2021 ЖЫЛЫ АСАР-2 ШАҒЫН АУДАНЫ ТОЛЫҒЫМЕН АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛАДЫ

Қоғам
708 Views

Бұл жөнінде қала әкімінің азаматтарды онлайн қабылдау барысында мәлім болды. Қабылдауға жазылған қала тұрғыны Минтаева Гуля Асар-2 шағын ауданына ауыз су жүйесін тарту мәселесін қозғады.

«Біздің шағын ауданның тұрғындар 7 жылдан бері ауыз суды тасып ішеді. Аптасына бір рет келетін су тұрып қалады. Бұл денсаулыққа зиян келтіруде. Ең бірінші осы мәселені шешіп беруіңізді сұраймыз» — деген Гуля Спатайқызы аумақ тұрғындарының атынан келгенін жеткізді.

Бұл мәселе бойынша тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Жолшыбек Шайхсламов «Асар-2» тұрғындарын сапалы ауыз су жүйесімен қамтамасыз ету мақсатында осы жылдың маусым айында құрылыс жұмыстары басталғанын баяндады. Оның айтуынша, жоба құны 1,5 млрд теңгені құрайды. Биылға 350 млн теңге бөлінген. Бекітілген қаржыға жылдың соңына дейін 1 мектеп және 300 тұрғын үй ауыз су жүйесіне қосылады екен.

— «Асар-2» елдімекенін ауыз сумен толық қамтасыз етуге 1,5 млрд теңге қаржы керек. Бүгінгі таңда бюджет жылдың басында бөлінетін болғандықтан, ауданды толығымен ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстары уақытша тоқтап тұр. Алайда, ақшаны үнемдеп, тиісті жұмыстарды жүргізуге бағыттаудың тиімді тұстарын қарастырамын. Бұл мәселе келесі жылы толық шешімін табады» — деді әкім.

Сондай-ақ, сала басшысына ауыз су жүйесін тартудың жоспарын қайта қарап шығу жөнінде нақты тапсырма берді.

Кезекті өткен онлайн қабылдауда бұдан өзге, Таскен, Тұран шағын аудандарындағы күрмеуі шешілмеген мәселелер көтерілді. Оған қала басшысы барлық мәселе кезең-кезеңімен шешілетінін, жеке бақылауында екенін айтты. Сонымен қатар, келіп түскен өтініштер бойынша аудан әкімдері мен басқарма басшыларына тиісті жұмыстарды атқару үшін тапсырмалар жүктеді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *