ТҮРКІСТАНДА БИЫЛ ӘЛЕМДЕ ТЕҢДЕСІ ЖОҚ ТУРИСТІК КЕШЕН АШЫЛАДЫ

Экономика Қоғам
635 Views

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев облыс орталығында жүріп жатқан әкімшілік,әлеуметтік нысандардың құрылыс қарқынын бақылады. Облыс басшысы Түркістанқаласындағы басқармалар ғимараты мен драма театры, Қ.А.Яссауи музейінің, ҰлыЖібек жолы қолөнершілер Ұлттық орталығы ғимараттарының құрылыс алаңдарындаболды. Құрылыс жұмыстары аяқталып қалған нысандарда ішкі әрлеу, техника менжиһаз орнату және сыртқы абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында «Sembol construction» түрік компаниясы қолға алған «Керуен-сарай» көпфункционалды туристік кешен құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Құны 39 млрд теңге тұратын әлемде теңдесі жоқ туристік кешенде заманауи қонақ үйлер, шығыс базары, мейрамханалар іске қосылып, жасанды көл пайда болады. Бірегей жобада көне шаһардың көрінісі сақталған. Құрылыс жұмыстары биыл аяқталады деп күтілуде.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *