ЖЕЛБІРЕ МЕНІҢ ЖАЛАУЫМ!

Руханият Қоғам
1 340 Views

4 маусым Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік рәміздері – Мемлекеттік ту, Мемлекеттікелтаңба және Мемлекеттік гимн күні. Осыдан тура 28 жыл бұрын, нақты айтқанда1992 жылдың 4 маусымында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы НұрсұлтанНазарбаев «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы туралы», «ҚазақстанРеспубликасының Мемлекеттік елтаңбасы туралы» және «Қазақстан РеспубликасыМемлекеттік әнұранының музыкалық редакциясы туралы» Заңдарға қол қойған еді. Ал«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң2007 жылы 4 маусымда қабылданды. Осы Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым ҚазақстанРеспубликасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді. Мемлекеттікрәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін,оның ажырағысыз атрибуттарының бірі. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік ту,Мемлекеттік елтаңба және Мемлекеттік гимн мемлекеттік рәміздер болып саналады.Осынау мемлекеттік үш нышанды таңдау үшін 1992 жылдың басында Жоғарғы Кеңеспрезидиумы жұмыс тобын құрып, арнайы шығармашылық комиссия тағайындады. Оныңқұрамына Салық Зиманов, Ербол Шәймерденов, Серікболсын Әбділдин, СерікӘбдрахманов сынды қайраткерлер кірді. Осыдан кейін бүкіл Қазақстан көлеміндеЕлтаңба, Ту, Әнұран нұсқаларына конкурс жарияланды. Бір ғана тудың өзіне 600адамнан 1 200 нұсқа түссе, Елтаңбаның 245 жобасы, әнұранның 750 үлгісі байқауғақатысты. Эстетикалық сипатымен де, тарихи, саяси, экономикалық символизмгесәйкес келуі бойынша да үздік туынды ұсынған байқау жеңімпаздарын қазір халықмемлекеттік нышан авторлары ретінде таниды. Атап айтқанда, ҚазақстанРеспубликасының Мемлекеттік туы. Тудың авторы – Қазақстанның еңбек сіңіргенөнер қайраткері Шәкен Ниязбеков. Еліміздің мемлекеттік туы – ортасында шұғылалыкүн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түстімата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн,оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Тудың ені менұзындығының арақатынасы – 1:2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасыныңавторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы – дөңгелек нысанды жәнекөгілдір түс аясындағы шаңырақ түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күнсәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағындааңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – бесбұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «QAZAQSTAN» деген жазу бар.Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі,сондай-ақ «QAZAQSTAN» деген жазу – алтын түстес. Қазақстан РеспубликасыныңМемлекеттік Туы мен Мемлекеттік Елтаңбасының эталондары Қазақстан РеспубликасыПрезидентінің Резиденциясында сақталады. Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Әнұранныңавторлары ретінде — әуенін жазған Мұқан Төлебаев, Евгений Брусиловский менЛатиф Хамидидің есімі тарихта қалды. Үздік мәтінге жарияланған байқауды МұзафарӘлімбаев, Қадыр Мырзалиев, Тұманбай Молдағалиев және Жадыра Дәрібаева жеңіпшықты. 2006 жылы «Менің Қазақстаным» әні ретінде танымал болған Қазақстанныңгимні Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 2006 жылы 6 қаңтардаеліміздің Парламентінде бекітілді. Бірінші рет ол 2006 жылы 11 қаңтарда ТұңғышПрезидент, Елбасының салтанатты ұлықтау рәсімінде орындалды. Әннің авторы ШәмшіҚалдаяқов, сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.

Көгілдір түсті Туымыз бен ортасында шаңырақ бейнесіндегі алтын сәулелі күн орныққан Елтаңбамыз, әуелете шырқайтын Әнұранымыз – елдің мызғымас негізі, егемендігіміздің символы, тәуелсіздік тұмары. Сол себеті де Шырайлы Шымкент шаһары да бұл күнді ерекше атап өтуден танбады. Олай болуы дұрыс та. Себебі еліміздің саяси маңызы бар миллионер қаланың осы сынды маңызды мерекелерде жасаған шаралары басқаларға үлгі болады. Тұрғындар арасында Мемлекеттік нышандардың маңызын ұқтырып, патриоттық сезімдерін оятуға сеп болады. Ендеше назарларыңызға шырайлы Шымкент Рәміздер күнін қалай тойлағаны жайлы ақпарат ұсынамыз.

РӘМІЗДЕР КҮНІНДЕ КӨПҚАБАТТЫ ҮЙЛЕР КӨК ТУМЕН КӨМКЕРІЛДІ

Мемлекеттік рәміздер күніне орай еріктілердің ұйытқы болуымен Шымкенттегі көпқабатты тұрғын үйлердің қасбеттеріне Мемлекеттік ту ілінді.

«Нұрсәт» шағынауданындағы көпқабат-ты үйлердің тұрғындары бұл игі іске өз үлестерін қосып, қолдау білдірді. Осылайша, бұл шара арқылы қала тұрғындары өздерінің рәміздерге деген шексіз құрметін байқатты. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды. Осы заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстанда Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді.

Мемлекеттік рәміздерді қастерлеу, қасиетін білу, оны жүрекке тоқу – отансүйгіштіктің белгісі. Қазақстанның әрбір азаматы Әнұранды жатқа айтып, Елтаңбасының тарихын түсініп, көк Туын мәңгі желбіретіп қойса, міне, осы – ұлттық рәміздерімізге деген орасан құрметтің белгісі болмақ. Өйткені ұлттық айшықты таңбалар – елін сүйген кез келген азаматтың намысын көтеріп, рухын асқақтататын мақтанышы.

ПАТРИОТТЫҚ АКЦИЯ ӨТТІ

Шымкентте мемлекеттік рәміздер күніне орай «Желбіре менің жалауым!» атты патриоттық акция өтті. Тәуелсіздік саябағындағы «Мемлекеттік рәміздер» алаңынан бастау алған акцияны Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасының «Рухани жаңғыру» бөлімі ұйымдастырды.

Акцияға қатысушылар көк байрағымызды көкке желбіретіп, ҚР Мемлекеттік Әнұранын шырқады. Сондай-ақ, тұрғындар арасында ТУ, Елтаңба, Әнұран жайында сауалнамалар жүргізіп, жалаушалар таратты.

— Ұлттық нышандағы мерекенің мерейі үстем. Көк Туды теңдігімізге, елтаңбамызды, Әнұранымызды биік тұғырымызға балаймыз. Бірақ елімізде төтенше жағдай алынғанымен, карантиндік шектеулер алынған жоқ. Соған байланысты акцияны сақтық шаралары сақтай отырып, өткізіп отырмыз. Ұлттық рухты оятатын мерекелік эстафета өткен, алдыңғы жылдары қолға алынған болатын. Биылғы челленджге де кез келген отансүйгіш азамат қатыса алады, — деді Рухани жаңғыру бөлімінің меңгерушісі Зәуре Оралбаева.

Еліміздің рәміздерін қастерлеуге үндеп, өскелең ұрпаққа толымды мәлімет беру арқылы патриоттық сезімді қалыптастыру, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілікті арттырып, ұлттық нышандарға құрметпен қарауға дағдыландыруды мақсат еткен акция қаламыздың ерікті жастарының қатысуымен ұйымдастырылды.

Акция Шымкенттің Абай ауданындағы «Абай» саябағы, Әл-Фараби ауданындағы «Арбат» демалыс аймағы, «Дендросаябақ», Қаратау ауданына қарасты Сайрам тұрғын алабы, Еңбекші ауданындағы «Север» сауда орталығында жалғасты.

«ЖЕЛБІРЕ, КӨК БАЙРАҚ!», «ӘНҰРАНЫМ-АЙБЫНЫМ!», «КӨК ТУДЫҢ ЖЕЛБІРЕГЕНІ»

Шымкент қаласы,Рухани жаңғыру кең-сесі Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі-нің 30 жылдығы мерекесі мен Мемлекеттік Рәміздер күніне орай, әлеуметтік желілерде «Желбіре, көк байрақ!», «Әнұраным – айбыным!» челленджін өткізуде.

Аталмыш бөлім инстаграм парақшасында: «Құрметті әлеуметтік желі пайдаланушы ел патриоттары!

Шымкент қалалық ішкі саясат және дін істері басқармасының «Рухани жаңғыру» бөлімі ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерекесі мен Мемлекеттік Рәміздер күніне орай, әлеуметтік желілерде «Желбіре, көк байрақ!», «Әнұраным – айбыным!» челленджін ұйымдастырады.

Әр қатысушы көк тудың суретін салып, әнұранды орындап, эстафетаны #kokbairaq хештегімен ары қарай жолдап жалғастыруы тиіс.

Көк туымызды желбіретіп, Әнұранымызды әуелетуге атсалысайық! Жыл соңында челлендж, эстафета қорытындыланатын болады. #ruhqz #ruhanijangyry #руханижаңғыру» деген жазба жариялаған.

Осы орайда Жастар ресурстық орталығы да шетте қалмады. Олар да келесі мазмұнда жазба жариялады:

«4-маусым ҚР мемлекеттік рәміздер күніне орай, Жастар ресурстық орталығы сіздерге «Көк тудың желбірегені» атты видео-challenge жолдайды.

Аталмыш видео-challenge-ді қабылдау арқылы елімізге деген махаббатыңызды көрсетіп, рәміздер мәртебесін тағы бір арттырыңыз.

Видео-challenge-ге қатысу шарттары:

Қазақ эстрадасының әншісі Ибрагим Ескендірдің орындауындағы «Көк тудың желбірегені» әнін орындап, #көктудыңжелбірегені2020 хэштегі мен бізді @resurstyq_ortalyq белгілеп әлеуметтік желіге видео жүктеу қажет.

Іске сәт!»

«КӨК ТУ МЕН ТЕКТІ ҰЛ»

Рәміздер күні жұртшылықты тебіренткен тағы бір видео «Көк ту мен текті ұл» деп аталады. Бұл видео Дәурен Айманбеттің «Көк ту мен текті ұл» өлеңіне түсірілген.

Кейіпкері Байкен Талғатұлы мен өлеңді оқыған Нұрсұлтан Дәуренбеков өздеріне жүктелген міндетті шебер орындап шыққан. Назарларыңызға аталмыш өлең жолдарын ұсынамыз.

КӨК ТУ МЕН ТЕКТІ ҰЛ

Көзін күннен көлегейлей кеп тура,

Сығырайып көп қарады ол көк туға.

Ойын қуған көп баланың бірі емес,

Ұқсайды өзі ерек туған текті ұлға.

Туға қарап, пыс-пыс етіп мұрыны,

Ешкім сезбес күй кешіп тұр бір ұлы.

Қолын неге көкірегіне қойды екен,

Құлақ түрсем таныс әуен ыңылы.

Әнұран ғой, ой, сабазға қарашы,

— Ау, ағайын, мынау кімнің баласы!?

Мына бала – ертеңі ғой еліңнің,

Кірлемесін жағасы, әй, мамасы!

Тұрған туға жөніменен желбіреп,

Әнұранды қосқанын айт елжіреп.

Ақын болар сөзі мығым – зеңбірек,

Батыр болар, бәлки, ертең ер жүрек.

Суретшілер қалт жібермес мұндайды,

Жырға енгізіп жатыр едім бұл жайды.

Анадайдан «Алпамыс» деп, шақырып,

Алды анасы…

Экспромтымды ту жайлы,

Бітіргізбей және экстерн ұл жайлы.

Тәуелсіздік қадіріне жетті кім,

Көк туыңсыз, оу, қазағым, жоқ құның!

Алты жасар Алпамыстан үйренсін,

Қалай сүю керек екен көк туын!

Автор: Дәурен АЙМАНБЕТ

Осылайша биылғы мереке де тойланып, патриоттық рухымызға серпін беріп, өз мәресіне жетті. Рәміздерге құрмет қалыптастыру, оны дәріптеу әркез маңызды міндет. Сол себепті алдағы уақытта да осындай іс-шаралар өз жалғасын тауып, көпшіліктің қолдауымен ұласады деген үміттеміз.

Г. ҒАНИҚЫЗЫ

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *