ОШАҚБАЙ ҚАЖЫ ДҮНИЕДЕН ОЗДЫ

Өмір-өзен
795 Views

Шымкент қаласының, Төлеби, Мақтаарал аудандарының «Құрметті азаматы» Ошақбай Көлбаев 84 жасқа қараған шағында дүниеден озды.

Ол 1937 жылы 6 қарашада Жамбыл облысы Жуалы ауданы Қайрат ауылында туылған. 1954 жылы Ильич қазақ орта мектебін күміс медальмен бітіріп, Алматыдағы қазақ ауыл шаруашылығы институтының механизация факультетіне оқуға түсті, 1959 жылы институтты бітіріп, Ильич ауданында ауыл шаруашылық инспекциясында бас инженер болып қызмет істеді. 1962 жылы «Комсорг Обкома по Кировскому территориальнему» қызметін атқарған. Сырдария облысы Обком Партия Комитетінің хатшысы.1967 жылдан 1975 жылға дейін Сырдария облыстық совхоздар тресінде директордың бірінші орынбасары, кейін директоры болып қызмет етті. 1975 жылы Шымкент обкомына нұсқаушы, 1977-1980 жылдары облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының орынбасары, 1980-1982 жылдары Сырдария партия комитетінде бөлім меңгерушісінің орынбасары, 1982-1985 жылдары Мақтаарал ауданы партия комитетінің хатшысы, 1985 жылдан бастап Ленгiр аудандық автотранспорт кәсiпорнының директоры қызметтерін атқарған.

Ауыл шаруашылығы саласының үздігі «Құрмет белгісі» орденімен наградталған.

Ер ардақтысына айналған Ошақбай атамыз бүкіл азаматтық келбетін елге қызмет етуге арнаған абыз қариямыз еді. Фатима апамызбен бірге ұнасымды ұл-қыз өсіріп, бақытты әулет ұрпағын тәрбиелеп шығарды. Атамыз – «Ең алдымен азамат шыншыл, әділ, турашыл, кішіпейіл болуы керек. Басыңды кесіп алса да өтірік айтпа! Мұхаммед Пайғамбардың (с.ғ.с) хадисінде әркімнің бір мезгілдік әділдігі 60 жыл ораза тұтып, намаз оқығанмен тең делінген» деген ұлағатты сөзімен өмір сүрді және оны бүгінгі ұрпаққа үлгі-өнеге етіп қалдырып кетті.

Ел ағасы Ошақбай Оспанұлы Көлбаевтың қайтыс болуына байланысты туған-туыстарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамыз. Қайғысын бөліссе жеңілдейді демекші, Ошақбай Көлбайұлының артында қалған бала-шағаларына, немере-шөберелеріне, туған-туысқандарына Алла тағалам көркем сабырлық беріп, қасиетті күндер мен түндерге сау саламатта, аман-есендікте жетулерін нәсіп етсін.

Ошақбай атамыздың 40 күндік асы 13 наурыз күні сағат 13:00-де Шымкент қаласы, Абай саябағындағы «Манчестер» мейрамханасында өтеді.

«Әділет. Рухани жаңғыру» газет редакциясы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *