ТОКИО ОЛИМПИАДАСЫНА ЖОЛДАМА АЛҒАН КӨШБАСШЫ СПОРТ МЕКТЕБІ

Спорт
1 300 Views

Спорт үшін туылған жандар десек, артық болмас. Бүгінде біз жас та болса СПОРТ әлемінде талай белестерді бағындырып үлгерген Шымкент қаласының №3 олимпиада резервін дайындайтын балалар мен жасөспірімдердің кешенді мамандандырылған спорт мектебі дайындаған спортшыларының мақтан тұтар, бірбеткей мінездерімен ерекше, елімізде ойып тұрып алатын орындарына тоқталмақпыз. Себебі, әрбір қазақ спортшыларының жеңісі – барша қазақ елі үшін зор мақтаныш. Мақаламызға арқау болып отырған аталмыш спорт мектебінің тарихына және бүгінгі таңдағы көрсеткіштеріне көз жүгіртсек:

№3 олимпиада резервін дайындайтын балалар мен жасөспірімдердің кешендімамандандырылған спорт мектебі 1965 жылы №5 балалар мен жасөспірімдердің спортмектебі болып ашылған. 2003 жылдың 26 наурызында Оңтүстік Қазақстан облысыәкімдігінің №143 қаулысымен Шымкент қаласының №3 олимпиада резервін дайындайтынбалалар мен жасөспірімдердің кешенді мамандандырылған спорт мектебі болыпөзгертілді. Ал 2014 жылғы 14 тамыздан бастап Шымкент қаласы әкімдігінің №1599қаулысымен Шымкент қаласының №3 олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалармен жасөспірімдер мектебі болып аталып келеді. Қазіргі таңда 2013 жылдың 31желтоқсанынан бастап КСРО-ның бокстан спорт шебері – Асқарбек Ағабекұлы мектеп басшысы қызметін атқарып келеді.

Сугралиев Асқарбек Ағабекұлы 1971 жылы 23 қыркүйекте Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары. Бокстан КСРО-ның спортшебері, «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы», «Денешынықтыру мен спортты дамытуға сіңірген еңбегі үшін» және «Құрметті спортқызметкері» спорттық атақтарының иегері.

Спорт мектебінде қазіргі таңда спорттың 8 түрі жұмыс істейді. Олар: жүзу, байдарка мен каноэде есу, триатлон, семсерлесу, бокс, баскетбол, шахмат, гандбол.

Бұл мектептің жетістіктері төмендегіше:

Олимпиада Ойындары

Байдарка мен каноэде есуден 2016 жылы Рио-де-Жанейрода (Бразилия) өткен Олимпиада ойындарында

— Подойникова Ирина – 7 орын (К-2 500), 10 орын (К-4 500);

-Емельянов Александр – 10 орын (К-4 500);

Жүзуден 2016 жылы Рио-де-Жанейрода (Бразилия) өткен Паралимпиада Ойындарында

— Агалаков Роман – 13 орын (50м еркін жүзу);

Жасөспірімдер арасында Олимпиада ойындары

Байдарка мен каноэде есуден 2018 жылы Аргентинада (Буенос-айрес), жасөспірімдер Олимпиадасында

-Суханова Стелла — 3 орын

Азия ойындары

Байдарка мен каноэде есуден 2010 жылы Гуанчжоуда (Қытай)

XVІ Азия ойындарында

-Емельянов Александр мен Подойникова Ирина ІІ және ІІІ-орын;

Байдарка мен каноэде есуден 2014 жылы Инчхонда (Оңтүстік Корея) Азия ойындарында

-Подойникова Ирина – І орын К2-500м;

-Подойникова Ирина – ІІІ орын К4-500м;

Семсерлесуден 2014 жылы Инчхонда (Оңтүстік Корея)

Азия ойындарында

-Паманша Д. – ІІІ орын командалық

Ганболдан 2014 жылы Инчхонда (Оңтүстік Корея)

Азия ойындарында

-Пикалова М. – ІІІ орын командалық

Шахматтан 2017 жылы Ашхабадта жабық жайда өткен

Азия ойындарында

-Кажгалеев М. 3 орын ком.блиц.

Байдарка мен каноэде есуден 2018 жылы Индонезияда (Джакарта)

ХVІІІ Азия ойындарында

-Подойникова Ирина – 2 орын, К-4, 500м

Семсерлесуден 2018 жылы Индонезияда (Джакарта)

ХVІІІ Азия ойындарында

-Алимжанов Э. – 3 орын, шпага

Әлем Чемпионаты

Бокстан 2014 жылы әскери қызметкерлер арасында

Әлем Чемпионатында

-Байниязов О. – І орын 49кг;

Бокстан 2014 жылы студенттер арасында

Әлем Чемпионатында

-Байниязов О. – ІІІ орын 49кг;

Шахматтан 2016 жылы Халкидикиде (Греция)

әуесқойлар арасында Әлем Чемпионатында

Бигабылов Ж. – 1 орын классика

Бокстан 2017 жылы Нұр-Сұлтанда «Аstana Arlans» және «Cuba Domadores» клубтарының бүкіләлемдік кездесуі финал.

Әлем Чемпионаты

-Байниязов О. 1 орын 52кг

2021 жылы Қазақстан Республикасының Чемпионатында 20 медаль

11-Алтын

9-Күміс

4-Қола

2020 жылы Токиода өтетін Жазғы Олимпиада ойындарына қатысу үшін жолдама алған спортшылар

Байдарка мен каноэде есуден

Емельянов Тимофей -1993ж.

Емельянов Сергей – 1995ж.

2020 жылы Токиода өтетін Жазғы Олимпиада ойындарына

қатысуға үміткер спортшылар

Байдарка мен каноэде есуден

Подойникова Ирина –1988ж.

Семсерлесуден

Алимжанов Эльмир – 1986ж.

Дерябин Иван – 1993ж.

Рахманали Мухамедали – 1994ж.

Дені сау халық – мемлекеттің байлығы. Елімізде бұқара халықтың спортқа ден қоюына түрткі боларлық игі қадамдар және өңірімізден шыққан атақты спортшыларымыз да аз емес. Еліміздің тағы бір қуанышына себепші болған жәйт — спортшылар 2021 жылы Токиода өтетін Олимпиада ойындарына байдарка мен каноэде есуден ХДСШ Емельянов Тимофей мен Емельянов Сергейдің жолдама ұтып алуы! Осыған орай, Шымкент қаласының №3 ОРМБЖСМ-нің басшысы Сугралиев Асқарбек Ағабекұлын Токиода өтетін олимпиада ойындарына спортшылары жеңіп алған жолдамамен құттықтаймыз!

Осы тұста, халықты ұлты мен тіліне, діні мен түр-түсіне бөлмей өзіне ынтызар еткен спорттың мәртебесін ерекше атап кетуге болады. Спорт – адам денсаулығының кепілі, дене шынықтыру — бұл қозғалыс, қозғалыс — бұл өмір. «Тәні саудың — жаны сау» деген сөздің мағынасын жете түсінетін, ынтымағы жарасқан бұл спорт мектебінің алдағы жұмыстарына жеңістер мен сәттілік тілеп, еңбектерінің жемісті нәтижесін көре берсін дегіміз келеді.

«Әділет ақпарат»

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *