ЗАҢ ТАЛАБЫ – ӨМІР ЗАҢЫ

Құқық
995 Views

Қоғамда құқық бұзушылыққа жол берілмеу үшін барынша түсіндірме жұмыстары сапалы әрі нақты жүргізіліп отырса, келеңсіз іске жол берілмейтіні анық. Бұл – өмірден алынған тәжірибе.

Мәселен, өткен жылы Қазақстан Республикасының ӘҚБт Кодексінің 463-ші бабы бойынша әкімшілік 118 іс қаралып, оның төртеуі қысқартылған еді. Сөйтіп, 114 іске айыппұл салынған. Ал, 2020 жылдың өткен айларында 59 іс қаралып, оның 8-і қысқартылған. 51 іске айыппұл салынды.

Елде індеттің зардабын тартып, қиындық туып тұрғанда, бас пайдасын ғана ойлайтын пысықайлар бар екенін жасыра алмаймыз. Заңға сәйкес тәртіп бұзушылыққа жол берілген кезде міндетті түрде айғақты заттар тәркіленеді. Тәркілеу жұмыстары жасалынбаса, тиісті айлық есептік көлемінде айыппұл салынады.

Атап айтқанда, жеке тұлғаларға – 15 АЕК, лауазымды адамдарға, коммерциялық емес ұйымдарға, шағын кәсіпкерлік субьектілеріне – 25 АЕК, орта кәсіпкерлік субьектілеріне – 40 АЕК, ірі кәсіпкерлік субьектілеріне – 150 АЕК көлемінде айыппұл салынады.

Аталған баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде құқық бұзушылық қайталанатын болса, онда әкімшілік құқық бұзушылық жасау заттары және (немесе) құралы тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға – 30 АЕК, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 50 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 80 АЕК, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне – 500 АЕК мөлшерiнде айыппұл салуға әкеледі. Ал, лицензиясыз кәсiпкерлiк немесе өзге де қызметпен айналысу – әкiмшiлiк құқық бұзушылық нәтижесінде алынған кiрiстi (дивидендтердi), ақшаны, бағалы қағаздарды қосымша тәркiлеуге әкеп соғады.

Мәселен, «Б» деген азамат 2019 жылғы 12 желтоқсанда Шымкент қаласындағы тұрғын үй алабы №382/2 үй, кадастрлық № 19-309-246-382 орналасқан жер телімінде Шымкент қаласының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасына хабарламастан, құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізген.

Ал, «Б» азамат, 2020 жылғы 15 қаңтарда Шымкент қаласындағы Көмешбұлақ базарында, Черняевка-Сарыағаш бағытына өзіне тиесілі шағын автобусымен тиісті тіркеусіз, рұқсатсыз жолаушыларды заңсыз тасымалдаумен айналысқаны анықталды.

Иә, заң талабы – өмір заңы.          

Серік НИЯЗБЕК,

Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *