БҮГІН БӘТІҢКЕСІ, ЕРТЕҢ ТҮРСИІ…

Билік Қоғам
893 Views

Қазір әлеуметтік желіде әкімдерді, оның орынбасарларын, басқарма басшыларын, басқа да басшыларды ұлы етіп, қаһарман етіп көрсеткісі келетін әріптестеріміз пайда болды. Сондағы айтатындарының негізгі түйіні “Пәленше Түгеншеев керемет жұмыс істеуде” дегенге келіп саяды.

Оу, ағайындар, олар жұмыс істесе тегін жұмыс істеп жүрген жоқ, әрқайсысы 400-500 мыңның төңірегінде жалақы алады. Отыз жылдық стажы бар бапкерлердің жалақысы 100 мың теңгеге жете қоймайды. Ал, бұлардың жалақысы жаңағыдай. Басқа табыстарын өздері біледі.

Бүгінше бұндаймен айналысатын әріптестерімнің аты-жөнін атап көрсеткім жоқ. Бірақ, сіздер шектен шыққандарыңызды қоймасаңыздар келешекте аттарыңызды атауға тура келеді. Мәселен, бір әріптесіміз Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исаховты мақтаймын деп, аяқ киімінің шаң-шаң болғанын да ұлылыққа балап жіберіпті. Бауырым, бір күні сен “көрдің бе, мынаны ауыстыруға да уақыты жоқ” деп мақтап отырған замәкімдеріңнің боқ-боқ түрсиін де іліп қоярсың. Мақтап отырғандар да, мақтатып отырғандар да қойсаңдаршы енді… Адамда кішкентай да болса ұят болуы керек қой.

Дәурен АБДРАМАНОВ

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *