СОЗАҚ ҚАСІРЕТІ МЕМОРИАЛЫ

Саясат Қоғам
1 172 Views

Жиырмасыншы ғасырдың отызыншы жылдары Компартияның жүзеге асырған зорлықшыл саясатыхалықтың ашу-ызасын тудырып, ұлттық намысын оятты. Соның салдарынан Қазақстанда1929-1930 жылдары шаруалардың 380-дей бой көтерулері орын алды. Еліміздің әршалғайынан бұрқ еткен көтерілістерге 80 мыңдай адам қатысты. Солардың ең ірісі,кезінде «Бай-құлақтар мен дінбасыларының кеңес өкіметіне қарсыконтрреволюциялық қарулы көтерілісі» ретінде насихатталып келген, 1930 жылы7-16 ақпанда Оңтүстік өңірінде болған Созақ көтерілісі. Партияның Қазақстандақысқа мерзімде ұжымдастыруды көздеген «Кіші Октябрь» саясатына ашына қарсытұрған халықтың жанайқайы күштік құрылымдар тарапынан аяусыз басып-жаншылды.Мұздай қаруланған қызыл әскер жасақтары бір жетінің ішінде ішінара шиті мылтық,айыр, орақ, бақанмен қарсы тұрған қарапайым халықты қынадай қырып салды. Елбасына күн туғанда суырылып шыққан асыл ерлер – Сұлтанбек Шалақұлы мен басмерген Салықбай Аралбайұлы бастаған халық батырлары әділетсіздікке қасқайыпқарсы тұра білді. Тарихи құжаттарда бас-аяғы мыңға жуық көтерілісшілер табанастында атылғаны, күдіктілерінің ауыр жазаға тартылғаны туралы жазылған. Бірақ,бұдан он есе көп адамның қызыл қанға бөктірілгені, «Дуанадағы» жазалаулагерінде аштық пен шөлден, туған жерінен Өзбекстан, Қырғызстан мен Тәжікстанғақарай ауа көшкен халықтың тау мен таста, құмда сүйектері шашылып қалғаны тарихишындық. Бұдан кейінгі 1931-1933 жылдары Кеңес өкіметінің қолдан ұйымдастырғансолақай саясатының кесірінен халық ашаршылық, босқыншылыққа ұшырап, ел күйзеліп,халықтың саны күрт азайып кетті. Тағдыры ауыр аудандағы он екі мың түтіннен1935 жылы 2915 үйдің қалғаны соның дәлелі. Созақ жеріндегі бас көтеру –бодандық пен ескі жүйенің қанды шеңгеліне қарсы тұрған қарапайым халықтыңжанайқайы мен наразылық үні болды. «Алла, алла» деп атқа қонған, адам төзгісіззорлық-зомбылыққа қарсы тұрған халық қозғалысына «Аллақу» деген айдар тағылып,олардың ұрпағы ұзақ жылдар бойы қоғамдық саяси тіршіліктен шеттетіліп келді.Халықтың қайғы-қасіретін, мұң мен зарын көзімен көріп, куәсі болған Сүгіркүйші, өзінің күйлеріне арқау етіп, шертпе күймен елдің шерін тарқатумен өмірөткізді.

Бүгінгі егемен еліміздің бақытты ұрпағы Тәуелсіздік жолында қанын төккен Созақ көтерілісі құрбандарының ерлігіне тағзым етеді. Сол бір кезеңде тарыдай шашылып кеткен халықтың ұрпағы бүгінгі Тәуелсіздіктің тәтті дәмін тата отырып, босып кеткендер, бостандықтың мән-мағынасын түсініп, өткен тарихта ел басынан өткен ауыр зардаптарға, қазіргі күннің деңгейінен баға беріп, азапты жылдардың артта қалғанына 90 жыл толуына орай тарихтағы тар кезеңдерге өз көзқарастарын білдіріп, ауырлықты арқалап, дүниеден мезгілсіз өткен бабалар рухына бас иіп, тағзым ете отырып, бүгінгі мен ертеңгі ұрпақтың санасына сәуле түсіріп, қарғыс атқан қайырымсыз күндер мен оқиғаларды елестете отырып, мына өмірдің қаншалықты қымбатқа түскенін хабардар ету мақсатында естелік кітап та жазылып, қасірет мемориалы да тұрғызылып жатыр.

Біз ғылыми конференция өткізіп, ескерткіштерді орнатып, кітаптарды шығарып, ауызбіршілікті, ынтымақты, намысты ойлаған бірлікпен тірлікті бірге атқарған қарттарымыз бен жастарға, ел тізгінін ұстаған азаматтарға, тарихшы ғалымдарға, осы идеяны іске асыруына үн қатқан қалың елге, қайырымды жұртқа өз алғысымызды білдіреміз. Орайы келгенде айта кетейік, Орынбектей кәсіпкер азаматқа, қайырымдылығы мен қайраткерлігі үшін көп атынан алғыс айтамыз. Ол қоғамдық қор құрып, осы бастамаға қомақты үлес қосты. Оны ұлы бабалар рухы қолдап жүрсін.

Бекет ТҰРҒАРАЕВ,

Халықаралық «Жеті жарғы және Қожаберген жырау» қоғамдық қайырымдылық қорының төрағасы,

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері – заңгері.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *