Роза СӘРСЕНБЕКҚЫЗЫ: «БІЛІМ САЛАСЫНА КЕЗДЕЙСОҚ КЕЛГЕН АДАМ ЕМЕСПІН»

Білім
1 142 Views


Білімнің мемлекеттіксипатын елде ҚР «Білім туралы Заңына» сай жүріп жатқан білім саласындағы біртекті мемлекеттік саясат айқындайды. Білім кеңістігінде мемлекет саясатынбірізді асыру үшін мемлекеттің білім басқару республикалық, облыстық, аудандықоргандары түзіледі. Елдегі басқару құрылымдары – білім және ғылым министрлігі,облыстық оқу департаменттері және аудандық оқу бөлімдеріне бөлінген.

Осындай Төлебиаудандық білім бөлімінің жүргізіліп жатқан жұмысы, атқарылған игі істері жәнеүнемі ізденіске толы өмір жолында қарапайым мұғалімдіктен білім бөлімініңбасшысына дейінгі өнегелі баспалдақтардан өткен білікті басшы туралы тыңдеректер білу, ақпарат алу мақсатында Төлеби аудандық білім бөлімінің басшысы Роза Амановадан арнайы пікір алысқан болатынбыз.

Білім бөлімінің жұмыстары жөнінде ақпарат алмаспас бұрын, әңгіме төркінін оның басшысынанбастасақ. Еліміздегі ертеңгі тізгін ұстар, Отанын ғаламдық дамудың көшіненқалдырмай өрге шығарар азамат тәрбиелеу білім саласының мамандарына жүктелгенаса маңызды да жауапты міндет. Осы абыройлы борыш үдесінен табылып, жаңазаманның ауыр жүгін қайыспай көтере білген білікті басшы – Роза Сәрсенбекқызы.Жастайынан білімге құштар жан еңбектен қол үзбей, талай биіктерді бағындырыпкеледі.

Роза Сәрсенбекқызы бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласында дүниеге келген. №1 Абай атындағы мектеп-интернатты үздік бітіріп, 1995 жылы Түркістан қаласындағы Қазақ-Түрік университетінің филология факультетіне оқуға түсіп, тұрмыс құруына байланысты Шымкент қаласындағы Отырар университетін тәмамдаған. Балалық шаққа жететін нәрсе жоқ. Еркелік, еркіндік, арман-қиял бәрі осы кезеңде, ата-ананың аялы алақанындағы ең бір қымбат, аяулы кезең. «Біздің заманның балалары кітапқұмар еді ғой. Ол кезде ұстаздарымыз алған кітаптарымызды мұқият тексеріп, бір парағын да бүктетпейтін. Содан ба, бала жасымнан кітапқа аса құнды дүние ретінде қарауды үйрендім. Мектеп бітіргенде «Кім боламын?» деген сұраққа ойланып жатпадым. Бірден ұстаздық жолды таңдадым. Бұл мамандықты таңдауыма маған жанашыр жандардың бойынан табылатын адалдық, қарапайымдылық себеп болды деп ойлаймын. Яғни, мен білім саласына кездейсоқ келе салған жоқпын», – деп сағынышпен еске алады ол өткен күндерді.

Алғашқы ұстаздық еңбек жолын 2007 жылы Ленгер қаласындағы Қ.Сәтбаев атындағы №4 мектепте үйірме жетекшісі болып жұмыс атқарып бастайды. 2009 жылы Кентау қаласындағы Ы.Алтынсарин мектебінде бастауыш сыныптарға сабақ берген. 2011 жылы тағы да сол өзінің сүйікті ортасы Төлеби аудандық Білім басқармасының «Қорғаншылық және қамқоршылық бөліміне» әдіскер болып қабылданып, 2014 жылдан бастап мемлекеттік кадр қызметінде жұмыс жасаған. Уақыт тауып өзінің сүйікті ісімен айналысу – көркем әдебиет оқу. Бәріне уақыт табады. Өзінің біліктілігі мен ұйымдастырушылық қабілетін, қызметке деген жауапкершілігін бірден байқатқан Роза Сәрсенбекқызы 2018 жылдан бері Білім басқармасының басшысы болып тағайындалады және осы уақытқа дейін өз ісінде абыройлы қызмет атқарып келеді.

Иә, кейде саналы адамдар да жолдан тайып, заңсыз әрекеттерге бас ұрып, кейде көреалмаушылық қасиет те басым түсіп, бас араздық туындап жатады. Осындай азғындықтың, жалған жаланың қармағына да ілінген Роза Аманова тағдырдың тосын сыйына мойыған емес. Керісінше жігерлене, қайсарлана түскендей. Анығын айтсақ, көпшілікке белгілі ғаламтор желісінде жуырда «білікті басшы жалған дипломмен заңсыз қызмет атқарып жүр» деген ақпаратпен видеожазба тараған еді. Осы өзіне тағылған айыпқа байланысты Білім бөлімі басшысы «Маған тағылған жалған айып бойынша, жалпы ауданымыздың өзін блогермін, журналистпін деп таныстырып жүрген азаматшаның арыз-шағымының негізінде іс қозғалған еді. Бірақ, тергеуі бар, соты бар жылға жуық уақытты алған істің нәтижесінде, сот әділ бағасын беріп, оң шешімін шығарды. Қазіргі таңда бұл істің нүктесі қойылып, барлық тергеп-тексеру барысында менің оқыған, білім алған жерлерімнің, яғни бүкіл архивті көтеру барысында, дәлелі табылып, дипломның ешқандай жалған еместігі, заңды екендігі анықталып, мен өз лауазымды қызметіме қайта кірістім, алдағы уақытта басты назарды және жауапкершілікті жұмысыма аударамын»,– деп қарсы тарапқа ешқандай шағым айтпайтынын жеткізген ол өзінің қаншалықты сабырлы, ақкөңіл, мейірбан, өз жұмысына адал жан екенін дәлелдей түскендей.

Үлкен ұжыммен тіл табысып кету үшін де адамның бойында ерекше қасиет болуы керегі анық. Міне, осындай ұжымды айрандай ұйытып, ынтымақтыққа бастай білген білікті басшы алдымен мектептегі кадр мәселесінің тұрақталуына, балабақшалардың сапасына, педагогтардың қазіргі жаңа талапқа сай әлеуетінің көтерілуіне жағдай жасап келеді.

Осы бір нәзік жанның бойындағы қайрат, жігер, мәдениеттілік, ізеттілік сарқылмайтын бұлақтай деп айтсақ артық болмас. Роза Сәрсенбекқызының ұйымдастырушылық қабілетінің шыңы өз жемісін беруде. Қазіргі таңда аудан бойынша жалпы білім беретін 67 мектеп бар, онда 27271 оқушы білім алуда. Елдегі карантиндік жағдайға байланысты 53 мектеп қашықтықтан, штаттық режимде 14 мектеп білім беруде. Кезекші сыныптар ашқан мектептер саны – 49. Осыған байланысты, «Қашықтықтан сапалы білім алу үшін мектеп оқушыларымен мұғалімдерге daryn.online платформасын пайдаланады. Келісім шарт жасалынды. Аудан мұғалімдері қашықтықтан білім беруде қосымша «Өрлеу» білім беру каналының ресурстарын тиімді пайдалануда, ал оқушылар «Ел арна», «Балапан» теле-арналарының сабақтарын пайдалануда. Барлық мектептерде ыңғайлы сабақ кестелері жасалынған. Сонымен қатар, ауданда білім сапасын көтеруге бағытталған «Birgemiz Bilim Tolebi» жобасы бастау алды. Мақсат – білім сапасын көтеру. Бірақ қалай көтереміз? деген сұрақ бәріміздің көкейімізде. Мұғалімдер күнделікті сабақты стандартқа сәйкес оқу мақсатын меңгертуге бағыттайды. Ал қандай әдіс-тәсілді пайдаланып меңгертемін десе, ол ұстаздың өз шеберлігінде. Десе де, осындай шебер ұстаздардың қашықтықтан берген біліміне қосымша «Жас келсе іске» дегендей, ақпараттық құзыреттілігі жоғары студенттер оқушыларға қосымша ресурстарды ұтымды, тиімді бере алады. Айталық, мұғалім тақырыпты меңгертсе, студент сол тақырыпты ашатындай қызықты бейнероликтерді тыңдата отырып, оқушыға қосымша ақпаратты меңгертіп, қызығушылығын арттырады», – деді басқарма басшысы Роза Сәрсенбекқызы өз сөзінде.

Жобаны бастамас бұрын барлық мектептерге жобаның мақсат-міндеттері таныстырылып, өз мектебін бітірген педагогика саласында оқып жатқан студенттермен байланысу тапсырылған. Роза Аманова: «Ерікті түрде сегіз мектептен 30 студент іріктелді. Осы еріктілермен жұмыс қараша айында басталды. Бастамасы оң бағытта. Жас педагог-студенттерге өздеріне тиімді, ыңғайлы таңдаулары бойынша сыныптағы пәндер бекітілді. Аптасына бір-екі сабақ қашықтан өтіп, оқушылармен байланысқа шығуда. Оқушылар тарапының сабаққа ынта-жігерлері арта түсуде. Осы жобаны үздіксіз жалғастырған жағдайда оқушылардың білім сапасында нәтиже болатындығына сенімдіміз» – деді.

Қазіргі таңда Білім сапасын көтеру мақсатында мемлекеттік бағдарлама аясында нәтижелі мектептерге көмекті қажет ететін мектептер бекітілген.

Өз ұжымын жетістікке жеткізген Роза Аманова – тәжірибелі педагог, тағылымы мол тәлімгер. Әріптестері, мектеп, бала-бақша ұстаздары, қызметкерлері, шәкірттері мен ата-аналар арасында үлкен беделге ие. Білікті басшы жас мамандарға үнемі көмек көрсетіп, өз өмірлік тәжірибесімен бөлісіп отырады. Ұстаздардың мақтанышына айналған көптеген шәкірттер өнердің шыңын бағындырып, республикалық, халықаралық байқаудың жеңімпазы атанып жүр. Мектеп бітіруші түлектер де Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысымен жақсы көрсеткіштерге жетіп жүргені баршаға мәлім.

«Қашықтан білім беруде мұғалімдерге, оқушыларға, ата-аналарға, сынып жетекшілерге жан-жақты әдістемелік қолдау жұмысы әдістемелік кабинет қызметкерлері тарапынан үздіксіз ұйымдастырылуда. Қашықтан білім беруді ұйымдастырудағы өзгерістермен жаңалықтар бойынша басшылыққа алатын нормативтік құжаттармен дер кезінде түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін tolebiadiskabinet инстаграм, facebook парақшалары үздіксіз жұмыс жасауда.

Мектептер қашықтан білім беруде платформаларды тиімді пайдаланудағы өз тәжірибелерін таратуда және өзге де тәжірибелерді оқып үйренуде facebook, instagram, you.tube әлеуметтік желілерін және ватсап, телеграм мессенджерлерін үздіксіз пайдалануда», – деген білім бөлімі басшысы қазіргі таңда ұстаздардың ақпараттық технологиялармен жұмыс жасау жылдамдықтары күн санап арта түсуде екенін айта кетті.

Сондай-ақ, атқарылған ауқымды жұмыстарды тізбектей келе, «Білім саласында бұрын қызмет жасап, зейнеткерлікке шыққан ұстаздарымыздың басын қостық. Мұндағы ойым – біз жаңартылған білім мазмұнымен оқытып жатқанымызбен, дегенмен біздің бұрынғы дәстүрлі оқыту жүйесін де ұмытпағанымыз абзал. Себебі, менталитетіміз соған қалыптасқан. Ал, тәрбие мен білім қатар жүруі қажет. Жастардың өзін-өзі ұстауы, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру мақсатында әр округтан жинап, «Үлкендер жолы – ұлылық» айдарымен семинар өткізген болатынбыз және біз аудан әкімінен көп қолдау көріп отырмыз. Қазіргі елімізді, яғни қоғамды жайлаған індет – сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында, өсіп келе жатқан жас ұрпақтың санасын жат қылықтан тазарту, баланың психикасында мұндай жаман ұғым қалыптаспас үшін «Сыбайластықтан таза мектеп» деген жобаны қолға алған едік. Оны мектептер тарапы өте жақсы қабылдап, 5 күн бойы сол тақырыпта шара өтілді. Қазіргі таңда өкінішке орай, карантиндік режимге байланысты бас қосып мұндай жиындар өтілмей қалды», – деді ол.

Иә, білім беру сапасы – қоғамдағы білім беру үрдісінің жағдайын, нәтижесін, сондай-ақ жеке тұлғаның кәсіптілігінің қалыптасуын және даму болашағының қажеттілігін анықтайтын әлеуметтік категория. Білім беру сапасы білім беру мекемелеріндегі жастарды оқыту мен тәрбиелеу қызметтерінің әртүрлі көрсеткіштерінің жиынтығы, яғни білім беру мазмұны, оқыту формасы мен әдістері, материалдық техникалық базалары, тағы басқа бойынша анықталады.

«Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың: «Біздің міндетіміз – бәсекелестікке лайық ұрпақ тәрбиелеу», – деген пікіріне қосыла отырып, саналы, білімді ұрпақ тәрбиелеуде шаршамай еңбек ете білейік», – деп Роза Сәрсенбекқызы халықты келе жатқан ең маңызды – Тәуелсіздік мерекесімен құттықтап өтті.

Қорыта келе айтарымыз, “Ғылым қалғып кетсе, қараңғылық бас көтереді” дегендей, заман талабына сай жаңа технологиялармен жұмыс жүргізу болашақ ұрпақ, яғни бала тәрбиесіне зор ықпал ететіні белгілі. Сондықтан жаңа технологияны меңгеруде білім саласы мамандарының жан-жақты, білімді, ізденімпаз болғаны дұрыс деп ойлаймыз. Осы жолда тынбай еңбектеніп, жетістіктерге жетіп, белестерді бағындырып жүрген Төлеби аудандық білім бөлімінен және оның басшысы Роза Амановадан алдағы уақытта да жемісті еңбек, сапалы жұмыстар күтеміз!

Аягөз ДҮЙСЕНБАЕВА

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *