайатындағы орталық кітапханасында Қазақстан Республикасының Мемлекеттікрәміздерін дәріптеу бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. Осы бағыттаоқырман қауыммен бірге сан алуан іс-шаралар өткізіледі.

Міне, солардың бірі «Ұлттық рухтың нышандары» атты патриоттық тағылым кеші дер едік. Оған Абай ауданы әкімдігі аппараты мәдени-ағарту бөлімінің басшысы Бауыржан Арынғазиев, қалалақ Жастар ресурстық орталығы басшысының орынбасары Жани Қамбар, Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті колледжінің кітапханашысы Бақтылы Бердімұратова және бір топ студенттер қатысты.

Алдымен Бауыржан Арынғазиев Мемлекеттік рәміздердің жастар тәрбиесіндегі атқаратын рөлі, тәуелсіз Қазақстанның рәміздерінің жасалу тарихы туралы мазмұнды баяндама жасады. Кеш барысында оқырмандар назарына Мемлекеттік рәміздер болып табылатын – тулар, елтаңбалар, әнұрандар жайлы жазылған кітаптарға шолу жасалды.

Қазақстандық патриотизм, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жетістіктерін мақтан тұту идеяларын кеңінен дәріптеу, қазақстандықтардың Мемлекеттік ту, елтаңба, әнұранға деген құрмет сезімін қалыптастыру мақсатында Шымкенттегі ОККЖ-не қарасты №8 кітапхана бөлімшесінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерін дәріптеуге байланысты «Рухани үш тірек» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқырмандарға таныстырылды.

Сөз орайы келгенде мынадай мәліметті де айта кетейік. 1992 жылдың 4 маусымында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» заңға қол қойған. Бұл күн еліміздің тарихында Мемлекеттік рәміздеріміз – ту, елтаңба және әнұранның алғаш рет бекітілген күні болып қалды. 2007 жылы Елбасының арнайы Жарлығымен 4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні ретінде бекітілді.

Іс-шара Мемлекеттік әнұранның орындалуымен басталды. Басқосуға қаладағы №35 жалпы мектеп оқушылары қатысты. Кітапханашы Гүлмира Жұмабаева өз сөзінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері жайлы айта отырып, «Жүрегі қазақ деп соққан әрбір азамат егемен еліміздің Мемлекеттік рәміздерін мақтан тұту керек», – деген ойын білдірді. Жастар мемлекеттік рәміздер туралы өлеңдер оқыды.

Көрмеге Тәуелсіз де егемен еліміздің Ата заңы – «Қазақстан Республикасының Конституциясы», «Елтаным», Ы.Сағынтаевтың «Қазақстан Республикасының рәміздері», Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еңбектері, Е.Шаймерденовтың «Қазақ елінің рәміздері» «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің қалыптасу тарихы» атты кітаптары, Мемлекеттік рәміздердің тарихы мен маңызы жайлы мерзімді басылымдарда жарияланған мақалалар қойылды. Шара соңында кітап көрмесіне шолу жасалды.

Тәуелсіз де егемен еліміздің Мемлекеттік рәміздерін дәріптеу шаралары – бір күндік шаруа емес. Сол себепті бұл бағыттағы жұмыстар жыл бойына, күн сайын жалғасын таба бермек.

Әбдісаттар ӘЛІП.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *