ЕЛІМІЗДЕ ӘКІМШІЛІК СОТ ІСІН ЖҮРГІЗУДІҢ ЖАҢА ТҮРІ ЕНГІЗІЛЕДІ

Қоғам Құқық
1 617 Views

Әкімшілік әділет институтын құру идеясын Мемлекет басшысы өзінің былтырғы Жолдауындаайтқан болатын. Соған байланысты, Жоғарғы Сот пен Әділет министрлігі ҚазақстанРеспубликасының Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексінің (бұдан әрі ─ ӘРПК)жобасын әзірлеп, дайындап Парламентке ұсынған тұғын. Парламент бұл Кодекстіталқылап, қабылдаған соң, биылғы 29 маусымда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтыңжаңа ӘРПК-ға қол қойған болатын. Бұл Кодекс 2021 жылдың 1 шілдесінен бастапкүшіне енеді. Демек, келесі жылы Қазақстанда әкімшілік сот ісін жүргізудің жаңатүрі енгізіледі. Осылайша елімізде сот төрелігінің бір жүйесі ретінде әкімшілікәділет (юстиция) институты енгізіледі.

Бұл Кодексті қабылдағанда Қазақстандық заң шығарушылар Еуропа елдерінің тәжірибесіне сүйенген. Мысалы, Германияның сот жүйесі арнайы тәуелсіз әкімшілік соттардың болуымен сипатталады және олардың тәжірибесі әлемдегі ең сәтті тәжірибе деп саналады. Сонымен бірге, әкімшілік әділет (юстиция) көптеген ТМД елдерінде жұмыс істеп жатыр.

Осы орайда, бұл жаңа Кодексті қабылдаудың мақсатына тоқтала кетсем, бұл жерде билік пен азаматтар арасындағы дауларды қарау кезінде қарапайым азаматтардың құқықтарын қорғаудың тиімді тетіктерін қарастыру болып табылады. Жалпы, юрисдикциялық соттар қарайтын қоғамдық-құқықтық қатынастар практикасы жыл сайын артып келеді. Әсіресе, жер және тұрғын үй қатынастары саласындағы, атаулы әлеуметтік көмек көрсету, тағы басқа салаларда даулар көп. Жаңадан қабылданған ӘРПК жеке және заңды тұлғалар мен мемлекеттік органдар арасындағы дауларды қарастыратын болады.

Қазіргі уақытта елімізде билік пен азаматтардың арасындағы дауларды қарайтын жаңа соттарды құру мәселелері пысықталуда. Әкімшілік әділет ─ бұл бір жағынан азамат немесе заңды тұлға мен екінші жағынан мемлекеттік орган арасындағы әкімшілік істерді қарау мен әкімшілік құқықтық дауларды шешудің ерекше тәртібі.

Егер әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізу, олардың жасалуына заңмен тыйым салынатын әрекеттерді тоқтату мен алдын алуға бағытталған болса, онда жария-құқықтық сипаттағы істер мемлекеттік басқару органдарының әкімшілік функцияларынан туындайды.

Қазір мемлекеттік органдарда даулар азаматтық және әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібімен шешіледі. Сот тек тараптар ұсынған дәлелдемелерге ғана сүйенеді.

Биыл жаңадан қабылданған ӘРПК-дағы әкімшілік процестің азаматтық процестен айырмашылығы ретінде соттың белсенді рөлін айтуға болады. Бұл заңда, яғни ӘРПК бойынша дәлелдеу міндеті даулы актіні шығарған немесе қабылдаған мемлекеттік органға жүктеледі. Азаматтың немесе ұйымның сотқа талап қоюы жеткілікті, ал мемлекеттік орган немесе лауазымды тұлға олардың берген талабы бойынша өз іс-әрекетін дәлелдеу үшін сол жерде болады. Яғни, мемлекеттік органдар жеке және заңды тұлғаларға талап қоя алмайды.

Жаңа ӘРПК бойынша сот талап қоюшыдан емес, барлық қажетті құжаттарды мемлекеттік органдардан сұрату мүмкіндігіне ие бола отырып, дәлелдемелерді жинауға бастама көтереді.

Кодексте көрсетілгендей, дәлелдеу ауыртпалығы әкімшілік актіні қабылдаған әкімшілік органға жүктеледі. ӘРПК бойынша «әкімшілік органның» құрамына мемлекеттік органдар және жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен қатар, мемлекеттік заңды тұлғалар, әкімшілік актіні қабылдауға, әкімшілік іс-әрекет немесе әрекетсіздік жасауға уәкілеттік берілген ұйымдар кіреді. Осылайша, әкімшілік орган немесе лауазымды тұлға сотта жауапкер ретінде әрекет етеді. Істі сотта қарау жоғары тұрған органға әкімшілік актіге, әрекетке немесе әрекетсіздікке алдын-ала шағым бергеннен кейін ғана мүмкін болады.

Кодекстегі тағы бір жаңалық, ол тараптар істі әкімшілік процестің барлық кезеңдерінде татуласу немесе медиация туралы келісім жасасу арқылы істі толық немесе ішінара аяқтай алады. Бірақ тараптардың татуласуына жол берілмейтін істердің жекелеген санаттары да болады.

Бір сөзбен қорытқанда, әкімшілік әділетті қалыптастыру азаматтардың құқықтық қорғалуын жақсарту үшін өте маңызды екендігі анық.

Гүлмира ҚЫДЫРБАЕВА,

Шымкент қалалық сотының судьясы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *