Дүниежүзілік экономикалық форумның жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің ЗИЯТКЕРЛІК МЕНШІКТІ ҚОРҒАУ ИНДИКАТОРЫ

Экономика
641 Views

Жыл сайын Дүниежүзілік экономикалық форуммен елдердің бәсекелестік рейтингі құрастырылып отырады. Дүниежүзілік экономикалық форумның жаһандық бәсекегеқабілеттілік индексі (ДЭФ ЖБҚИ) дүниежүзілік әйгілі рейтинг болып табылады.

ДЭФ ЖБҚИ көрсеткіштерін барлық бағыттар бойынша жақсарту барлық мемлекеттік органдардың міндеті. Осылай ДЭФ ЖБҚИ ҚР орнын жақсарту мақсатында, ҚР Үкіметтің 2015 жылдың 21 сәуірінде мәжілісінің хаттамасымен ДЭФ ЖБҚИ көрсеткіштерін жақсарту мақсатында Жоспар бекітілді.

Жоспар бойынша Әділет Министрлігі 4 индикатор бойынша негізгі орындаушы: меншік құқығы, әкімшілік реттеуде заңдылықтың тиімділігі, дау сұрақтар шешкен кезде заңдылықтың тиімділігі, зияткерлік меншікті қорғау.

Зияткерлік меншік құқықтарын сақтау және қорғау сұрақтарына біздің елімізде ерекше көңіл бөлінеді. Зияткерлік меншік саласында заңдылықты жетілдіру және құқық бұзушылықты анықтау шаралар қабылданады.

Зияткерлік меншік саласындағы проблеманың бірі зияткерлік меншік объектілердің пайдаланушылар болып табылатын кәсіпкерлер түрінде, сонымен қатар шығарма авторларының құқықтық сауаттылық жеткіліксіздігі және зияткерлік меншік объектілерін қорғау және сақтау үшін іс-шара қабылдамайтындығы.

Бүгінгі күнде ҚР Әділет Министрлігімен ДЭФ ЖБҚИ рейтингінде ұстанымды жақсарту үшін және бәсекеге қабілетті 30 елдердің біріне кіруін қамтамасыз ету үшін барлық іс-шаралар қабылдануда.

Сонымен, ДЭФ ЖБҚИ көрсеткіштерін жақсарту мақсатында Түркістан облысының Әділет департаментімен іс-шаралар атқарылып тұрады. Мысалы: «Әділет кеңес береді» акциясы аясында шағын және орта бизнес субъектілеріне зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласында заңдылықтың жаңалықтары түсіндіріледі және Департаменттің интернет ресурсы, әлеуметтік желісі арқылы азаматтарға құқықтық кеңес беріліп тұрады. Жыл басынан, Департаментпен және ауданаралық әділет басқармаларымен Зияткерлік меншік құқығы саласындағы құқықтық түсіндіру жұмысын күшейту мақсатында 49 семинар, 37 дөңгелек үстел, 36 мақала, 23 телеарна және радиода сұхбат, 32 дәріс, 43 кездесу және 112 ақпарат Департаменттің интернет ресурсына жарияланған.

О. ЖОЛДЫБАЕВ,

Түркістан облысының

Әділет департаментінің

бөлім басшысы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *