Сонау адамзат жаралған дәуірден бастап бүгінге дейін «Ана» деген ұғым қастерлі де қасиетті. Оған басын имейтін адам жоқ. Ибалы да инабатты арулар қасымызда жүргенде ер азаматтардың да ертеңгі күнге деген сенімі арта бермек. Ал халқымыздың «Әйел бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербетеді» деген даналық сөзі осындай өмір шындығынан туса керек. Шыны керек, әскери қызмет негізінен тек ерлерге жүктелген міндет деген қате түсінік қалыптасқан. Кейінгі кездері бұл салаға қыз-келіншектер де іске кірісе бастаған. Сондай арудың бірі – Жетісай және Мақтаарал аудандарының Қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінде бірнеше жылдан бері әскери қызмет атқарып келе жатқан Саметова Айжан Бердімұратқызы.
Оның әскери шені – сержант, мамандығы – психолог. Жанұялы. Жұбайы Қожахметов Қайрат екеуі үш қыз, бір ұл тәрбиелеп отырған ынтымағы жарасқан отбасы. Психолог – нағыз әскери өмірге міндетті түрде керек мамандық. Отбасында бірлікті сақтайтын әйел-ана. Айжан отбасы тыныштығымен қатар ел тыныштығы жолында да уақытпен санаспай абыройлы қызмет етіп жүр.
Халықаралық әйелдер мерекесі күні қарсаңында біз де айтулы мерекесімен құттықтай отырып, сізге зор денсаулық, ұзақ өмір, отбасыңызға бақыт, өмірлеріңізге шаттық тілейміз. Бойыңыздан сұлулық пен әсемдік, сыпайылық пен қарапайымдылық әрқашан да жалғасын тапсын.
Г.ЖАУБАСАРОВА,
Түркістан облысы Әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен
жұмысты ұйымдастыру бойынша инспектор