АВТОСАЛОНДА 20-ҒА ЖУЫҚ АВТОКӨЛІК ТІРКЕЛДІ

Қоғам Құқық
257 Views

Енді автосалоннан жаңа көлік алатын тұтынушыларға көліктерін мамандандырылған ХҚО-да тіркеудің қажеті жоқ.

Автокөлікті тіркеп, мемлекеттік нөмірді таңдап, техпаспортты тікелей автосалонда рәсімдей аласыз. Корпорацияның қызметкері жаңа «Hyundai Otyrar» автосалонында қызмет көрсетеді. Бұл жоба туралы «Азаматтарға арналған үкімет» Шымкент қалалық филиалының өкілдері айтып берді.

«Бұған дейін жаңа көлік сатып алғанда азаматтар қала сыртындағы мамандандырылған ХҚО-ға бару керек болатын. Ал, қазір автокөлік иелері құжаттарын тез әрі ыңғайлы алуы үшін автосалонда біздің қызметкер ДС-ЖМ, 9.00- ден 17.00-ге дейін жұмыс істейді. Жоба жүзеге асырылғалы автосалонда 20-ға жуық автокөлік тіркелді», — деді «Азаматтарға арналған үкіметтің» Шымкент қаласы бойынша филиалының баспасөз хатшысы Алтынай Татаева.

Айта кетейік, жүргізуші куәлігін ауыстыруға, автокөлікті қайта ресімдеуге, нөмірлік белгіні таңдауға, есепке қоюға, мемлекеттік нөмірді жеткізуді ресімдеуге eGov.kz порталында жүзеге асыруға болады.

Анықтама:

«Hyundai Otyrar» автосалон мекенжайы:

С. Бәйтереков көшесі 6а.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *