ЕЛБАСЫ НЕГІЗІН ҚАЛАҒАН ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

Білім Қоғам
977 Views

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы аясындағы ерекше тарихи датаның бірегейі – Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 25 жылдығы. Расында, азаттық алмасақ, жаңа астана болмас еді. Сондай-ақ, елорда Алматыдан Арқа төсіне көшірілмесе, Еуразия университеті де өмірге келмесі анық.

Бір-бірімен байланыстағы осы Тәуелсіздіктің жеңістері мен жемістері елдігімізді баянды етіп, Қазақстан жолының жаңашыл білім-ғылым мазмұнын байытып тұр. Рас, білім де, ғылым да – ел азаттығының сенімді тірегі, мызғымас өзегі. Бұл ретте Елбасы: «Тәуелсіздіктің туын тігуге қаншалықты қажыр-қайрат керек болса, оны құлатпай ұстауға соншалықты қажыр-қайрат керек», – деп жазған еді. Ойлана қарасақ, қоғамға, әсіресе жас буынға осы ақиқатты яки елдіктің мәнін түсіндіретін – білім жүйесі. Соның ішінде жоғары мектеп пен ғылым өткен мен бүгіннің тәжірибесін салмақтап, болашақтың жөн-жобасын анықтайды. Қателіктерді түзету мен бұрынғыдан сабақ алудың амалын, қағидатын қарастырады. Елорда көшер алдында Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаев: «Тарихымыздың жалғасы, өміршең істеріміздің арнасы бұдан былай да жаңа астанада жалғасын таба беруі тиіс» деген еді. Ұлт көшбасшысының айтқаны айнымай келіп, кешегі Астана, бүгінгі Нұр-Сұлтан қаласынан өңірлерге дейін тарайтын өміршең істердің білім-ғылым бағыты көш басында Еуразия ұлттық университеті жүрді. Еңбекпен абыройы артты, түлекпен беделі өсті.

Бүгін 25 жылдық мерейлі белеске көтерілген Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ширек ғасырлық шежіресін осы оқу орнының әр жылдардағы ректорлары А.Құсайынов (1996-2000), М.Жолдасбеков (2000-2004), С.Әбдіманапов (2004-2008), Б.Әбдірайым (2008-2011), Е.Сыдықов (2011 жылдан бері) талдап-таразылайды.

Амангелді ҚҰСАЙЫНОВ,

тарих ғылымдарының докторы,

профессор

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *