Түркістан облысы, Бәйдібек ауданына қарасты Жамбыл ауылында заманауи кәсіп өз жұмысын бастады. Үш гектар жерді алып жатқан жылыжай кешенінің жұмысына 750 млн. теңге жұмсалған. «Бақыт-Ислам» ЖШС алғашқы қияр өнімін еліміздің өзге аймақтарына жөнелтуді бастап кетті. Бүгінгі заманның талабына сай, толық жаңа технологиямен қамтылған кешенге, мемлекет тарапынан қолдау көрсетілген. Нақтырақ айтқанда, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының инвестициялық субсидиялау бағдарламасы аясында іске асырылған. Аталмыш субсидия 20 адамды тұрақты жұмыспен қамтуға мүмкіндік берді. Нәтижесінде жылыжай жұмысына халық дән риза. Бүгінде өз өнімін сәтті беріп жатқан жылыжайдан, болашақта 1200 тоннадан астам өнім алу жоспарланып отыр.
МЕМЛЕКЕТТІК СУБСИДИЯ 20 АДАМДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫДЫ
370 Views