ЕҰУ ҒАЛЫМДАРЫНЫҢ КІТАБЫ SPRINGER ӘЛЕМДІК БАСПАСЫНДА ЖАРЫҚ КӨРДІ

Білім Руханият
119 Views

Еуразия ұлттық университеті ғалымдарының «Beginning C++ Compilers. An Introductory Guide to Microsoft C/C++ and MinGWCompiler» («C++ компиляторына кіріспе») бірегей кітабы Springer жаһандық ғылыми баспасынан ағылшын тілінде жарық көрді.

Белгілібаспадан шыққан кітаптың авторлары – математика және компьютерлік модельдеу кафедрасының аға оқытушысы Берік Төлеуов және ақпараттық қауіпсіздік жүйелері кафедрасы доцентінің міндетін атқарушы Әдемі Оспанова. ЕҰУ ғалымдарыныңеңбегінде әлемдік техникалық әдебиеттерде бұған дейін айтылмаған бірегей жаңа мәліметтер келтірілген. Жаңа басылым Windows жүйесінде C/C++ компиляторларын жылдам және тиімді орнату жолдарын сипаттайды.

 «C/C++компиляторларын орнату әдетте көп уақытты алады, өйткені адамдардың басым көпшілігі Microsoft Visual Studio бағдарламасын пайдаланады. Visual Studio бағдарламасын орнату әдетте шамамен 40 ГБ дискілік кеңістікті және көп жедел жадты қажет етеді. Сондықтан оны өнімділігі төмен деңгейлі жабдықта іске қосумүмкін емес. Енді біз Microsoft C/C++ компиляторын қолданудың қарапайым әдісінұсынамыз. Оның барысында дискілік кеңістікпен мәселе туындамайды немесе аппараттық ресурстардың жетіспеушілігі орын алмайтын. Бұл әдіс уақыттыайтарлықтай үнемдейді, өйткені бағдарламалық жасақтаманы, тіпті флэш-дискілер сияқты алынбалы құрылғыларда оңай және портативті түрде орналастыруға болады», — дейді ЕҰУ математикалық және компьютерлік модельдеу кафедрасының ағаоқытушысы Берік Төлеуов.  

ЕҰУ еңбегі C++тілін меңгеруге уақыты мен күш-жігерін үнемдегісі келетін және бағдарламалық жасақтаманы орнатумен танысуға қызығушылық танытатын барлық пайдаланушыларға арналған. Қазір кітапты студенттер де, оқытушылар да пайдаланады.

Атап өткен жөн, Springer – жаратылыстану ғылымдары бойынша академиялық журналдар мен кітаптар шығаруға маманданған халықаралық баспа компаниясы. Қазір компанияда бүкіл әлем бойынша 2900 журнал және 300 000 кітап бар.

ЕҰУ-нің ақпараттық орталығы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *