ЗИЯТКЕРЛІК МЕНШІКТІ ҚОРҒАУ

Қоғам Құқық
974 Views

Қазақстан егемендік алғаннан бастап, дүниежүзілік қауымдастықтың толыққанды мүшесі болды, сол арқылы халықаралық қатынастарда өзіне сәйкес құқықтар мен міндеттерді қабылдап отыр. Солардың бірі зияткерлік меншікті қорғау. Қазақстан Дүниежүзілік зияткерлік меншік Ұйымының мүшесі, сондықтан да зияткерлік еңбек әрбір азаматтың жеке мүліктік құқығы, немесе оның жеке меншігі. Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 26 шілдедегі «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Заңы Қазақстан Республикасында тауар таңбаларын, қызмет көрсету таңбаларын және тауар шығарылған жерлердің атауларын тіркеуге, құқықтық қорғауға және пайдалануға байланысты туындайтын қатынастарды реттейді.

Тауар таңбасы – бір заңды немесе жеке тұлғаның тауарларын немесе көрсететін қызметкерін екінші бір заңды немесе жеке тұлғалардың осы тектес тауарларын немесе көрсететін қызметтерін ажыратуға мүмкіндік беретін таңба. Тауар таңбасы өнімді дараландыру тәсілі болып табылады, бұл тәсілді меншіктену құқығы заң бойынша зияткерлік меншікке жатқызылады. Тіркелген тауар таңбасына куәлік беріледі. Тауар таңбасы ретінде сөз, бейне көлем және басқа таңбалар немесе олардың құрамдастырылған түрлері тіркелуі мүмкін. Мемлекеттік елтаңбаларды, тулар мен эмблемаларды, халықаралық ұйымдардың қысқартылған немесе толық атауларын; ресми бақылау таңбаларын, кепілдікті және сынамалық таңбаларды, мөрлерді, наградалар мен басқа айырым белгілерін білдіретін таңбалар, Тауар таңбасы ретінде тіркеуге алынбайды. Дегенмен, осы құзырлы органдардың немесе иелерінің келісімі болса, олардың Тауар таңбасына қорғалмайтын нышандар ретінде енгізілуі мүмкін.

Тауар таңбалары фирмалық тауарларға, орамаларға, сызбаларға, анықтамалықтарға, шоттарға, бланкілерге, затбелгілерге және тауарлармен, жұмыстармен, қызметтермен қоса жүретін басқа да құжаттамаларға соғылады. Тауар таңбасы зияткерлік белгілерге жатады және негізгі құрал-жабдықты ақыға сатып алған жағдайда айналымнан тыс активтердің құрамында есептеледі. Егер тауар таңбасын субъектінің өзі әзірлеген болса, онда мұның өзі оның өнімі, тауары деп саналады, оны өткізу сәтінде және тек оны сатып алған тарапта ғана оның бейматериалдық актив деп бағалануы мүмкін. Тауардың арнаулы, ал статистика мақсаты үшін – есеп айырысу сипаты заң жүзінде бөлшек сауданың басты белгісі болып табылады. 2014 жылдың 5 шілдесінде «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің» зияткерлік меншік құқықтары саласына қатысты баптарына бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, 2015 жылдың қаңтар айынан бастап «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекс қолданысқа енгізіліп, тауар белгісін заңсыз пайдаланған жеке және заңды тұлғаларға жауапкершілік біршама күшейтілген.

Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 158бабына сәйкес, бөтен тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін немесе тауаршығарылған жердің атауын немесе біртектес тауарларға немесе көрсетілетінқызметтерге арналған, олармен ұқсас белгілемелерді заңсыз пайдалану, сондай-ақбөтен фирмалық атауды заңсыз пайдалану, егер бұл әрекеттерде қылмыстықжазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, – тауар белгісі, қызмет көрсетубелгісі, тауар шығарылған жер атауы немесе біртектес тауарларға немесе көрсетілетін қызметтерге арналған, олармен ұқсас белгілемелер заңсызбейнеленген тауарлар тәркілене отырып, жеке тұлғаларға – жйырма, шағынкәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық, ірікәсiпкерлiк субъектiлерiне сексен айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұлсалуға әкеп соғады.

Тауар таңбасын пайдаланып, сапасыз өнімдерді өндіру төмендегідей жағдайларға әкеп соғады:

— Заңсыз өнім құқық иегерлері болып табылатын компаниялардың аттарына кір келтіріп, олардың абыройын түсіреді;

— осы өнімдерді пайдаланушы адамдардың наразылықтарын тудырып, оларға моральдық зиян келтіреді;

— адамның денсаулығына, (өміріне) зиян (қауіп) әкелуі мүмкін;

— құқық бұзушылыққа барған адамдар заң жолымен жазаланады.

Сондықтан, әр тұтынушы өзіне қажетті заттарды аларда оның бағасына, сапасына және тауар таңбасына назар аударғаны жөн.

Жоғарыдағылардың негізінде, Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқықтары бөлімі құқығы бұзылған тауар иесінің арызына сәйкес, жоспардан тыс тексерулер жүргізіп Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 158 бабымен әкімшілік істер қозғайды.

Тауар таңбалары туралы заңның 1-бабының 8-тармағына сәйкес, тауар таңбасы, қызмет көрсету таңбасы (бұдан әрі – тауар таңбасы) – бұл осы Заңға сәйкес тіркелген немесе Қазақстан Республикасы қатысатын халықаралық шарттар күшінде тіркеусіз қорғалатын, бір заңды немесе жеке тұлғаның тауарларын (қызметтерін) басқа заңды тұлғаның біртектес тауарларынан (қызметтерінен) ажырату үшін қызмет ететін белгі. Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары Қазақстан Республикасының «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Заңына сәйкес өнеркәсіптік меншік объектілері ретінде қорғалады.

Тауар таңбасы сияқты жекешелендіру құралына айрықша құқығы бар құқық иеленуші оны пайдалануы, айналымға қосуы, сонымен қатар өзіне тиесілі таңбаға иелік етуі мүмкін. Тауар таңбасын пайдалану заңмен белгіленген тәртіпте оны қандай да болмасын айналымға енгізу болып есептеледі.

Тауар таңбасына айрықша құқықтары бұзылды деп есептеген құқық иеленуші өзінің құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін мемлекеттік және сот органдарына шағымдануына болады.

Тауар таңбалары туралы Заңның 7 бабының 1 тармағына сәйкес тауар таңбалары ретінде бiртектес тауарлар мен қызметтер жөнiнде басқа тұлғаның атына неғұрлым ертерек басымдықпен Қазақстан Республикасында тiркелген тауар таңбаларымен Қазақстан Республикасында қорғалатын тауар шығарылған жер атауларымен олар араласып кеткен дәрежеге дейiн бiрдей немесе ұқсас белгiлер тiркелуге жатпайды.

Тауар таңбасын құқықтық қорғауда қажетті шарты оның жаңа болуы болып табылады. Іс-жүзіндегі заңнаманың көзқарасынан бiртектес тауарлар мен қызметтерге қатысты неғұрлым ертерек басымдылығымен ҚР тіркелген тауар таңбаларымен араласып кеткен дәрежеге дейiн бiрдей немесе ұқсас белгiлері болмайтын шартты белгілер жаңа болып есептелінеді.

Зияткерлік меншікті қорғау жүйесі қазіргі кезде ұлттық инфрақұрылымның ажырамас бөлігіне айналған. Жиырма бірінші ғасыр зияткерлік экономика заманына айналды деп айтуға барлық негізі бар, шығармашылық қызмет және оны құқықтық қорғаудың сенімді жүйесі оның дамуында шешуші роль атқаратын болады. Қазақстан Республикасы халықаралық мәдени және ғылыми – техникалық алмасудың толық құқықты қатысушысы ретінде Дүниежүзілік Зияткерлік Меншік Ұйымының (ДСМҰ) мүшесі бола отырып, қазақстандық, сондай-ақ шетелдік құқық иелерінің де қабылданған әлемдік стандарттарға жауап беретін деңгейдегі зияткерлік меншік құқықтарының сақталуын қамтамасыз етуі тиіс.

Нұрлан ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ,

Түркістан облысы Әділет департаментінің

Зияткерлік меншік құқығы бөлімінің бас маманы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *