«NUR OTAN»: ТӨЛЕБИ АУДАНЫ 100 ПАЙЫЗ ГАЗБЕН ЖӘНЕ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛАДЫ

Қоғам
570 Views

Түркістан облысы Төлеби ауданы бойынша «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасына сәйкес, алдағы 5 жылда 100 пайыз көгілдір отынмен және орталықтандырылған сапалы ауыз сумен қамтылатын болады. Қазіргі таңда, газбен қамтылу деңгейі 83,7 пайыз, ауыз су көрсеткіші 96 пайызға жетіп отыр. Бұл туралы бүгін сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарымен Төлеби ауданына барған облыстық сайлауалды штаб басшысы, облыстық мәслихатының депутаттығына үміткер Бейсен Тәжібаев мәлімдеді.

Алдымен Төлеби аудандық сайлауалды штабының жұмыс барысымен танысып шыққан ол «KAZPLAST» ЖШС-не аялдады. Онда аталған мекеменің жұмысшыларына халықтық партияның бүгінге дейін атқарған және алдағы 5 жылда істейтін жұмыс жоспарымен таныстырды.

«Nur Otan» партиясы – елдің мүддесіне жұмыс істеп, халықтың жағында бола білетін саяси ұйым. Бұл сөзіме осы Төлеби және Мақтаарал ауданында орын алған су тасқыны кезінде, сондай-ақ ел ішінде індет жайлағанда халыққа алғашқылардың бірі болып көмектесуге келгенін дәлел ретінде айтуға болады. Халықтың алғысына бөленген партия алдағы уақытта да осы бағытынан таймақ емес. Партия Төлеби ауданын барлық сала бойынша дамытудың 7 басым бағытын айқындап отыр. Осы жоспарлар жүзеге асса халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқаты әлдеқайда жақсара түсетіні анық. Сондықтан баршаңызды дұрыс таңдау жасап, «Nur Otan»-ға дауыс беруге шақырамын», – деді Б.Дәулетұлы.

Айта кетейік, Леңгір қаласында орналасқан серіктестік арнайы жұмыс киімдерін тігумен айналысады. Онда 140 адам тәулігіне 200 дана киім дайындап шығарады. Алдағы жұмыс жоспарына қаныққан жұмысшылар «Nur Otan» партиясына дауыс беретіндіктерін жеткізді. Сондай-ақ облыстық сайлауалды штаб басшысы «Төлеби ауданының құрметті азаматы», зейнеткер Әбіш Көлбаевтың шаңырағында болды. Жастайынан өз өмірін шәкірт тәрбиелеуге арнаған ұлағатты ұстазбен өткен кездесуде партияның жаңаша көзқарастары мен заманауи жұмыс істеу тәсілдері кеңінен сөз болды. Ә.Көлбаев қашан да елдің қуанышы мен мұңына ортақтаса білетін нұротандықтарға деген өзінің жылы лебізін білдірді. Сондай-ақ, «Nur Otan» партиясының елдің жан-жақты дамуына қосып жүрген үлесін түрлі орталарда айтып жүретінін де жасырмады.

Б.Тәжібаев өзінің аудандағы сайлауалды үгіт-насихаттық жұмысын «Балмұздақ» ЖШС-де түйіндеді. Ол кездесуде серіктестік қызметкерлерінің пікірлерін тыңдап, өтініш, тілектеріне құлақ асты. Сондай-ақ, ауданда сайлауалды бағдарламаға енбей қалған басқа да мәселелер болса, «Nur Otan» партиясының жұмыс жоспарына енгізуге атсалысатынын айтты.

«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНА ДАУЫС БЕРІҢІЗ!!!

«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі.

Материалдар «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық сайлау қоры қаржысы есебінен жарияланды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *