«NUR OTAN»: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚАНАҒАТТАНАРЛЫҚ ЖАҒДАЙДАҒЫ ЖОЛДЫҢ ҮЛЕСІ 90 ПАЙЫЗҒА ЖЕТЕДІ

Қоғам
444 Views

Созақ ауданындағы «Nur Otan» партиясының өкілдеріЖартытөбе ауылының тұрғындарымен кездесті. Жиын барысында үміткерлеразаматтарға партияның облыстық, аудандық филиалдарының сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, сайлауда «Nur Otan» партиясына дауыс беругешақырды.

«Nur Otan» партиясының бүгінге дейін атқарған жұмыстарына қаныққан ауылдағы ағайын инфрақұрылым проблемасы көкейтесті мәселелерін ортаға салды. Атап айтқанда, азаматтар елдімекендегі көгілдір отын, ауыз су, жол салу жұмыстарын қолға алуды сұрады.

Өз кезегінде нұротандықтар бұл мәселелердің барлығы дерлік «Nur Otan» партиясының 5 жылдық сайлауалды бағдарламасына енгізілгенін жұртшылыққа хабардар етті. Яғни, 2025 жылға дейін облыс халқын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесін толығымен шешу жоспарланған. Сондай-ақ, ауылдық елді мекендерді газбен қамту деңгейі 54,1 пайыздан 69 пайызға артады. Одан бөлек, өңірдегі 3600 шақырым облыстық, аудандық маңызы бар жолдар жөнделіп, канағаттанарлық деңгейі 90 пайызға жетеді.

«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі.

Материалдар «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық сайлау қоры қаржысы есебінен жарияланды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *