Мұқаш ЕСКЕНДІРОВ, Қазақстанның Еңбек Ері, «Қазфосфат» ЖШС бас директоры: «БОЛАШАҚТЫҢ ІСІН ЕРТЕҢГЕ ҚАЛДЫРМАЙ, БҮГІННЕН БАСТАУ КЕРЕК!»

Қоғам
1 226 Views

Шымкентке көршілес орналасқан Тараздағы әлемге аты әйгілі «Қазфосфат” мекемесі – фосфоркенін өндіру саласында әлемде төртінші орынға ие. Бүгінде «Қазфосфат»жауапкершілігі шектеулі серіктестігі – фосфат кенін барлау, өңдеу жәнеөткерумен айналысатын бірден-бір өндіріс ошағы. Сонымен қатар мұнда үдемеліиндустриалды-инновациялық бағдарлама аясында «Қазфосфат” ЖШС минералдытыңайтқыш зауыты Тараз филиалында экстракциялық фосфор қышқылы цехының құрылысыжүргізілуде. Жаңа жоба жүзеге асқан жағдайда өндірістің көлемі бірнеше есегеұлғая түседі. Осындай индустриалды-инновациялық бағдарламаны жүзеге асырунәтижесінде халық шаруашылығына аса қажетті гексаметафосфат натрий, тағамқышқылы, тағамдық триполифосфат өндіруге толықтай мүмкіндікке қол жеткізгенбірден-бір ірі өндіріс аймағы болып табылады. Әлемдік қаржы дағдарысыкәсіпорынның қарыштап дамуына аз кедергі келтіріп отырған жоқ. Сонда да аталмышмекемесі өндіріс ырғағын бәсеңдетпеуге бар күштерін салуда. «Қазфосфаттың»өндірісті қайта жарақтандыру үшін 2020 жылға дейін бағдарламасы да түзілген.Бұл мақсатты жүзеге асыруда 120 миллиард теңге көлемінде қаражат қарастырылған.

Жақында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Жамбыл облысына келді. Әуелі Мемлекет басшысы «Қазфосфат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің «Минералды тыңайтқыштар» зауытына атбасын бұрып, аталған кәсіпорынның тыныс-тіршілігімен танысты.

Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық «Даму» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде жүзеге асырылған химиялық зауыт ауыл шаруашылығы үшін фторсыздандырылған минералды тыңайтқыш шығарады. Президентке өндірістің қазіргі көрсеткіштері мен экспорт көлемін ұлғайту жөнінде есеп берілді. Сонымен қатар «Қазфосфат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры, Қазақстанның Еңбек Ері Мұқаш Ескендіров 2016 жылы жүргізілген зауытты қайта жабдықтау жұмыстары өндіріс көлемін екі есеге ұлғайтуға мүмкіндік бергенін атап өтті. Жамбыл облысына сапары барысында Қасым-Жомарт Тоқаевқа ағымдағы жылдың басынан бері зауыттың 29,1 миллиард теңгенің өнімін өндіргені баяндалды. Соның ішінде 24 мың тонна азот тыңайтқышы, 122 мың тоннаға жуық фосфор тыңайтқышы өндірілген. Өнім ішкі нарықты толық қамтамасыз ете отырып, Америка Құрама Штаттары, Қытай, Біріккен Араб Әмірліктері, Ресей елдеріне экспортталады. Бүгінгі таңда аталған кәсіпорында барлығы бір мыңнан астам адам жұмыс атқаратын болса, соның ішінде 344-і нәзік жандылар. Айта кетейік, еліміз бойынша Жамбыл облысы химия саласының дамыған аймағының бірінен саналады. Өңірдің химия өнеркәсібін дамыту саласындағы әлеуеті жоғары. Химия саласы өңірдің бүкіл өнеркәсіп өндірісінің 20 пайыздан астамын құрайды. Қазіргі кезде аймақта заманауи химия кластерін құру жөнінде жүйелі жұмыстар атқарылуда. Сонымен қатар Қаратау және Жаңатас қалаларындағы жобаларды, «Химпарк-Тараз» арнайы экономикалық аймағын іске қосу арқылы облыстың өнеркәсіп өндірісінің көлемін едәуір арттыру шаралары қолға алынған.

Осы орайда республикалық қоғамдық-саяси, тарихи-танымдық «Әділет. Рухани жаңғыру» газетінің тілшілері «Қазфосфат» ЖШС-нің бас директоры, Қазақстанның Еңбек Ері Мұқаш Ескендіров мырзамен жүздесіп, өнім шығаратын аймақтың тыныс-тіршілігімен арнайы танысып қайтқан болатын.

– Мұқаш Зұлқарнайұлы, елімізде үлкен саяси науқан өтуде. Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өз орынтағына ұсынған Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев арнайы іссапармен осында келіп кеткен болатын. Жамбыл облысының экономикасына сүбелі үлес қосып келе жатқан кәсіпкерлік мекемесі. Бұған кезіндегі ТМД (Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы) елдері куә. Жалпы, өзіңіз басқарып отырған өндіріс ошағының соңғы жаңалықтарымен бөліссеңіз.

– Иә, бүкіл ел болып тебіренетін сәт – саяси науқан жүріп жатқаны баршаға аян. ҚР Президенті – Елбасы 19 наурызда жариялаған Үндеуінде өз өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатқаны тарихи кезең деп айтуға тұрады. Өзі отыз жыл басқарған билік басын транзитті түрде Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа ұсынды. Еліміз тәуелсіздік алып, қанатын кеңге жайған кезеңдерде осы өңірдің Жамбыл облысы болып қалыптасуына өзіндік мол үлесін қосқан азаматтардың бірі деп айтуға әбден болады. «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс съезінде партия атынан Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты Президенттікке үміткер ретінде зор сеніммен ұсынғанын да білеміз. Жамбыл өңіріне арнайы іссапармен келген Мемлекет басшысы әуежайдан түсе салысымен біздің тыңайтқыштар шығаратын зауытқа бет бұрып, бүгінгі ахуалымен де танысқан болатын. Біздің мекемедегі «Қазфосфат» басшылығына жауапты төраға Мақсұтбек Шахмарданұлы Есеновпен тілдесіп, нендей шаруалар атқарылды, сонымен қатар, алдағы жоспарларымыз жайында да Президентке қысқаша айтып өткен болатын. Бір айта кететіні, Мемлекет басшысының біздің аймаққа, яғни зауытқа алғашқы іссапары еді. Алла бұйыртса, сайлау аяқталған соң әлі талай кездесулер қатары мол болатынына бек сенімдемін. Сондай-ақ, бұл азаматтың бағдарламалар бағамы маған қатты ұнайды. Өзім прагматика саласымен жүргенді ұнатамын, сондықтан бұл кісінің бағыты сөз жүзінде емес, іс жүзінде іске асатын бағдарламар. Соның ішінде бізге бағытталғаны – өрлеу, прогресс. Мұның барлығы сайып келгенде, экономикаға байланысты.

Қоғамдағы өзекті құндылықтарымыздың бірі – әділеттілік. Әділеттілік – жалпы үлкен ұғым. Барлық жағдайда мейлі ол – саяси, мейлі ол – әлеуметтік немесе экономикалық жағдай болсын, бізге ең қажетті құнды қасиеттердің бірі – әділеттілік. Әр нәрсенің орны, шегі болады. Әсіресе қызмет бабындағы немесе шиеленіскен жайттардың бәрі парасатты, әділ болуы шарт. Айтпағым, әлеуметтік сервис керек. Сондықтан, осындай бағдарламалар іс жүзінде жүзеге асатын болса, өткір, қайратты мәселелер оң шешімін табар еді деген ойдамын. Кешегі Президенттің біздің өңірге жасаған сапарында да осы тұрғыда өз көзқарасын білдіріп, ой қозғағаны да бар. Тағы бір айтпағым, облыс тұрмақ, еліміздің өркендеу жолындағы басты мәселе – экономика саласы. Өндірістік ағым болсын, ауылшаруашылық саласы болсын шешімін таппаған сұрақтар шаш етектен. Ал, Қазақстанның әрбір түкпірінде өзекті мәселелер жетерлік. Біз тек бюджеттен бөлінген қаражатқа телмірмеуіміз керек. Өйткені, бизнес пен кәсіптің қандай түрі болмасын бостандыққа, еркіндікке ұмтылуы тиіс. Экономика – қоғамда либералды көзқарас, тәуелсіздік іспеттес істер толық қамтылған жағдайда ғана дамиды, өркендейді. Қоғамдағы көптеген шешуі табылмаған сұрақтардың басым бөлігі қаражат жағынан ақсайтынын да білеміз. Алдымен осы мәселелердің күрмеуін шешудің жолдарын қарастыруымыз шарт. Бұған қоса бірқатар кәсіпкерлік палаталар бар, бюджетке қатысты көптеген мәселелер бар. Оның бәрін іске асыру үшін жергілікті басшылардың көзқарасын өзгертуіміз керек деп ойлаймын. Мәселен, ауылдық әкімдерден бастап, облыс әкіміне дейін, оның арасында түрлі басқармалар бар, жалпы барлығының, Қазақстан халқының жағдайына аса көңіл бөлгені дұрыс. Бұл дегенміз – жұмыс орындарымен қамтамасыз ету, әлеуметтік мәселерді шешу, дұрыс жолға бағыттау және әлеуметтік жәрдемақыларды беру. Мен өзімді Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жамбыл облысындағы сенімді өкілдерінің бірімін деп санаймын. Жалпы, қайсыбір ұжымдармен, жастармен кездесу сәттерінде орта және шағын бизнес болсын барлық түрінен кездесулер мен басқосулар өткізіп келемін. Оларға әрдайым билік қарамағындағы орындарға тәжірибелі, көреген адамдар қажет екенін түсіндіріп жүремін. Қазақ айтады ғой, «Көп жасағаннан емес, көпті көргеннен сұра» – деп, сол секілді еңбек өтілі мол басшылар барлық жерде сұранысқа ие.

Еліміздің атынан шет елдерде, беделді ұйымдарда, Қазақстанның арнайы өкілі болып көп жылдар еңбек еткен тұлға, Сенаттың, Үкіметтің басшысы болып араласқан, ел басқаруға тәжірибесі мол, Елбасының таңдауының Қасым-Жомарт Кемелұлына түсуі бір күндік шаруа емес, ұзақ жылдарды талап еткен зерттеу нәтижесі деп білемін. Көптеген әлеуметтік желілерден көзіміз шалып қалады, сайлауда бәсекелестік қажет деп дабыл қағып жатады. Бәсеке болғаны жақсы әрине, алайда бәсекенің дұрыс бағытта өрбігені жөн деп санаймын. Ең бастысы – тұрақтылық. Орысша айтқанда «Транзит власти» – дейді. ҚР Тұңғыш Президенті Елбасы айтқандай, ең бірінші экономикаға, одан кейін саясатқа көңіл бөлінгені жөн. Кеңес дәуірі кезеңінде М.С.Горбачёв ең алдымен саяси реформа, содан кейін экономика деп баса айтқан болатын. Бақса басшылығы мен мемлекетін таппай қалған кезеңдер де болды. Бізге ондай тәжірибе, эксперимент керек емес деп ойлаймын. Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттікке лайықты үміткер деп бек сеніммен айтуымызға болады.

Біздің, «Қазфосфат» ЖШС-нің болашағы маған да алаңдатушылық тудырады. Сондықтан саясат қайнап жататын болса, экономикаға ешкімнің қолы тимейтін болады. Дініміздегі тазалықты ұстанып, сабырлықты серік етуіміз қажет. Қайсыбір іс болмасын ақылға жеңдіре білген дұрыс. Аллаға шүкір, бүгінде жастарымыздың көзі ашық, көкірегі ояу. Еркін мемлекетте өмір сүрудеміз. Қандай қызметке барғымыз келеді, қандай кәсіпті айналдырғымыз келеді ешқандай кедергі жоқ. Кеңес өкіметіндегі кездегідей шетелге шығу мұң емес. ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы көптеген бағдарламалар жасап кетті ғой. Соған қарап отырып, өзім ойланамын, болашақтағы мемлекеттің дамуын ұзақ жылдар жоспарлау – кез келгеннің қолынан келе бермейтін іс. Сайлауға үміткер азаматтардың орынды пікірлері мен ұсыныстарын сарапқа салып, қажетті дегендерін қолдауға тиіспіз деген пікірдемін. Сайлауда айтылған сөздер жерде қалмауы тиіс. Ақпарат беттеріндегі көптеген түрлі көзқарастарға куә болып жүрміз. Сол себепті, өзекті, өткір мәселелерді сарапқа салып, жүзеге асырсақ қанекей.

Бүгінде жастардың арасында жұмыссыздық белең алғаны ақиқат. Оларды қалай шешуге болады. Біріншіден, жастар қауымын кәсіпкерлікке баулу деп ойлаймын. Жүйелі жұмыс жүргізетін ауқымды мәселелерді мемлекет қолға алса, жұмыссыздық біршама азаяр еді. Сондықтан, жекеменшік шағын бизнеске қарамай мемлекет те, жекеменшік бизнес те өз тарапынан тиесілі міндеттерді атқарғаны жөн. Мемлекет, жекеменшік ұйымдар, бизнес, өндіріс нысандары жан-жақты жұмыла жұмыс атқаруымыз шарт. Қазақстанның болашағы осыған байланысты. Үкімет жәрдемақы бергенде әр баланы теңдей көргені абзал. Оның ата-анасының табысына мұқият қарап белгілегені құба-құп деп ойлаймын. Әсіресе, амбициялық жоспарлар жасауымыз керек дүние. Өзіміз өндіріс саласында жүрген соң нақты қадамдармен жұмыс жасауды әдетке айналдырғанбыз. Қарапайым қадамдармен күрмеуі келмейтін мәселелерді оңтайлы шешіп, болашаққа жаңа көзқараспен, шынайы серпінмен қарағанымыз жөн. Қазір барлығымызды ойландыратын мәселе – екінші Президентіміздің кім болатыны. Қасым-Жомарт Кемелұлы көзқарасының дұрыстығына жуырда өткен кездесуден куә болып отырмын. Сондықтан ол кісіні қолдайтынымды ашық айта аламын. Өз компаниямыз санаулы жылдар аралығында немесе одан кейін қандай болады деп жоспарлаймыз. Біздің де жұмыс барысында өзіндік жоспарларымыз бар. Айта кететіні, жастарды қазір көптеп жұмыспен қамтып отырмыз. Олар жоғары, орта білімдері негізінде білімдерін тәжірибе арқылы толықтырып отырады. Талмай еңбек етудеміз, қаза берсек, айтылатын мәселе жетерлік. Сондықтан қандай да бір істің ұтымды тұстарын іздегеніміз дұрыс. Қалған мәселелерді дер кезінде шешіп отыруымыз азаматтық борышымыз іспеттес.

– Жамбыл облысы – Оңтүстіктегі өндірістің дамыған өңірлерінің бірі. Сонау тоқырау заманынан бастап еңбек етіп, барлығының басын қосып, компанияны осындай дәрежеге жеткіздіңіз. ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы ерен еңбегіңізді бағалап, «Еңбек Ері» атандыңыз. Бұл бәріміз үшін мақтаныш. Шетелден инвесторлар тартып, тығыз жұмыс істеуде өзіңіз әрі саясаткер, әрі өндіріс маманы ретінде жоғары деңгейде дәлелдеген азамат ретінде елге айтар тілегіңізді естісек дейміз.

– Баршамыз үшін еліміздің болашағы маңызды. Оған ешбіріміз немқұрайлы қарай алмаймыз. Мен өз елімнің, ұлтымның қазақ екеніне, қазақтың ұлы болғаныма мақтанамын. Қазақстан мемлекетінің азаматы ретінде халыққа айтарым, еліміздің болашағы жолында ерінбей еңбек ету. Ал, ол болашақтың ісін ертеңге қалдырмай бүгіннен бастау керек. Біздің жаман қасиеттеріміздің бірі – қолға алынған тірліктің аяқсыз қалуы, яғни сылбырлыққа салыну. Менің айтарым, «Іс бастағанға сүйсінбе, істің аяқталуына сүйсін». Бастаған әрбір ісімізді жауапкершілікпен сезінуіміз тиіс. Қоғамдағы түрлі мәселелерді де ертеңге қалдырмай, бүгін шешуге ұмтыла білген жөн. «Ертең» деген сөзді ісімізде де, сөзімізде де қолданбауға әрекеттену керек. Сонда ғана еліміз дамитын болады. Біздің қызметтегі басты талаптың бірі де сол. Ешқашан ерінбеңіздер, алға ұмтыла беріңіздер дегім келеді.

– Түркістан облысында қызу жұмыстар жүргізіліп жатыр. Туған өңіріңіз, туған жеріңіз екені белгілі. Ол жақта да өндіріс орындарына үлкен мән беріліп отыр. Облыс әкімі Өмірұзақ Естайұлы Шөкеевтің атқарып отырған істерінен да хабардар шығарсыз.

– Түркістан облыс болып құрылғаннан бері өркендеп, көркейіп келеді. Болашақта Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкенттен кем болмайтынына шүбәм жоқ. Қыруар қаражат бөлініп жатқаннан кейін орынды игеріледі деп сенемін. Түркістан облысының экономикасы, өндіріс орындары салынып бітісімен, бірден дамып кетпейді, әрине. Алайда қаланың шырайын келтіріп, ажарландыруға септігі тиетін инфрақұрылымдар. Менің қызығушылығым – облыстың болашақ экономикасының даму жолы. Жерлестеріміздің көпшілігі бизнеске, экономикаға бейім адамдар. Сондықтан экономикасының өсіп-өркендеуіне басты назар аударылып, көңіл бөлінуі қажет. Атқарылған және әлі де атқарылар істер жетерлік. Оларды шешу үшін қолдау көрсетілуі керек. Оңтүстік өңірінің дамуы, елдің дамуы – бүкіл Республиканың қарыштауы. Сондықтан өндіріс пен экономикаға жаппай қолдау көрсетіп, дамуына ерекше серпін беріп, қалтқысыз еңбек ете берейік, ағайын!

– Алтын уақытыңызды бөліп, салмақты сұхбат бергеніңіз үшін үлкен рақмет! Әрқашан биік шыңдардан көріне беріңіз!

Сұхбаттасқан Қуаныш БОТАБЕК,

журналист

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *