ЭКСТРЕМИЗМ – ҚОҒАМ ТҰТАСТЫҒЫН БҰЗАТЫН ӘРЕКЕТ

Қоғам Құқық
738 Views

Еліміз егемендікке қол жеткізгелі отыз жылдай уақыт болды. Осы жылдар аралығында мемлекетіміздің барлық салаларында терең, әрі түбегейлі өзгерістер орын алды. Қазақстан Республикасы тәуелсіз ел болып еңсесін тіктей бастады. Халықаралық деңгейде әлемнің алпауыт мемлекеттерімен бәсекелес бола алатын қабілеттілігін көрсетті.Әсіресе, тарих қойнауында жатқан рухани мұрамыз қайта жаңғырып, өзінің лайықтыорнын тапты. Десек те, бүгінгі қоғамда алаңдатарлық келеңсіз мәселелер де жоқемес. Солардың бірі – мемлекетіміздің діни ахуалы.

ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы Н.Ә.Назарбаев парламент палаталарының біріккен мәжілісінде сөйлеген сөзінде терроризммен күресмәселесіне басты назар аударған еді. Елбасы сол кезде біздің аймаққа датерроризм қаупі барлығын алғаш рет ресми түрде атап көрсетті. Осыған сәйкес,экстремизмге қарсы тез арада заң қабылдану керектігін баса айтқан болатын.Себебі, діни – саяси партия Хизб-ут Тахрир өзінің заңсыз іс-әрекеттерін ашықтүрде жүргізе бастаған. Олар Қазақстанда 2003 жылы 1000 үнпарақты таратқанболса, 2004 жылы 11 мыңын таратып үлгерген. Оның үстіне заңсыз келетін күмәндіадамдардың саны көбейген. Шымкентте қыздар пансионатында 8-15 жастағы қыздардыңарасында исламдық фанатизмге тәрбиелеу жұмыстары жүргізілген. Ал оны тоқтататынқұқық тетіктері жоқ. Сөйтіп Қазақстандағы бұл реттегі шаралары шектен тысанархиялық сипат алып кеткен. Іс жүзінде олардың іс-әрекетін заң жолыменшектеуге болмайтын болып шықты. Ождан бостандығы жөнінде бұрын қабылданғанзаңдарымыз қазіргі талапқа сай емес екені мәлім.

Қазақстанда 2299 діни ұйым жұмыс істейді, 46 конфессия, 1534 мешіт, 230 православ шіркеуі, 70 лютеран қауымдастығы, 40 елушіл, 34 иегова куәлері 20 пресвитериан, жалпы алғанда 2005 ғибадат орны жұмыс істейді. Айта берсек бұрын-соңды атын естімеген, затын көрмеген діни топтар мен ұйымдар елімізде қаптап кеткен. Бір діндегілер миссионерлердің алдау-арбау әрекеттерінің салдарынан қақ жарылып жатса, дінаралық және ұлтаралық араздықтар туып, татулық бұзылуы мүмкін. Сондықтан да, азаматтардың діни сенімдерін заңмен қорғау ісі назардан тыс қалмауы тиіс.

Республикада әртүрлі секталар мен шіркеулердің саны көбейген. Дәлірек айтқанда, «новая жизнь», «новая небо», «қуаныш», «церков сатаны», тағы да басқа. Мұнымен қатар шет елдерден Германиядан, Польшадан, АҚШ-тан, Оңтүстік Кореядан келген миссионерлердің іс-әрекеттері еліміздің көптеген аумақтарында әрекет етуде. Ғ.Елшібайдың пайымдауынша, Қазақстанда соңғы 5-6 жылдың ішінде Евангелия сектасы 4000-дай ұя салған. Миссионерлер қазақтарды ақшамен, насихатпен алдап-арбау арқылы өз дініне өткізіп жатыр. Ал заң бойынша конфессиялар, мешіттер мен храмдар, діни бірлестіктер заң шеңберінде ғана әрекет етуге құқылы. Бірақ қазір толық солай болып тұр деп айтуға келмейді.

Дін – қоғамды құраушы бірден бір күш, сонымен қатар, кейбір уақыттарда ол мемлекеттің ішкі тыныштығына нұқсан келтіретін кездері болады. Біз осы шет елдерден келетін миссионерлердің ісіне сипаттама бере кетейік. Олар не үшін біздің дінсіздігіміз үшін қам жейді? Не үшін соншама қаржы жұмсайды? Осы сұрақтар адамға үлкен ой салады. Әлемде мемлекетті жаулап алудың екі жолы бар. Біріншісі – соғыс арқылы, екіншісі – соғыссыз-ақ оның негізгі құралы: дін адам санасын діни идеология арқылы жаулап, елдегі адамдарды мемлекетке қарсы қояды. Әлемде дін қоғамдық өміріне кері әсерін тигізген мемлекетті айтатын болсақ – Ливан мемлекеті. Бұл елдің жартысы мұсылман, жартысы христиан болып табылады. Тағы да айта кететін жағдай әлемде 5000 жыл тарихы бар Оңтүстік Кореяны алатын болсақ ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап елде жаппай христиан дінінің миссионерлері белсенді жұмыс істеуінің арқасында елдің үштен бірі христиан дінін қабылдаған және біздің елімізге келушілердің көбісі сол «Таңғы Жұпар» елінен (Оңтүстік Корея) келгендер. Сырттай білінбесе де Қытай Халық Республикасында (ҚХР) Еуропадан келген миссионерлер белсенді жұмыс атқарып жатыр. Қытай тілін үйреніп, қытай қыздарына үйленіп өздерінің ұяларын салуда. Біз енді мына сұраққа жауап берейік. Бұл істің артында кім тұр және неліктен? Біріншіден, Әлемдік баспасөз құралдарының дәлелдеріне сүйенетін болсақ, АҚШ және Батыс мемлекеттері. Неліктен деген сұраққа келетін болсақ, оның мынадай болжамдық сипаты бар.

Әлемде АҚШ өмірінің салтымен негізделген «жаһандану» проблемасы қоғамдағы негізгі құндылықтарды басқа құнсыздықтармен алмастыру. Айта кететін жайт христиан дінімен әлемде бәсекеге түсе алатын ислам діні ғана. Ислам діні жаһандану процесіне қарсы тұра алады. Өйткені, жаһандану процесінің кейбір компоненттері ислам дінінің ұстанымдары мен сәйкес келмейді. Сондықтан, АҚШ әлемдегі ықпалды державаларды өз қатарына қосып, қарсыластарын азайтуда.

Миссионерлердің көпшілігі Азия мемлекеттерінде белсене жұмыс атқаруда. Әлемдік экономист ғалымдардың айтуынша, әлемдегі халық тұтынатын шикізат энергиясының қайнар көздері Азияға қарай ауытқуда. Сондықтан, ертеңнің қамын қазірден ойластыруда.

Біз енді секталардың тағы бір бөлігі ислам дінінің атын жамылып өзінің саяси мақсатын іске асыратындар. Қасиетті дініміздің әлемдік аренада абыройына осы топтар нұқсан келтіруде. Мұхаммед Пайғамбарымыз (с.ә.у.) бір хадисінде «Мен өлген соң менің үмметім 73-ке бөлінеді, тек оның бір ғана жолы жұмаққа апарады». Шынында қазіргі таңда қасиетті дініміздің атын жамылып өз саяси мақсатын іске асырушылар аз емес.

Елдегі діни жағдайдың алдын алуға қазірден қам жасау қажет және оған дінтанушы мамандар қызмет етеді. Еліміздегі діни конфессиялар дін шеңберінде ғана жұмыс істеуді қатаң түрде назарға алғаны жөн. Біздің елдің негізгі діні конституцияда көрсетілгендей – ислам діні. Басқа сырттан келген миссионерлер дінінің насихатына жол бермеуіміз керек. Бізде статистикаға сүйенсек, 75 пайыз ислам дінін, 22 пайыз православ қалғаны әртүрлі конфессиялар. Бұлар бір-бірімен «қош көрушілік» бейбіт қатынаста өмір сүріп келеді. Жас ұрпақ ертеңгі күні адаспас үшін оның санасына мектептен бастап дін сабағын үйрету керек. Әлемде мектепте дін сабағын көптеген елдерде жүргізеді. Көршіміз Ресей федерациясы да мектеп жасына бірыңғай православ дінінің әліппесін енгізген. Біз мектеп жасына бірыңғай дінтану пәнін өткізсек нұр үстіне нұр болар еді.

Дін әрбір адамға таныс сөз. Дін дегеніміз не? деген сұрақ көп уақыттан бері адамдардың арасында талас туындап келеді. Осы пікірталастың негізінде дүниеге көзқарас, адамдардың әлеуметтік жағдайлары жатыр. Оның негізгі мәні діннің құдірет күшінен туындайды. Олар «құдай», «абсолюттілік», «әлемдік рух», «абсолюттік идея», «трансценденттік» делінді. Мұндай көзқарас теологтар мен объективті идеалистерге тән. Егер алғашқылар діннің көзін Құдайдан тапса, соңғылары объективті рухани бастамадан іздейді. Олардың пікірінше, адамдар осы «қасиеттілікке», «абсолюттілікке» ұмтылады. Діннің шығуы осылай түсіндіріледі. Мұндай қағидаға сүйену Құдайды негіздеуге келіп саяды.

2001-жылғы, 11-қыркүйекте АҚШ-тағы болған зұлымдық актіден кейін лаңкестікпен күрестің бұрынғы тарихта болмаған жаңа кезеңі басталды. Бүкіл дүниежүзінде лаңкестік және экстремизм құбылыстары жөніндегі ұғым түбірімен өзгерді. Осы қауіп-қатерге қарсы бүкіл әлемдік қауымдастық бірлескен әрекеті қажет болды.

Бұрын адамдар соғыс жүргізіліп жатқан аймақтан қауіптенетін болса, енді кез-келген уақытта қауіп-қатер күтуге болады. Оны болжап айту өте қиын. Соңғы жылдары лаңкестік және онымен күрес мәселелері туралы көптеген авторлардың еңбектері жарық көргені мәлім. Республикада халықаралық ғылыми-практиалық конференцияның материалдары қазіргі жағдайдағы лаңкестікпен күрес мәселелері көкейкесті күйінде қалып отыр. Ол әлі де болса жан-жақты ғылыми зерттеуді қажет етеді. Бұл мақалада лаңкестікпен күрестің жаңа кезеңі және оның ерекшеліктері зерттелді.

Лаңкестік дегеніміз – этикалық, әлеуметтік топтардың, мемлекеттердің және жекелеген адамдардың өз мүдделерін қорғауына бағытталған. Бірақ ешқандай ақтауға болмайтын қорқыныш пен үрей идеологиясы және күштеу іс-әрекеті лаңкестікті кішкентай мемлекеттер мен топтар өзінен күштілерге қарсы лажсыздықтан, ал мықты мемлекеттер мен әртүрлі топтар өздеріне жақпайтындарға қарсы қолданады. Оның объективті және субъективті факторлары бар.

Лаңкестіктің жаңа кезеңінің бірнеше ерекшелігі бар. Біріншіден, ол халықаралық лаңкестікке байланысты. Халықаралық лаңкестік, әсіресе, қайсыбір мемлекеттердің қолдауымен жүзеге асырылуда. Яғни, мемлекеттер мен мемлекеттер арасында соғыс халықаралық лаңкестікке қарсы соғыс түрінде жүргізіледі. Барлық лаңкестік түрлерінің ішінде мемлекеттік лаңкестік бірінші орын алады. Сондықтан да, мемлекеттік лаңкестік өте қауіпті. Түрлі экстремистік топтар қайсыбір мемлекеттің қолдауын тауып отыр. Ондай топтар бомбалау, басқа да операцияларды жүзеге асыра алады.

АҚШ әлемнің әртүрлі аймақтарында «тентек», «лаңкес» елдердің тізімін жасап, өз мүддесін жүзеге асыру үшін, әскери соққы беруде. Осының бір дәлелі АҚШ Президентінің соңғы кездегі лаңкесшіл мемлекеттер ретіндегі 11 елді атауы болып табылады. Сөйтіп, ол бұрынғы аталған үш елге (Ирак, Иран, Солтүстік Корея) қоса басқа да мемлекеттерді атай бастады.

Террорлық жарылыстың шығу төркініне көз жүгіртіп, ең алғашқысы қайда болып еді? – деген сұрақпен бас қатырсақ, мұсылмандардан мүлдем аулақта Англиядан тәуелсіздігін алмаққа ұмтылған ирландықтардың «көсемі» Иранның жасағанынан, терроризмнің «авторы» өзгелер екеніне көз жеткіземіз.

Терроризм бүгінгі таңда ғана пайда болған жоқ. Тарихқа жүгінсек біздің заманымыздың бірінші ғасырының өзінде-ақ Иудейде шралилер сектасы әрекет еткен. Олар римдіктермен қызметтес болған, яғни отарлаушылармен ауыз жаласқан Еврей ақсүйектерінің өкілдерін өлтіріп отырған. Сонау Фома Аквиналық және Христиан шіркеулерінің басшылары халыққа қас басқарушыны өлтіру идеясын қолдаған.

Ал, 20-ғасырда экстремизм мемлекеттік деңгейге жетті. Бүгінде терроризм халықаралық, ғаламдық сипатқа еніп отыр. Бұдан 40-50 жыл бұрын терроризм жөнінде аймақтық құбылыс деп атауға болар еді, ал XX ғасырдың 80-90 жылдарынан бастап ол әмбебап құбылысқа айналды және бүгінгі экстремизм ғаламдық көлемдегі табыс берер бизнес көзі болып отыр. Оның бір ғана мақсаты – билікті басып алу. Қазіргі экстремистік «қоғам игілігі» жөнінде сөз етпейді. Билікті тартып алу экстремизмнің құмарлық мақсатына айналды. Бұл тек үкіметке қарсы күресте ғана емес, жиі жағдайда өкіметтің де өз мүмкіндіктерін жүзеге асыру жолындағы қуатты қару, мықты құралына айналып отыр.

Экстремизм қоғам терең дағдарысқа ұшырағанда, ең алдымен идеологиялық және мемлекеттік құқықтық жүйесі дағдарысқа ұшырағанда пайда болады. Мұндай қоғамда өмір сүріп жатқан үкіметтің заңдылықтарына, оның бүкіл басқару жүйесіне күдікпен қараған түрлі саяси-әлеуметтік, ұлттық діни оппозициялық топтар өз мақсатына заңдылық жолдармен жете алмаймыз десе, онда олар өз мүддесін күштеу, қорқыту, яғни терроризм арқылы жүзеге асыруға тырысады. Мұндай жағдайда экстремистер өзінің іс-әрекетін ақтау үшін болашақ мақсаттарының жоғары маңыздылығы ерекше мән береді.

Экстремизм бұл – адамның бауырына, белгілі топтардың адамзатқа деген өшпенділігі мен қиянаты. Лаңкестердің қолынан ешбір жазығы жоқ халықтар қырылуда. Экстремистер қатыгез. Олар өз мақсаттарына жету үшін алдына бөгет болғандарды аяусыз қырып жоюдан тайынбайды. Сол себепті экстремизмді ешқашан ақтауға болмайды. Онымен күресудің барлық жақтарын қарастырған жөн. Қазір «ұйымдық келісімшарт» бойынша Қазақстан, Ресей және Орта Азия елдері экстремизмнің алдын алу шараларын бірігіп жүзеге асыруда. Әлем халқының 5 пайызы АҚШ-та тұрады олар әлемдік қуат ресурстарының 42 пайызын пайдалануда. Дегенмен оларға жаңа шикізат көздері қажет болып отыр. Сондықтан, олар өзінің мүддесіне қайшы келетін елдерді экстремистік тізімге қосуға құмар. Дамушы елдер табиғи байлықтарын тиімсіз шартта бөліскісі келмейді, сондықтан осылайша қарсылық көрсеткен шағын елдерге экстремистерді қолдаушы деген жазықсыз жала жабылуда.

Лаңкестердің әрекеті кейінгі кезде жазықсыз адамдарды құрбандыққа ұшыратып, мемлекеттер арасында қайшылықтар туғызуда. Террорлық әрекеттен Палестина, АҚШ, Ресей, Израил, Алжир, Үндістан, Мысыр, Түркия, Жапония, Франция тағы басқа елдер адам және заттай шығынға ұшырауда. Қазір дүниежүзінде 500-ден астам террорлық ұйымдар әрекет етуде.

«Саясат» журналының 2001 жылғы, қыркүйек айындағы санында 1968-1995 жылдар арасындағы халықаралық терроризм құрбандарының саны 9000 адамға жеткенін хабарлайды. Ал кейінгі бес жылда олардың қатарына тағы 5000 адам қосылды. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Сындарлы он жыл» атты еңбегінде әлем бойынша тек 2002 жылдың 8 айында, 390 терракті оқиға болған. Оның салдарынан 4776 адам қазаға ұшыраған.

Қазіргі кезде дүниежүзілік қауымдастық терроризм актілеріне қарсы әрекет жасау мәселесіне жаңа халықаралық құқық тәртібін орнатуды қолға алды. Терроризмді тек бірлесе отырып жеңу мүмкін екендігін бәрі ұғынып отыр. Оның негізінде бірнеше халықаралық конвенциялар қабылданды. Атап айтсақ: «Әуе кемелеріне жасалған қылмыстық және басқа да әрекеттер туралы конвенция» (1963 жыл), «Азаматтық авиация қауіпсіздігіне бағытталған заңсыз актілермен күрес туралы конвенция» (1971 жыл), «Терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес туралы конвенция» (1991 жыл).

Экстремизмге қарсы күрес жалпы мемлекеттік міндет. Сол себепті баспасөз құралдарында лаңкестік мәні, діни радикализм жайында, оның зиянды қырлары туралы түсіндірме мақалалар жариялап, телехабарлар ұйымдастыру қажет. Қазақстан халқынан діни радикалдық ұйымдар мен топтар қолдау көрмесе, елімізде лаңкестік әлеуметтік базасы жойылады. Әлемдік билеуші топтардың аймақтық қайшылықтар мен қауіптерді шешуде тас түйін болып бірігуі террористік әрекеттердің алдын алудың кепілі. Ел қауымын ойлайтын өкімет елімізге қатысты барлық қауіп көздерін біліп, талдап олардың алдын алатын шараларды іске асыруы керек.

Қорыта келе айтарым, дін атын жамылып, арам пиғылдарын іске асырмақ болып жатқан экстремистер мен лаңкестерге қарсы тұру – баршамыздың ортақ міндетіміз, әрі мүддеміз. Бұл міндетті іске асыруда дін көшбасшылары мен мемлекеттік органдар, мемлекеттік емес ұйымдардың мүшелері, жалпы ұлт болып, халық болып бір сапта, бір шепте тұрып, біріге күрес жүргізуіміз ләзім. Егер біз лаңкестердің лас әрекеттерінен тазарған әлемді көргіміз келетін болса, біздің күш-жігерімізді дәл осы мақсатта шоғырландыруға тиіспіз.

Жандос КУЛДЕРБАЕВ,

Түркістан облысы, Қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары, майор.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *