ЕРІКТІЛЕР ЖЫЛЫ ЖӘНЕ ЖАСТАР

Жастар Қоғам
1 091 Views

Ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қаласы Отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Жандос Қалтаевтың қатысуымен 2020 жыл «Еріктілер жылы» аясында атқарылған жұмыстар мен жоспарлар бойынша брифинг өтті.

Брифингте басқарма басшысы, ең алдымен, еріктілер жылына байланысты қала жастарыныңазаматтық белсенділігін дамытуға жаңа серпін беретін іс-шаралар жоспарыәзірленгенін жеткізді.

Атап айтсақ – «Біргеміз» жалпыұлттық жобасы, Балалар үйлерінің тәрбиеленушілеріне «Тәлімгер» жобасы, «Шымкент – қайырымды қала» жобасы, «Жасыл және таза қала» жобасы, «Шымкент – ТМД елдерінің мәдени астанасы», «Ізгілікте жарысайық» жобасы және «Мейірім» жобалары.

«Тәлімгер» жобасы ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға өздерінің өмірлік әлеуеттерін ашуға және тәуелсіз өмір дағдыларын қалыптастыруға көмектесуге бағытталған.Тәлімгер балаға өзіне сенуге және өзіне деген сенімділікті дамытуға көмектеседі.

Бұл жоба қалай жүзеге асады? Тәлімгер болғысы келген ерікті міндетті психологиялық дайындықтан және тексерістен өтеді. Сосын ғана тәлімгер болуға мүмкіндік алады. Себебі Жандос Қалтаевтың айтуы бойынша жас баламен жұмыс жасайтын болғандықтан бұл іске үлкен жауаптылықпен қарау керек. Баланың психологиясын зақымдап алудан сақтану керек дейді.

Ж.Төлембекұлының сөзіне сүйенсек, бүгінде Шымкент қаласында 20-дан астам қоғамдық ұйымдар еріктілікпен белсенді айналысады. Ал еріктілер саны – 3000-ға жуық.

«Халықтың әртүрлі жас топтарын еріктілік қызметке тарту қажеттілігін ескере отырып, еріктілерді қолдау мақсатында Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығының» қолдауымен «Шымкент волонтерлар қауымдастығы» құрылды. «Жария», «Мейірім», «Добряки Шымкента», «Волонтер Шымкент», «ASSA», «Ізгілікте жарысайық», «Благо дарю», «Lider.kz», «Жастар қуаты» 9 волонтерлық ұйым – қауымдастықтың құрылтайшылары. Ал еріктілермен жобаларды үйлестіру мақсатында Жастар ресурстық орталығы жанынан «Волонтерлермен жұмыс жүргізу» бөлімі ашылды», – деді Ж.Қалтаев.

Бұл ретте басқарма басшысы еліміздегі карантиндік жағдайға байланысты жол картасында қарастырылған кейбір іс-шараларды ұйымдастырып өткізу мүмкіндігі болмай жатқанын атап өтті. Сол себепті волонтерлық жұмыстар төтенше жағдай кезеңіндегі шаралармен ұласқан.

Тоқталып өтсек, ақпараттық-насихаттау жұмыстары мен қайырымдылық шаралары жүргізілген. Яғни, індеттің таралуын алдын алу мақсатында әлеуметтік 8 бейнероликтер және 20 түрлі электронды флаерлер дайындалып, әлеуметтік желілерге салынған. Ал қайырымдылық барысында 7 245 аз қамтамасыз етілген отбасыға азық-түлік, 333 отбасыға дәрі-дәрмек және 1 миллионнан астам бетперде мен антисептик таратылған.

Осы орайда жастардың карантин уақытында пайдалы кітап оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Үйде бірге оқимыз» челленджі басталып, 3 кітап оқу талабы қойылған. Бір айға жалғасқан бұл челленджде 3000 жас 9000 кітап оқып, арнайы жеңімпаздар анықталған. Аталған жалғастыру үрдісінің пайдасын Жандос Қалтаев: «Кітапты 21 күн оқыса, әдетке айналады» деп, дәйекті мысалмен келтірді.

«Алдағы уақытта 500-ге жуық ерікті қаладағы қоғамдық көліктерде тегін жүреді. Оған қоса Шымкент қаласының үздік еріктілері мен ұйымдары жыл қорытындысында арнайы алғыс хаттар және бағалы сыйлықтармен марапатталады», – деді басқарма басшысы.

Осы орайда Ж.Төлембекұлы атқарылып жатқан жұмыстар жайлы тілге тиек етті.

«Еріктілермен бірлесе отырып, «Біргеміз Sabaqtastyq» бағытында №4, №3 балалар үйінің тәрбиеленушілеріне «Тәлімгер жобасы» жүзеге асырылуда. Бұл ретте статистикаға сүйенсек, мәселен, бұл жобаға 1700 адам қатысса, оның 125-і ғана өтеді екен. Яғни, көбісі балалармен тәлімгерлік тұрғысында жұмыс істеуге дайын емес деген сөз», – ол.

Баспасөз мәжілісінде «Ізгілікке жарысайық» қайырымдылық қорының менеджері Мұхтар Ташимов әлеуметтік дүкен жайлы әңгіме өрбітті. Спикердің сөзіне сүйенсек, көмекке мұқтаж отбасыларға киім таратудың жаңа форматы енгізілген.

«Киімге мұқтаж кісілер әлеуметтік дүкенге келіп, супермаркеттен алып жатқандай киіне алады. Яғни, біздің жоспар – мұқтаждық атмосферасын санасынан шығару. Осы мақсатпен 80 600 киім таратылды», – деді Мұқтар Смағұлұлы.

Одан бөлек, Ж.Төлембекұлы алдағы уақытқа жоспарлар жөнінде де сөз қозғап өтті. Ал брифинг соңында БАҚ өкілдері тарапынан қойылған сұрақтарға жан-жақты жауап берді.

Шуақ НҰР.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *